Мемлекеттік орган қабылдаған көмірсутектер және (немесе) уран өндіру саласындағы операциялардың салдарын жою бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етулерді ұсыну және есепке алу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2021 жылғы 22 шiлдедегi № 241 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 27 шiлдеде № 23714 болып тіркелді

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 55-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орган қабылдаған көмірсутектер және (немесе) уран өндіру саласындағы операциялардың салдарын жою бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етулерді ұсыну және есепке алу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің м.а. Ж. Карагаев

  Министрдің м.а.
  2021 жылғы 22 шілдедегі
  № 241 бұйрықпен
  бекітілді

Мемлекеттік орган қабылдаған көмірсутектер және (немесе) уран өндіру саласындағы операциялардың салдарын жою бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етулерді ұсыну және есепке алу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік орган қабылдаған көмірсутектер және (немесе) уран өндіру саласындағы операциялардың салдарын жою бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етулерді ұсыну және есепке алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 55-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік орган қабылдаған көмірсутектер және (немесе) уран өндіру саласындағы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етулерді ұсыну және есепке алу тәртібін айқындайды.

      2. Жер қойнауын пайдаланушының міндеттемелерді орындауы:

      1) мыналар:

      осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған көмірсутектерді барлауға, барлау және өндіру немесе өндіру келісімшарттар үшін жасалған келісімшартта;

      Кодекстің 126-бабының 6-тармағына сәйкес теңізде көмірсутектерге барлау жүргізетін жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарттар;

      көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарттар;

      уран өндіруге арналған келісімшарттар бойынша банктік салым кепілімен.

      2) мыналар:

      осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған көмірсутектерді барлауға, барлау және өндіру немесе өндіру келісімшарттарына үшін жасалған келісімшарттар;

      дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке – ұлттық басқарушы холдингке, көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияға, көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияның еншілес ұйымына және (немесе) көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияның серіктестеріне немесе жер қойнауын пайдаланушылар акцияларының пакетін (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иеленетін олардың еншілес ұйымдарына тиесілі келісімшарттар бойынша кепілдікпен қамтамасыз етіледі.

      Бұл ретте көмірсутектер және (немесе) уран өндіру саласындағы жер қойнауын пайдалану бойынша операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету (бұдан әрі – қамтамасыз ету) Кодекстің 56-бабының 4-тармағына және 57-бабының 7-тармағына сәйкес бекітілген үлгілік нысандар бойынша ұсынылады.

      3. Қамтамасыз ету әрбір жер қойнауы учаскесі бойынша жеке беріледі.

      4. Қамтамасыз ету көмірсутектер және (немесе) уран өндіру саласындағы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу басталғанға дейін ұсынылады.

      5. Кодекстің 55-бабының 7-тармағына сәйкес, егер жер қойнауын пайдаланушы ұсынған қамтамасыз ету онымен байланысты болмайтын себептермен осы Кодекстің талаптарына сәйкес келмейтін болып қалса немесе тоқтатылса, жер қойнауын пайдаланушы күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде мұндай қамтамасыз етуді айырбастауды осы Қағидаларда көзделген тәртіппен жүргізеді.

2-тарау. Көмірсутектер және (немесе) уран өндіру саласындағы жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етуді ұсыну тәртібі

      6. Жер қойнауын пайдаланушы қамтамасыз етуді көмірсутектер және (немесе) уран өндіру саласындағы құзыретті органға (бұдан әрі — құзыретті орган):

      банктік салымның кепіл шарты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 22 ақпандағы № 14 бұйрығымен бекітілген Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы нұсқаулыққа сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 913 болып тіркелген) тіркелгеннен кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

      кепілдік берілген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынады.

      Екі және одан да көп тұлғаның жер қойнауын пайдалану құқығын ортақ иеленуі кезінде қамтамасыз етуді жер қойнауын пайдалану құқығының ортақ иелерінің кез келгені ұсынады.

      7. Қамтамасыз ету құзыретті органға қамтамасыз етуді қабылдау туралы ілеспе хатпен бірге, соңғысына осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген мәліметтерді қағаз жеткізгіштерде қазақ және орыс тілдерінде және оның көшірмелерін электрондық жеткізгіштерде қоса беруге жатады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген, шет тілінде жасалған құжаттар қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен ұсынылады, олардың дұрыстығын "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабына сәйкес нотариус куәландырады.

      8. Құзыретті орган ұсынылған қамтамасыз етуді олар келіп түскен күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде Кодекс және осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды және осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген қамтамасыз етуді қабылдаудан бас тарту үшін негіздер болмаған кезде ұсынылған қамтамасыз ету туралы мәліметтерді осы Қағидалардың 4-тарауына сәйкес жүзеге асырылатын Көмірсутектер және (немесе) уран өндіру саласындағы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етудің тізіліміне (бұдан әрі – Тізілім) енгізеді.

      9. Құзыретті орган қамтамасыз ету туралы мәліметтерді Тізілімге енгізген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей жер қойнауын пайдаланушыны қамтамасыз етудің қабылданғаны туралы хабардар етеді. Қамтамасыз етуді қабылдау туралы хабарламада қамтамасыз ету Тізілімге енгізілген есепке алу нөмірі қамтылады.

      10. Құзыретті орган қамтамасыз етуді қабылдаудан мынадай жағдайларда бас тартады, егер:

      1) қамтамасыз ету тиісті емес болып табылса:

      егер қамтамасыз ету Кодекстің 56-бабының 4-тармағына және 57-бабының 7-тармағына сәйкес бекітілген үлгілік нысандарға сәйкес келмесе;

      егер қамтамасыз ету Кодекстің 55, 56 және 57-баптарында және осы Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкес келмесе;

      егер қамтамасыз етуге уәкілетті адамдар қол қоймаса және (немесе) мөр болмаса (егер мөр Қазақстан Республикасының немесе тіркелетін елдің Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес міндетті болса);

      2) осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылмаса.

      11. Құзыретті орган ілеспе хат және осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген құжаттар келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей қамтамасыз етуді қабылдаудан бас тарту туралы жер қойнауын пайдаланушыға хабарлайды.

      12. Осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген жағдайларда құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушыға қамтамасыз етуді қабылдаудан бас тарту туралы дәлелді жауапты жазбаша нысанда жібереді.

      13. Қамтамасыз етуді қабылдаудан бас тартылған кезде осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген құжаттарды жер қойнауын пайдаланушы осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген негіздер жойылғаннан кейін қайта береді.

      14. Қамтамасыз етуді қабылдаған құзыретті орган: қамтамасыз ету түрін, қамтамасыз ету сомасын, оның қолданылу мерзімін және қамтамасыз етуді берген ұйымның атауын қамтитын қамтамасыз ету туралы ақпаратқа ашық қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

3-тарау. Өзгертілген қамтамасыз етуді ұсыну және Тізілімге өзгерістер енгізу тәртібі

      15. Құзыретті орган бұрын қабылдаған қамтамасыз етуге (бұдан әрі – өзгертілген қамтамасыз ету) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органға өзгертілген қамтамасыз етумен бірге осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген мәліметтерді қағаз жеткізгіштердегі қазақ және орыс тілдерінде және оның электрондық жеткізгіштердегі көшірмелерін қоса бере отырып, оны қабылдау туралы ілеспе хатты жібереді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген, шет тілінде жасалған құжаттар қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен ұсынылады, олардың дұрыстығын "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабына сәйкес нотариус куәландырады.

      16. Құзыретті орган осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген құжаттарды олар келіп түскен күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде Кодекстің және осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.

      17. Құзыретті орган өзгертілген қамтамасыз етуді қабылдаудан бас тартады, егер:

      1) өзгертілген қамтамасыз ету тиісті емес болып табылса:

      егер қамтамасыз ету Кодекстің 56-бабының 4-тармағына және 57-бабының 7-тармағына сәйкес бекітілген үлгілік нысандарға сәйкес келмесе;

      егер қамтамасыз ету Кодекстің 55, 56 және 57-баптарында және осы Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкес келмесе;

      егер өзгертілген қамтамасыз етуге уәкілетті адамдар қол қоймаса және (немесе) мөр болмаса (егер мөр Қазақстан Республикасының немесе тіркелетін елдің Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес міндетті болса);

      2) осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылмаса.

      18. Осы Қағидалардың 19-тармағында көзделген өзгертілген қамтамасыз етуді қабылдаудан бас тарту үшін негіздер болмаған кезде құзыретті орган ұсынылған өзгертілген қамтамасыз ету туралы мәліметтерді Тізілімге енгізеді.

      19. Құзыретті орган өзгертілген қамтамасыз етуді қабылдау туралы мәліметтерді Тізілімге енгізген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіні өзгертілген қамтамасыз етудің қабылданғаны туралы хабардар етеді.

4-тарау. Қамтамасыз етуді есепке алуды жүргізу тәртібі

      20. Қамтамасыз етуді есепке алуды қамтамасыз етуді қабылдайтын құзыретті орган жүргізеді.

      21. Қамтамасыз етуді есепке алу осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тізілімді жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

      22. Қамтамасыз ету тізілімі электрондық нысанда және (немесе) қағаз жеткізгіште жүргізіледі.

      Қамтамасыз ету тізілімі қағаз жеткізгіште жүргізілген жағдайда, оны нөмірлеп, тігіп және мөрмен және:

      1) қамтамасыз етуді қабылдауға жауапты құзыретті органның құрылымдық бөлімшесі басшысының;

      2) құзыретті органның ішкі бұйрығымен айқындалатын құрылымдық бөлімшенің жауапты адамының қолдарымен куәландыру қажет.

      23. Тізілімде көмірсутектер және (немесе) уран өндіру саласындағы жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшартқа жеке бөлім ашылады.

      Қамтамасыз ету тізілімі қағаз жеткізгіште жүргізілген жағдайда құзыретті органның жауапты адамы әрбір жолдың соңына қол қояды.

      24. Тізілімге бастапқы жазба көмірсутектер және (немесе) уран өндіру саласындағы жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт бойынша құзыретті орган қамтамасыз етуді алғаш рет қабылдаған кезде осы Қағидаларға сәйкес қамтамасыз ету қабылданған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірілмей енгізіледі.

      25. Осы Қағидалардың 2 және 3-тарауларына сәйкес қамтамасыз етуді (өзгертілген қамтамасыз етуді) қабылдаған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей Тізілімнің тиісті бағандарына олар туралы жазбалар енгізіледі.

      Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттеме тоқтатылған кезде құзыретті орган бұл туралы Тізілімге тиісті жазба енгізеді.

      26. Қамтамасыз етуге өндіріп алуды қолдану нәтижесінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттеме тоқтатылған жағдайда, құзыретті орган Тізілімге қамтамасыз етуге өндіріп алуды қолдану туралы жазба енгізеді.

      27. Құзыретті орган жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттеме тоқтатылғанға дейін қамтамасыз ету түпнұсқасының тұрақты сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларында белгіленген тәртіппен ол архивке беріледі.

      28. Қамтамасыз етудің қағаз жеткізгіштегі көшірмесі құзыретті органда көмірсутектер және (немесе) уран өндіру саласындағы жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттеме тоқтатылған күннен бастап 3 (үш) жыл бойы сақталады.

      29. Жер қойнауын пайдаланушының (жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған тұлғаның) және (немесе) қамтамасыз етуді берген ұйымның жазбаша сұрау салуы бойынша құзыретті орган 10 (он) жұмыс күні ішінде көмірсутектер және (немесе) уран өндіру саласындағы жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемені тоқтату туралы Тізілімдегі мәліметтердің жазбасы туралы жазбаша растауын ұсынады.

  Мемлекеттік орган қабылдаған
көмірсутектер және (немесе)
уран өндіру саласындағы
операциялардың салдарын
жою бойынша міндеттемелерді
орындауды қамтамасыз
етулерді ұсыну және
есепке алу қағидаларына
1-қосымша

Көмірсутектер және (немесе) өндіру саласындағы жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етуді қабылдау туралы ілеспе хатқа қоса берілетін мәліметтер

Жер қойнауын пайдаланушы туралы мәліметтер

жеке тұлғалар үшін

1.

Тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)


2.

Жеке сәйкестендіру нөмірі


3.

Тұрғылықты жері


4.

Жер қойнауын пайдаланушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер


заңды тұлғалар үшін

5.

Заңды тұлғаның атауы


6.

Бизнес-сәйкестендіру нөмірі


7.

Орналасқан жері


8.

Заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер


Жер қойнауын пайдалану құқығы туралы мәліметтер

9.

Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияның (лицензиялардың) түрі не жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың толық атауы


10.

Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың нөмірі


11.

Жер қойнауын пайдалануға лицензия берілген не жер қойнауын пайдалануға келісімшарт жасалған күн


12.

Барлау аумағын құрайтын блоктар саны


Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етудің жалпы сомасы туралы мәліметтер

13.

Қамтамасыз етудің жалпы сомасы


Ұсынылатын жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету туралы мәліметтер

14.

Жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемелерді орындау: қамтамасыз етудің бір түрімен;
қамтамасыз ету түрлерінің үйлесімінде (түрлерін көрсету) қамтамасыз етіледі.


15.

Қамтамасыз етудің түрі


16.

Қамтамасыз етудің нөмірі және күні


17.

Қамтамасыз етуді берген ұйымның атауы, орналасқан жері


18.

Кепілгер туралы мәліметтер


19.

Қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі


20.

Қамтамасыз етумен жабылатын сома


21.

Қамтамасыз ету сомасының есеп айырылысуы жүргізілген құжат туралы мәліметтер


      Қоса берілетін құжаттардың тізбесі:

      ____________________________________________________________;

      ___________________________________________________________;

      ___________________________________________________________;

      ___________________________________________________________.

      (құжаттардың атауы және беттердің саны) ___________________

      (жер қойнауын пайдаланушының немесе оның уәкілетті өкілінің қолы

      (өтінішті өкіл берген жағдайда, өкілеттілікті куәландыратын тиісті ресімделген құжат қоса беріледі)

      Жер қойнауын пайдаланушы немесе оның уәкілетті өкілі:

      ________________________________________________________________

      (тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) / атауы)

      Толтырылған күні: "__" __________ 20__ жыл

  Мемлекеттік орган қабылдаған
  көмірсутектер және (немесе)
  уран өндіру саласындағы
  операциялардың салдарын жою
  бойынша міндеттемелерді
  орындауды қамтамасыз
  етулерді ұсыну және есепке алу
  қағидаларына
  2-қосымша

Қабылданған көмірсутектер және (немесе) уран өндіру жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етуге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы мәліметтер

Жер қойнауын пайдаланушы туралы мәліметтер

жеке тұлғалар үшін

1.

Тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)


2.

Жеке сәйкестендіру нөмірі


3.

Тұрғылықты жері


4.

Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер


заңды тұлғалар үшін

5.

Заңды тұлғаның атауы


6.

Бизнес-сәйкестендіру нөмірі


7.

Орналасқан жері


8.

Заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер


Бұран ұсынылған қамтамасыз ету туралы мәліметтер

9.

Қамтамасыз етудің есептік нөмірі


10.

Өзгерістер мен толықтырулар енгізудің негіздері немесе себептері



      Қоса берілетін құжаттардың тізбесі:

      _____________________________________________________________;

      _____________________________________________________________;

      _____________________________________________________________;

      _____________________________________________________________.

      (құжаттардың атауы және беттердің саны) __________________

      (жер қойнауын пайдаланушының немесе оның уәкілетті өкілінің қолы

      (өтінішті өкіл берген жағдайда, өкілеттілікті куәландыратын тиісті ресімделген құжат қоса беріледі)

      Жер қойнауын пайдаланушы: ______________________________________________

      (тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) / атауы)

      Толтырылған күні: "__" __________ 20__ жыл

  Мемлекеттік орган қабылдаған
  көмірсутектер және (немесе)
  уран өндіру саласындағы
  операциялардың салдарын
  жою бойынша міндеттемелерді
  орындауды қамтамасыз
  етулерді ұсыну және есепке алу
  қағидаларына
  3-қосымша
  Нысан

Көмірсутектер және (немесе) уран өндіру саласындағы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету тізілімі

№ р/с

Есеп тік нөмірі

Жазба ны енгізу күні

Қамтама сыз етуді ұсынған заңды тұлға ның тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) не атауы

Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияның (лицензиялар дың) түрі не жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың толық атауы

Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия ның не келісімшат тың нөмірі

Жер қойнауын пайдалану ға арналған лицензия берілген не жер қойнауын пайдала нуға арналған келісім шарт жасалған күн

Лицензия ның не жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт тың қолданылу мерзімі

Лицензияның не жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт тың мәртебесі
(қолданыста ғы, кері қайтарып алынған, лицензияның мерзімі өткен, жер қойнауын пайдаланушы лицензиядан бас тартқан)

Жер қойнауы учаскесі аумағының шекаралары (бұрыштық нүктелердің географиялық координатта ры)

Барлау аумағын не жер қойнауы учаскесі (учаскелері) аумағының шекарасын (географиялық координаттар нүктелерін) құрайтын блоктың (блоктардың) саны мен коды (блоктар бойынша қалыптастырылатын жер қойнауы учаскелері үшін)

Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияның не келісімшарттың мерзімі аяқталған кезде таратуды аяқтаудың болжамды күні (мерзімі)


1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12

Қамтамасыз ету түрі (түрлері)

Қамтамасыз етуді (қамтамасыз етулерді) берген ұйымның (ұйымдардың) атауы)

Қамтамасыз ету нөмірі және күні

Қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі

Қамтамасыз етудің жалпы сомасы

Қамтамасыз етумен өтелетін сома

Қамтама сыз ету сомасын өндіріп алу туралы белгі

Қамтамасыз ету сомасын өндіріп алу күні

Жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемені тоқтату туралы белгі

Жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттеменің тоқтатылған күні

Лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады