Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелудің кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2021 жылғы 19 шілдедегі № 214 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 21 шілдеде № 23610 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 47 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.02.2022 № 47 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз.

      "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 3-тармағына және "Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік-тарифтік реттеуі туралы" Кеден одағы комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімінің 7-тармағы 7.1.34) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелуге арналған квотаның мөлшері және қолданылу мерзімі;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталарды бөлу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 15 мамырдан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы
Е. Карашукеев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
2021 жылғы 19 шілдедегі № 214
1-қосымша

Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелуге арналған квотаның мөлшері және қолданылу мерзімі

Тауардың атауы

ЕАЭО СЭҚ ТН коды

Квота мөлшері, тонна

Қолданылу мерзімі

Ақ қант

1701 99 100

134 400

2021 жылғы 15 мамырдан бастап 2021 жылғы 30 қыркүйекке дейін қоса алғанда

Құрақ қанты шикізаты

1701 13
1701 14

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
2021 жылғы 19 шілдедегі № 214
2-қосымша

Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталарды бөлу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталарды бөлу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 3-тармағына және "Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік-тарифтік реттеуі туралы" Кеден одағы комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімінің 7-тармағының 7.1.34 тармақшасына сәйкес әзірленді және құрамында қанты бар өнімдерді өндіруге арналған ақ қантты және өнеркәсіптік өңдеуге арналған құрақ қанты шикізатын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге квоталарды бөлу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) квота – құрамында қанты бар өнімдерді өндіруге арналған ақ қанттың және өнеркәсіптік өңдеуге арналған құрақ қанты шикізатының тіркелген көлемі, ол Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде кедендік әкелу бажын төлеуден босатылады;

      2) тауар:

      ақ қант – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) 1701 99 100 кодымен сыныпталатын және құрамында қанты бар өнімдерді өндіруге арналған ақ қант;

      құрақ қанты шикізаты – өнеркәсіптік өңдеуге арналған ЕАЭО СЭҚ ТН 1701 13 және 1701 14 қосалқы позицияларындағы құрақ қанты шикізаты.

2-тарау. Ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталарды бөлу тәртібі

      3. Уәкілетті орган осы Қағидалар қолданысқа енгізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органның интернет-ресурсында Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталарды бөлуге қатысуға өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру (бұдан әрі – хабарландыру) орналастырады.

      Бөлінбеген ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелуге арналған квоталар көлемі болған кезде хабарландыруды уәкілетті орган 2021 жылғы 16 тамызға дейін орналастырады.

      Хабарландыруда мынадай ақпарат көрсетіледі:

      1) өтінім берушілер арасында бөлінетін квота көлемі;

      2) өтінімдерді қабылдаудың басталу және аяқталу күні мен уақыты;

      3) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты әкелуге квоталарды бөлуге қатысуға арналған өтінім нысаны (бұдан әрі – өтінім);

      4) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталарды бөлуге қатысуға өтінім нысаны (бұдан әрі – өтінім).

      Өтінім берушілердің өтінімдерді ұсынудың соңғы күні хабарландыру орналастырылған күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күнін құрайды.

      4. Өтінім және өтінімге қоса берілетін құжаттар нөмірленеді, тігіледі және өтінім беруші басшысының қолымен расталады.

      Шет тілінде жасалған құжаттар қазақ не орыс тіліндегі аудармасымен ұсынылады. Бір тілден екінші тілге аударманың дұрыстығын не аудармашының қолының түпнұсқалығын "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабына сәйкес нотариус куәландыруы қажет.

      5. Уәкілетті органға ұсынылған өтінім келіп түскен күні кеңседе тіркеледі және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімін өндіру және қайта өңдеу департаментіне (бұдан әрі – Департамент) жолданады.

      Өтінім беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінімдерді қабылдау және әкелінетін тауардың нысаналы мақсатын растауды беру одан кейінгі жақын жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Департамент өтініш берушінің өтінімін арнайы журналда тіркейді, ол нөмірленеді, тігіледі және уәкілетті органның мөрімен бекемделеді.

      6. Департамент өтінімді алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінімді қарайды және толықтығы мен осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексереді.

      Ұсынылған мәліметтердің толық еместігі және (немесе) өтінім осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда, уәкілетті орган осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде өтінім берушіге хабарлама жібереді, онда ұсынылған өтінім қандай талаптарға сәйкес келмейтінін көрсетеді. Хабарлама өтінім беруші өтінімде көрсеткен электрондық мекенжайға жолданады.

      Өтінімді осы Қағидалардың талаптарына сәйкестендіру мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.

      Егер өтінім беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінімді осы Қағидалардың талаптарына сәйкестендірмеген жағдайда, уәкілетті орган өтінім берушіге өтінімді одан әрі қараудан уәжді бас тартуды жолдайды.

      7. Осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін уәкілетті орган 4 (төрт) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелуге арналған квоталар көлемін бөледі.

      8. Уәкілетті орган тауарды әкелуге арналған квоталар көлемін мынадай тәртіппен бөледі:

      1) өтінім берушілер үшін тауар әкелуге квота алу үшін жалпы мәлімделген көлем (бұдан әрі – жалпы мәлімделген көлем) есептеледі;

      2) әрбір өтінім берушінің жалпы мәлімделген көлемдегі үлес салмағы айқындалады;

      3) егер жалпы мәлімделген көлем квотаның көлемінен асып кеткен жағдайда, әрбір өтінім беруші үшін квота көлемі оның жалпы мәлімделген көлемдегі үлесіне пропорционалды мынадай формула бойынша есептеледі:

      Vz= V * Uz,

      мұнда:

      Vz – өтінім беруші квотасының көлемі, тонна;

      V – квотаның жиынтық көлемі, тонна;

      Uz – өтінім берушінің жалпы мәлімделген көлемдегі үлес салмағы, %;

      4) Егер жалпы мәлімделген көлем квота көлемінен аз болса, квота берілген өтінімдерге сәйкес өтінім берушілер арасында бөлінеді.

      9. Қант әкелудің белгіленген жиынтық көлемі шеңберінде құрақ қанты шикізатын әкелу көлемі мынадай формула бойынша есептеледі:

      V = V1 х 0,98,

      мұнда:

      V – қант әкелудің белгіленген жиынтық көлемі шеңберінде құрақ қанты шикізатын әкелу көлемі;

      V1 – Қазақстан Республикасына құрақ қанты шикізатын әкелудің нақты көлемі;

      0,98 – түзету коэффициенті.

      10. Ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталарды бөлу қорытындылары бойынша Департамент 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті орган басшысының қолы қойылған, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкелінетін тауардың нысаналы мақсатын растау жобасын дайындайды.

      Әкелінетін тауардың нысаналы мақсатын растау өтінім берушіге почта арқылы табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен жіберіледі не уәкілетті органның кеңсесі арқылы қолма-қол ұсынылады.

      11. Уәкілетті орган интернет-ресурста квоталарды бөлу қорытындыларын: тауардың атауын, квоталардың бөлінген көлемін көрсете отырып, Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелуге квота алған өтінім берушілердің жиынтық тізбесін орналастырады.

      Уәкілетті орган сондай-ақ бөлінбеген ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелуге арналған квоталардың көлемі туралы мәліметтерді орналастырады.

      12. Ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталар көлемі олар таусылғанға дейін бөлінеді.

      13. Ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталарды бөлу қорытындылары бойынша уәкілетті орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарлардың саны және тауарларды әкелуді жүзеге асыратын ұйымдар туралы жиынтық ақпарат жолдайды.

      14. Өтінім беруші жеңілдік қолданылатын тауар декларациясы күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға ЕАЭО СЭҚ ТН кодын заттай және құндық мәнде көрсете отырып, ақ қанттың және құрақ қанты шикізатының нақты әкелген көлемі туралы еркін нысандағы ақпаратты ұсынады.

  Қазақстан Республикасының
аумағына ақ қантты және құрақ
қанты шикізатын әкелуге
квоталарды бөлу қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты әкелуге квоталарды бөлуге қатысуға өтінім

      ____________________________________________________________________,

      (заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) 1701 99 100 кодымен сыныпталатын және тек қана ____________________ арналған _____________________________________________________________ (әкелу мақсаты көрсетілсін: құрамында қанты бар өнімдерді өндіру үшін) _______________ мөлшерінде ақ қантты әкелуге квота бөлуді сұрайды, сондай-ақ әкелінетін ақ қанттың нысаналы мақсатын растауды беруді сұрайды.

      Жеңілдікті қолдана отырып әкелінетін қанттың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің аумағына қайта жіберілмейтініне кепілдік беремін.

Өтінім беруші


Қызмет түрі (экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші бойынша код)


Өтінім берушінің заңды мекенжайы


Өтінім берушінің телефоны, электрондық почтасы


Өтінім берушінің жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі


Келісімшарттың (шарттың) нөмірі


Келісімшарттың (шарттың) күні


Тауар әкелінетін кеден органы


ЕАЭО СЭҚ ТН коды


Тауардың атауы


Өлшем бірлігі


Саны


Төлем валютасындағы бірлік бағасы


Төлем валютасындағы сома


Өндіруші


Өндіруші ел


      Өтінімге олардың негізінде ақ қантты әкелу жүзеге асырылатын келісімшарттардың (шарттардың) көшірмелері қоса беріледі.

      Басшы ________________________________________ _____________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)            (қолы)

      2021 жылғы "____" ______________

  Қазақстан Республикасының
  аумағына ақ қантты және құрақ
  қанты шикізатын әкелуге
  квоталарды бөлу қағидаларына
  2-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасының аумағына құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталарды бөлуге қатысуға өтінім

      ____________________________________________________________________,

      (заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      өнеркәсіптік өндеуге арналған Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) 1701 13 және 1701 14 қосалқы позицияларының құрақ қанты шикізатын _______________ тонна мөлшерінде әкелуге, Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік-тарифтік реттеуі туралы" Кеден одағы комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімінің 7-тармағының 7.1.34) тармақшасына сәйкес _______________ тонна мөлшерінде қантқа аударуға квота беруді, сондай-ақ әкелінетін құрақ қанты шикізатының нысаналы мақсатын растау беруді сұрайды.

      Жеңілдікті қолдана отырып әкелінетін қанттың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің аумағына қайта жіберілмейтініне кепілдік беремін.

Өтінім беруші


Қызмет түрі (экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші бойынша код)


Өтінім берушінің заңды мекенжайы


Өтінім берушінің телефоны, электрондық почтасы


Өтінім берушінің жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі


Келісімшарттың (шарттың) нөмірі


Келісімшарттың (шарттың) күні


Тауар әкелінетін кеден органы


ЕАЭО СЭҚ ТН коды


Тауардың атауы


Өлшем бірлігі


Саны


Төлем валютасындағы бірлік бағасы


Төлем валютасындағы сома


Өндіруші


Өндіруші ел


      Өтінімге олардың негізінде құрақ қанты шикізатының әкелу жүзеге асырылатын келісімшарттардың (шарттардың) көшірмелері қоса беріледі.

      Басшы ________________________________________ _____________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)            (қолы)

      2021 жылғы "____" _______________

  Қазақстан Республикасының
аумағына ақ қантты және құрақ
қанты шикізатын әкелуге
квоталарды бөлу қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Әкелінетін тауардың нысаналы мақсатын растау

      _______________________________________________________ әкелетін,

      (заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі_____________________

      ____________________________________________________________________

      ______________________________________________________________ сәйкес

      (келісімшарттың (шарттың) деректемелері, оның негізінде ақ қант пен құрақ шикізаты қантын әкелу жүзеге асырылады)

      тауарлар_____________________________________________________________

      (тауардың атауы, саны, келісімшарт (шарт) валютасындағы құны)

      ___________________________________________________ үшін тағайындалған

      (әкелу мақсаты көрсетілсін: құрамында қант бар өнімдерді өндіру үшін немесе өнеркәсіптік өңдеу үшін)

      Министр _____________ ____________________________________

      (қолы)                  (тегі, аты-жөні)

      Мөр орны 2021 жылғы "____" ____________

  Қазақстан Республикасының
аумағына ақ қантты және құрақ
қанты шикізатын әкелуге
квоталарды бөлу қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Тауарлардың саны және тауарларды әкелуді жүзеге асыратын ұйымдар туралы жиынтық ақпарат

Сыртқы сауда қызметіне қатысушының атауы

Жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі

Тауардың атауы

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды

Саны

Өлшем бірлігі

Келісімшарттың (шарттың) деректемелері

Ескерту

1

2

4

5

6

7

8

9

10











Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады