"Балық шаруашылығы су айдындарында балық өсіру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 9 тамыздағы № 324 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 2 маусымдағы № 178 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 9 маусымда № 22970 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Балық шаруашылығы су айдындарында балық өсіру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 9 тамыздағы № 324 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 15665 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Балық шаруашылығы су айдындарында балық өсіру қағидаларында:

      2 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) акваөсіру – балық ресурстарының және басқа да су жануарларының жасанды өсімін молайту және өсіру;

      2) балық өсіру – акваөсірудің кәсіпкерлік қызмет мақсатында балықтардың өсімін жасанды молайту және өсіру жөніндегі бағыты;

      3) балық шаруашылығы технологиялық су айдыны – гидротехникалық құрылысжайлардың немесе құрылғылардың көмегімен сумен толтырылатын, акваөсіру объектілерін өсіруге жағдай жасауға арналған, жасанды жасалған су айдыны (тоған, балық өсіру бассейні);

      4) көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығы (бұдан әрі – КТБӨШ) – табиғи және жасанды су айдындарында ихтиофаунаны толық немесе ішінара ауыстыру арқылы жартылай ерікті бақыланатын жағдайларда балықтар мен басқа да су жануарларын өсіру жөніндегі шаруашылық қызмет түрі;

      5) су айдындарына балық жіберу – өз өсімін өзі молайтатын популяцияларды жасау, балықтардың бағалы, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін сақтау және (немесе) тауарлы өнім алу мақсатында су айдындарына және (немесе) учаскелерге балық өсіру материалы мен балықтар жіберу;

      6) сумен қамтамасыз ету циклі тұйықталған балық өсіру шаруашылығы – сумен қамтамасыз етудің тұйықталған циклі технологиясы қолданыла отырып, балықтар мен басқа да су жануарларын қолдан өсірумен байланысты шаруашылық қызмет түрі;

      7) тоғанда балық өсіру шаруашылығы (бұдан әрі – ТБӨШ) – балық шаруашылығы технологиялық су айдындарын пайдалана отырып, балықтар мен басқа да су жануарларын өсіру жөніндегі шаруашылық қызмет түрі

      8) тор қоршамада балық өсіру шаруашылығы (бұдан әрі – ТҚБӨШ) – табиғи және жасанды су айдындарында орналасқан және жартылай ерікті бақыланатын жағдайларда ұстауға мүмкіндік беретін арнаулы құрылғыларда (тор қоршамаларда) балықтар мен басқа да су жануарларын өсіру жөніндегі шаруашылық қызмет түрі.

      7. Балықтарды қолдан өсіруді немесе тауарлы балық өсіруді КТБӨШ, ТБӨШ, ТҚБӨШ, балық өсіру шаруашылықтары, оның ішінде сумен қамтамасыз етудің тұйықталған циклі технологияларын қолдану арқылы жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы 8, 9- тармақтармен толықтырылсын:

      "8. Балық өсіруді (акваөсіруді) жүргізу үшін:

      1) КТБӨШ үшін құндылығы төмен балық түрлері мекендейтін және табиғи балық өнімділігі төмен, көлдер мен су қоймалары, теңіздердің, өзендер мен су қоймаларының бөлінген шығанақтары, жергілікті маңызы бар басқа да оқшауланған су айдындары (немесе) учаскелері;

      2) ТҚБӨШ үшін жартылай ерікті бақыланатын жағдайларда ұстауға мүмкіндік беретін арнаулы құрылғыларда (тор қоршамаларда) балықтар мен басқа да су жануарларын өсіру мақсатында балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері қолданылады.

      9. Балықтарды қолдан өсіру мақсатында табиғи және (немесе) жасанды тоғандарды, күріш чектерін, сондай-ақ басқа да жасанды жасалған су айдындарын пайдалануға жол беріледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Экология, геология және табиғи
      ресурстар министрі М. Мирзагалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады