Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы Экология кодексінің 169-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің ақпарат беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық саясат және тұрақты даму департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі |
М. Мирзагалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Ақпарат
және қоғамдық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Сауда
және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 23 шілдедегі № 267 Бұйрығымен бекітілген |
Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің ақпарат беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің ақпарат беру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 169-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленген және Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің (бұдан әрі – ҰГМҚ) метеорологиялық, гидрологиялық ақпарат пен қоршаған ортаның жағдайы туралы ақпарат беру тәртібін айқындайды.
2. ҰГМҚ жұртшылыққа экологиялық ақпарат беруі Кодекстің 18-20-баптарында көзделген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
3. Тұтынушылар - мемлекеттік органдар, бұқаралық ақпарат құралдары және меншіктің барлық нысанындағы өзге де ұйымдар, жеке тұлғалар.
2-тарау. Ақпарат беру тәртібі
4. Метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг, қоршаған орта жай-күйінің мониторингі саласында жалпы мемлекеттік және халықаралық маңызы бар қызметтерді көрсету нәтижесінде жыл сайын жүргізілетін ақпараттың көлемі қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен ҰГМҚ арасында жасалатын шарттарға сәйкес айқындалады және Кодекстің 166-бабы 3-тармағының екінші бөлігіне сәйкес уәкілетті орган белгілеген бағалар бойынша төленеді.
5. Арнаулы ақпарат Кодекстің 166-бабы 3-тармағының екінші бөлігіне сәйкес уәкілетті орган бекіткен қызмет көрсету бағаларына сәйкес өтеулі негізде шарттар негізінде сұратылған ақпаратты ұсыну кезеңін, мерзімдерін, түрін, көлемін және тәсілін ескере отырып, тұтынушылардың сұрау салулары бойынша ҰГМҚ-ға ұсынылады.
6. Метеорологиялық, гидрологиялық ақпаратты және қоршаған ортаның жай-күйі туралы ақпаратты беру тәртібі ұсынылатын ақпараттың түріне байланысты айқындалады:
жалпы мақсаттағы ақпарат, оның ішінде дауылды метеорологиялық және гидрологиялық ақпарат;
арнаулы ақпарат.
7. Жалпы мақсаттағы ақпарат осы Қағидалардың 1-қосымшасында келтірілген.
8. Мемлекеттік байқау желісін пайдалану арқылы алынған жалпы мақсаттағы ақпарат тұтынушылардың сұраныстары бойынша сұратылған ақпарат құнын төлемей-ақ ұсынылады.
Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығын бағалау мақсатында ҰГМҚ жалпы мақсаттағы ақпаратты халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға жарты жылда бір рет мәтіндік түрде электрондық және (немесе) факсимильді байланыс желілері арқылы ұсынады.
Іріктемені және қосымша талдамалық жұмысты жүргізуді талап ететін ақпаратты ұсынған кезде және оны сұрау салынған нысанда ұсыну мүмкіндігі болған жағдайда, тұтынушылар іріктеменің және қосымша талдамалық жұмыстың ақысын қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген бағалар бойынша төлейді, мемлекеттік органдарды қоспағанда, олардың тізбесі жыл сайын ҰГМҚ және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган арасында жасалатын келісіммен айқындалады.
9. Дауылдық метеорологиялық және гидрологиялық ақпарат тек қана ҰГМҚ-мен беріледі және ол қауіпті және дүлей гидрометеорологиялық құбылыстар туралы дауылды ескертулер мен дауылды хабарландыруларды қамтиды.
Дауылдық ескертулер күтілетін қауіпті және дүлей гидрометеорологиялық құбылыстар туралы болжамдық метеорологиялық және гидрологиялық ақпаратты, дауылды хабарламалар - нақты аумақта басталған қауіпті және дүлей гидрометеорологиялық құбылыстар туралы нақты ақпаратты қамтиды.
Дауылды ескерту мен дауыл туралы ескерту берілген табиғи және қауіпті метеорологиялық және гидрологиялық құбылыстардың атауы мен өлшемдері осы Қағидалардың 2-қосымшасында келтірілген.
10. Дауылдық ескертулер мен дауылдық хабарландыру метеорологиялық және гидрологиялық ақпаратты тұтынушыларға электрондық және (немесе) факсимильдік байланыс желілері бойынша мәтіндік түрде ақысыз беріледі.
Дауылдық метеорологиялық және гидрологиялық ақпаратты беру (қабылдау) фактісі оны беру (қабылдау) күні, уақыты, осындай ақпаратты беруді (қабылдауды) жүзеге асыратын қызметкерлердің тегі көрсетіле отырып, арнайы журналдарда немесе тізілімдерде тіркеледі.
11. Бұқаралық ақпарат құралдарында ҰГМҚ ұсынған жалпы мақсаттағы ақпаратты және дауылдық метеорологиялық және гидрологиялық ақпаратты тарату кезінде оны алу көзіне міндетті сілтеме беріледі.
Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің ақпарат беру қағидаларына 1-қосымша |
Жалпы мақсаттағы ақпарат
Ақпараттық өнім және бақылау түрлері | Метеорологиялық және гидрологиялық деректер |
Жалпы мақсаттағы метеорологиялық және гидрологиялық ақпарат | |
Күнделікті гидрологиялық бюллетень | өзендердегі су деңгейлері биіктігінің мәндеріне шолу; көрсетілген су объектілеріндегі су температурасы, өзендердегі су шығыстары, мұз құбылыстары, өткен тәуліктегі гидрологиялық құбылыстар туралы шолу және алдағы тәуліктегі гидрологиялық құбылыстар туралы болжам |
Гидрологиялық болжамдар |
белгілі бір кезеңдегі өзендер ағынының күтілетін мөлшері туралы; |
Жерге жақын метеорологиялық байқаулар нәтижесінде алынған метеорологиялық деректер | ауа және топырақ температурасының, ауа ылғалдылығының, атмосфералық қысымның, желдің бағыты мен жылдамдығының мәндері, атмосфералық жауын-шашынның мөлшері, қарқындылығы, жауын-шашынның басталу және аяқталу уақыты, метеорологиялық құбылыстардың басталу және аяқталу уақыты және олардың қарқындылығы, жерге жақын метеорологиялық байқаулардың белгіленген бағдарламаларына сәйкес анықталатын басқа да метеорологиялық сипаттамалар мен параметрлер |
Актинометриялық байқаулар нәтижесінде алынған күн радиациясының қарқындылық мәндері | белгіленген актинометриялық байқау бағдарламаларына сәйкес анықталатын шашыраңқы, жиынтық, шағылысқан күн (қысқа толқынды) радиациясы және басқа да актинометриялық сипаттамалар мен параметрлер |
Агрометеорологиялық байқау нәтижесінде алынған агрометеорологиялық деректер | тереңдіктегі топырақтың температурасы, топырақтағы өнімді ылғалдың қоры, ауыл шаруашылығы дақылдары өсімдіктерінің даму фазалары мен параметрлері, агрометеорологиялық байқаулардың белгіленген бағдарламаларына сәйкес анықталатын басқа да агрометеорологиялық сипаттамалар мен параметрлер |
Каспий теңізі бойынша Бюллетень |
теңіз деңгейінің және су бетінің жай-күйіне шолу; |
Каспий теңізінің қазақстандық секторының орта бөлігіне арналған толқын жөніндегі Бюллетень | Каспий теңізінің 5 ауданы бойынша толқудың болжамдары |
Каспий теңізіндегі мұз жағдайына шолу | қазіргі кездегі мұз жағдайларының сипаттамасы. |
Каспий теңізіндегі желқума-айдау құбылыстарына шолу | Қауіпті желқума-айдау құбылыстарының күні мен сипаттамасы; солтүстік-шығыс жағалаудағы желқума-айдау құбылыстарының қауіптілік өлшемшарттары. |
Теңіз станциялары мен бекеттеріндегі бақылау нәтижесінде алынған гидрометеорологиялық деректер | су мен ауа температурасының, желдің жылдамдығы мен бағытының, су деңгейінің, толқынның биіктігі мен бағытының, тұздылықтың және мұз құбылыстарының мәні. |
"Негізгі өзен бассейндері және олардың учаскелері бойынша су ресурстары" фондық кестелерін жасау | Негізгі өзен бассейндері мен олардың учаскелері бойынша су ресурстарын сандық бағалау, олар бақыланатын және шартты табиғи кезең үшін бөлек есептеледі. |
"Қазақстанның барлық аумағы бойынша өзен ағынының ресурстары" фондық кестесін жасау | Жергілікті ағынның су ресурстарын сандық бағалау және шектес аумақтардан бассейндерге ағу |
Климат мониторингінің жыл сайынғы бюллетені | Қазақстанның қазіргі климаттық жағдайы туралы ақпарат. Белгілі бір жалпылау кезеңінде температураның мәнін, атмосфералық жауын-шашын мөлшерін, қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстардың саны мен қарқындылығын келтіре отырып, климаттың өзгеруін ескере отырып, байқалған климаттық ерекшеліктерді бағалау |
Радиолокациялық метеорологиялық бақылаулар нәтижесінде алынған радиолокациялық метеорологиялық деректер | Бұлттылық, жауын-шашын және онымен байланысты ауа райының қауіпті құбылыстары (найзағай, бұршақ, дауыл), жауын-шашынның қарқындылығы мен жинақталған мөлшері, жел параметрлері және бұлттардағы жауын-шашынның фазалық жай-күйі туралы ақпарат |
Аэрологиялық бақылаулар нәтижесінде алынған аэрологиялық деректер | аэрологиялық бақылаулардың белгіленген бағдарламаларына сәйкес анықталатын атмосфераның стандартты беттеріндегі (деңгейлеріндегі) ауа температурасының, ауа ылғалдылығының, желдің бағыты мен жылдамдығының, атмосфералық қысымның мәні |
Бастапқы метеорологиялық деректерді өңдеу және талдау нәтижесі болып табылатын режимдік метеорологиялық ақпарат | Жерге жақын метеорологиялық байқаулардың белгіленген бағдарламаларына сәйкес анықталатын бастапқы метеорологиялық деректерді өңдеу нәтижесі |
Қыстап шығатын ауыл шаруашылығы дақылдарының көктемгі және күзгі кезеңдердегі жай-күйі туралы анықтама | қыстау кезінде күздік дәнді дақылдардың жай-күйін бағалау (бақыланатын учаскеде өсуін тоқтатқан күздік дәнді дақылдардың пайызы). |
Құрғақшылық мониторингі |
гидротермиялық коэффициентті қолдана отырып құрғақшылық мониторингі және |
Онкүндік агрометеорологиялық бюллетень | ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру, қалыптастыру (қыстату), себу және жинау агрометеорологиялық жағдайларына және он күндік метеорологиялық жағдайлардың сипаттамасын, ауыл шаруашылығы және жайылымдық дақылдардың өсуін, дамуы мен жай-күйін бағалауды көрсете отырып, жайылымдарда жұмыстар жүргізуге шолу |
Станциялар бойынша метеорологиялық кесте | агрометеорологиялық бақылаулары бар пункттердің деректері бойынша онкүндіктің негізгі метеорологиялық сипаттамалары (онкүндік бюллетеньге қосымша) |
Топырақтағы өнімді ылғал қоры туралы анықтама | Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ылғал қорының өсу қорытындысымен және 0-20, 0-50 және 0-100 см қабаттағы ылғал қорын көрсете отырып, онкүндік ішіндегі топырақтағы өнімді ылғал қоры |
Жаздық дәнді дақылдардың жай-күйі туралы анықтама | даму фазаларының басталу күнін, биіктігін, қалыңдығын, жай-күйін бағалауды көрсете отырып, онкүндік ішіндегі Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жаздық дәнді дақылдардың жай-күйі |
Қар еру барысы туралы анықтама | Қазақстан Республикасының аумағында қар еру барысы туралы ақпарат, қар еру жағдайлары сипатталған және тұрақты қар жамылғысы бар кезеңді сипаттайтын нақты деректер көрсетілген |
Қысқы және қар жамылғысы түсер алдында күздік дәнді дақылдардың жай-күйі туралы анықтама | күздік дәнді дақылдардың қысқа кетер алдында және қар жамылғысы түскеннен кейін маршруттық тексеру нәтижелері бойынша жай-күйі өсімдіктердің жай-күйінің сипаттамасын және зақымдану дәрежесін қамтиды |
Өсіп-өну кезеңіндегі күздік дәнді дақылдардың жай-күйі туралы есеп | өсімдіктердің жай-күйінің сипаттамасы мен зақымдану дәрежесін көрсете отырып, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша вегетацияның жаңаруы кезеңіндегі күздік дәнді дақылдардың жай-күйі |
Топырақтағы өнімді ылғалдың нақты қоры туралы анықтама | көктемде және күзде маршруттық зерттеу нәтижелері бойынша Қазақстан аумағы бойынша топырақтағы өнімді ылғал қоры ылғал қорын бағалауды қамтиды |
Орташа көпжылдық мәндерге және өткен жылдың мәндеріне қатысты агрометеорологиялық көрсеткіштердің салыстырмалы сипаттамасы | орташа көпжылдық мәндермен және өткен жылдың мәндерімен салыстырғанда өткен кезеңнің (онжылдық, ай, маусым, жыл) нақты метеорологиялық және агрометеорологиялық жағдайларының сипаттамалары. |
Аурулар мен зиянкестердің даму жағдайы туралы анықтама | Қазақстан аумағы бойынша ауа райы жағдайына байланысты ауыл шаруашылығы дақылдарының аурулары мен зиянкестерінің даму шарттары |
Маршруттық фенологиялық тексеру туралы анықтама | Маршруттық фенологиялық зерттеулердің нәтижелері жаздық дақылдардың "жарылу" фазасында және жаздық дәнді дақылдардың "3-ші кезеңі" фазасында қалыптастырылады. |
Белсенді оң температуралар мен тиімді ауа температуралары жиынтықтарының кестелері | орташа тәуліктік температурасы 0 градустан жоғары кезең үшін және орташа тәуліктік температурасы 5 градустан жоғары кезең үшін өсу қорытындысымен онкүндік бойынша Қазақстанның астық аймағының аудандары бойынша (тармақтар бойынша) ауаның белсенді оң температурасы сомасының кестесі; ол вегетациялық кезеңнің ортасында және вегетациялық кезеңнің соңында қалыптасады |
Мемлекеттік климаттық кадастрға қатысты деректер | Деректер құрамы Кодекстің 166-бабының 4-тармағына сәйкес айқындалады |
"Жер үсті сулары" (бұдан әрі – ЖҮС) бөлімі бойынша Мемлекеттік су кадастрына (бұдан әрі - МСК) жататын деректер | Белгіленген бақылау кезеңінде бекітілген жыл сайынғы МСК "Жерүсті сулары" анықтамалық-ақпараттық басылымдарында жарияланған өзендер, көлдер, теңіздер және су қоймалары бойынша бақылау деректері: су деңгейлері мен шығыстарының орташа, ең аз мәндері; су температурасы, мұз қалыңдығы және мұздағы қар биіктігі, мұз құбылыстары туралы мәліметтер, көлдердің су балансы, су бетінен булану, ауа температурасы, жел жылдамдығы, қаныққан су буының қысымы, парциалды қысым және су бетінен жауын-шашын сомасы; Каспий теңізі суының тұздылығы, теңіз толқуы және Каспий теңізінің су балансы, Каспий теңізі мұз режимінің негізгі сипаттамалары, Солтүстік және Орта Каспийдің су бетінің жай-күйіне шолу. |
Мемлекеттік гидрометеорологиялық қорға қатысты деректер | Деректер құрамы Кодекстің 166-бабының 4-тармағына сәйкес айқындалады |
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша күнделікті ауа райы бюллетені | Өткен тәуліктегі метеорологиялық және гидрологиялық жағдайларға шолу, ауа райының қауіпті метеорологиялық және гидрологиялық құбылыстарының болжамы, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша бір тәуліктегі ауа райы болжамы, астана және республикалық маңызы бар қалалар бойынша болжам және климаттық сипаттамалары, қар жамылғысының биіктігі/өрт қаупі |
Қазақстан Республикасы облысы бойынша күнделікті ауа райы бюллетені | Өткен тәулікте метеорологиялық жағдайларға шолу, ауа райының қауіпті метеорологиялық құбылыстарының болжамы, облыс бойынша бір, екі-үш тәулікке ауа райы болжамы, облыстық орталық бойынша болжам және климаттық сипаттамалар, облыстық орталық бойынша өткен тәулікте метеорологиялық мәліметтер |
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша (республика және әр облыс бойынша) бір, екі-үш тәулікке, аптасына, онкүндікке, бір айға арналған ауа райы болжамы | Атмосфералық жауын-шашын, ауа райы құбылыстарының болжамы (боран, тұман, үсік, найзағай, бұршақ және т. б.), жел (бағыты мен жылдамдығы), ауа температурасы (ең төменгі және ең жоғарғы) |
Қазақстан Республикасы облысы бойынша маусымға арналған ауа райы болжамы | Ауа температурасы мен жауын-шашынның климаттық нормадан ауытқу болжамы |
Қазақстан Республикасының пункті бойынша (облыс орталығы және республикалық маңызы бар қалалар) бір тәулікке арналған ауа райы болжамы | Бұлттылық, атмосфералық жауын-шашын, ауа райы құбылыстарының болжамы (боран, тұман, үсік, найзағай, бұршақ және т. б.), жел (бағыты мен жылдамдығы), ауа температурасы (ең төменгі және ең жоғарғы) |
Қазақстан Республикасының облыс бойынша және пункт бойынша (облыс орталығы және республикалық маңызы бар қалалар) қауіпті метеорологиялық құбылыстар туралы дауылды ескертулер | Өзінің қарқындылығы, ұзақтығы және таралу ауданы бойынша қауіпті метеорологиялық құбылыстардың өлшемшарттарына қол жеткізілген ауа райы құбылыстарының болжамы |
Қазақстан Республикасының облыс бойынша және пункт бойынша (облыс орталығы және республикалық маңызы бар қалалар) апатты гидрометеорологиялық құбылыстар/ауа райының күрт өзгеруі туралы дауылды ескертулер | Өзінің қарқындылығы, ұзақтығы және таралу ауданы бойынша апатты метеорологиялық құбылыстардың өлшемшарттарына қол жеткізілген ауа райы құбылыстарының болжамы |
Каспий теңізіндегі гидрометеорологиялық жағдайлар туралы болжам | Теңіз деңгейінің, толқудың және басқа да сипаттамаларының болжамы |
Көктемгі егіс жұмыстарының басталуына топырақтағы өнімді ылғал қорының болжамы | көктемгі егіс жұмыстарының басталуына қарай топырақтың метрлік қабатындағы өнімді ылғал қорының болжамды мәндері |
Жаздық дәнді дақылдарды егудің оңтайлы мерзімдерін болжау | жаздық дәнді дақылдарды себудің болжамды мерзімдері (топырақтың жұмсақ пластикалық жай-күйіне қол жеткізу) |
Жаздық дәнді дақылдардың пісу мерзімдерін болжау | жаздық дәнді дақылдардың дамуы мен жетілуінің негізгі кезеңдерінің болжамды мерзімдері (3-ші жапырақ, масақ) |
Құрғақшылық болу ықтималдығының болжамы | жауын-шашынның стандартталған индексі негізінде құрғақшылықтың ықтимал болжамы |
Дәнді, майлы дақылдар мен қант қызылшасының өнімділігін болжау | дәнді, майлы дақылдар мен қант қызылшасының орташа түсімділігінің болжамды мәндері |
Астық жинаудың агрометеорологиялық жағдайын болжау | жинау жұмыстарын жүргізуге қолайлы жағдайлармен күндердің болжамды саны |
Гидрометеорологиялық ақпарат (15 мамырдан 15 қыркүйекке дейін) | Іле Алатауы бойынша нөлдік изотерма туралы қамтитын деректер, ауа температурасы, жауын-шашын, су деңгейі, шығысы және лайлылығы туралы деректер |
Гидрометеорологиялық ақпарат | ауа температурасы, жауын-шашын, жел және қар жамылғысының биіктігі туралы қамтитын деректер |
Қар көшкінінің алдын алу шараларын жүргізу туралы ұсыныстар | Кіші және Үлкен Алматы өзендерінің бассейндері бойынша ұсынымдар беру |
Жалпы мақсаттағы қоршаған ортаның жай-күйі туралы ақпарат | |
Қоршаған орта объектілерінің сапалық жай-күйі: атмосфералық ауа, жер үсті сулары, атмосфералық жауын-шашын, қар жамылғысы, топырақ, радиациялық фон туралы ақпарат. | Белгілі бір елді мекен немесе бақылау пункті бойынша белгілі бір уақыт кезеңі (бір жолғы, тәулік, ай, тоқсан, жарты жылдық, жыл) үшін ластаушы заттардың шоғырлануы туралы деректер. |
Қоршаған ортаның жай-күйі туралы бюллетень | Ең жоғары-бір реттік және орташа тәуліктік концентрациялар, ластаушы заттардың шекті жол берілетін концентрациясының асып кету саны, жоғары және экстремалды-жоғары ластану жағдайлары туралы ақпаратты қамтитын бюллетень. |
Бір-екі тәулікке қала бойынша ауа ластану деңгейінің болжамы | Бір-екі тәулікке қала бойынша ауа ластану деңгейінің болжамды мәні |
Атмосфералық ауадағы ластаушы заттардың фондық шоғырлануы туралы ақпарат | Атмосфералық ауадағы ластаушы заттардың фондық шоғырлануы туралы ақпарат дайындау (жылына 1 рет) |
Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің ақпарат беру қағидаларына 2-қосымша |
Дүлей және қауіпті метеорологиялық және гидрологиялық құбылыстардың атаулары мен өлшемшарттары
Дүлей құбылыстар | |
өте қатты жаңбыр, сулы қар | атмосфералық жауын-шашын мөлшері 50 мм және одан жоғары, сел қаупі бар аудандарда 12 сағат және одан төмен кезеңде 30 мм және одан жоғары |
өте қатты қар | атмосфералық жауын-шашынның мөлшері 20 мм және одан көп кезең ішінде 12 сағат және одан аз |
өте қатты жел, оның ішінде дауыл және құйын | кез келген ұзақтықта желдің ең жоғары жылдамдығы 30 м/с және одан жоғары |
қатты боран | желдің басым жылдамдығы 15 м/с және одан көп болғанда ұзақтығы 12 сағат және одан көп қарды 500 м және одан кем көру кезінде тасымалдау |
қатты шаңды дауыл | желдің басым жылдамдығы 15 м/с және одан жоғары болғанда 12 сағат және одан жоғары болғанда, көру мүмкіндігі 500 м және одан төмен болғанда қатты желмен шаңның немесе құмның көп мөлшерін тасымалдау |
қатты көктайғақ | көктайғақ станогының сымдарында мұз қабатының шөгуінің диаметрі 20 мм және одан да көп кез келген ұзақтықта |
күрделі шөгінділер | көктайғақ станогының сымдарындағы шөгіндінің диаметрі 35 мм және одан да көп кез келген ұзақтықта |
қатты тұман | көріну 100 м және одан кем, ұзақтығы 6 сағат және одан көп |
ірі бұршақ | градиналардың диаметрі 20 мм және одан да көп кез келген ұзақтықта |
өте қатты аяз | аймаққа байланысты ауаның ең төменгі температурасы -25 °C.... -45°C және одан төмен |
өте қатты ыстық | аймаққа байланысты ауаның ең жоғары температурасы +40 °C-тан... + 45 ° C-қа дейін және одан жоғары |
үсік | кез келген ұзақтығы кезінде ауаның жерге жақын қабатында немесе вегетациялық кезеңде топырақтың бетінде температураның 0°C төмен төмендеуі |
төтенше өрт қаупі | бесінші класқа сәйкес келетін өрт қауіптілігінің көрсеткіші (Нестеров шкаласы бойынша 10000°C және одан жоғары) |
Қауіпті құбылыстар | |
қатты жаңбыр, сулы қар | 12 сағат және одан кем кезеңде атмосфералық жауын-шашынның мөлшері 15-49 мм |
қатты қар | 12 сағат және одан кем кезеңде атмосфералық жауын-шашынның мөлшері 7-19 мм |
қатты жел, оның ішінде дауыл мен құйын | кез келген ұзақтықта желдің максималды жылдамдығы 15-29 м / с |
боран | желдің басым жылдамдығы 15 м/с және одан жоғары болғанда, ұзақтығы 12 сағаттан кем және кез келген көріністе қарды тасымалдау |
дауылды боран | желдің басым жылдамдығы 15 м/с және одан жоғары болғанда 12 сағаттан кем және кез келген көріну кезінде шаңның немесе құмды күшті желмен көп мөлшерде тасымалдау |
көктайғақ | көктайғақ станогының сымдарында мұз қабаты шөгіндісінің диаметрі 1-19 мм кез келген ұзақтықта |
мұз қату | көктайғақ станогының сымдарында мұз қабатының шөгуінің диаметрі 30 мм кез келген ұзақтықта |
тұман | кез келген ұзақтықта көріну 500 м және одан кем |
бұршақ | бұршақ диаметрі 1-19 мм кез келген ұзақтықта |
найзағай | кез-келген |
қатты аяз | аймаққа байланысты ауаның ең аз температурасы -20°C... -40°C |
қатты ыстық | аймаққа байланысты ауаның ең жоғары температурасы +35°C-тан... + 40 ° C-қа дейін |
атмосфералық құрғақшылық | қатарынан 30 күннен кем емес кезеңде тиімді жауын-шашынның болмауы (тәулігіне 5 мм астам) салыстырмалы ылғалдылығы төмен және ауаның ең жоғары температурасы көктемде +20 °C-ден және жазда +25 +30°C-ден жоғары болған кезде ауыл шаруашылығы дақылдарының вегетациясы (немесе құрғақшылықты анықтау әдістемесіне сәйкес неғұрлым жоғары температура кезінде аз күндер саны) |
топырақ құрғақшылығы | өнімді ылғал қоры жазда топырақтың қабатындағы 0-20 см 10 мм артық емес, көктемде топырақтың қабатындағы 0-20 см артық емес 25 мм артық емес, 0-100см 100 мм кем емес және қатарынан үш онкүндік бойы кем емес |
топырақтың ылғалдануы | вегетациялық кезеңде 20 күн қатарынан ылғалдануды көзбен бағалау бойынша 10 - 12 см тереңдікте топырақтың жабысқақ немесе ағымдағы жай-күйі көрсетілген кезеңдердің жекелеген күндері (кезең ұзақтығының 25% - тен аспайтын) топырақтың жұмсақ пластикалық жай-күйіне көшуіне жол беріледі |
аңызақ | 25оС және одан жоғары ауа температурасының, 30% және одан төмен салыстырмалы ауа ылғалдылығының, секундына 5 метр және одан жоғары жылдамдықпен желдің қатарынан 5 күн және одан жоғары бақылау мерзімдерінің біріне үйлесуі |
Судың қауіпті деңгейлері (су тасқыны, жаңбырлы су тасқыны) | елді мекендерді су басуы орын алатын өзендердегі су деңгейінің маңызы |
Жаңбыр генезисінің селі | Нөсер және ұзақ жаңбыр салдарынан пайда болатын сел қаупі туралы ескерту |
Қар көшкінінің түсуі | Кіші және Үлкен Алматы өзендерінің бассейндерінде қар көшкінінің түсу қаупі туралы ескертулер |
Кептеліс | Мұз жүру кезінде мұздың жиналуы, өзеннің жеке учаскесінде арнаның тығыздалуын тудырады және судың ең жоғары деңгейлерінің 10%-нан кем қамтамасыз етілуімен белгілерге дейін су деңгейінің көтерілуін тудырады |
Мұзқұрсау | Күзгі сең жүру кезеңінде және мұз қатудың басында анжыр мен су ішіндегі мұз массаларының жиналуы, өзеннің жеке учаскесінде тығыздық тудырады және судың ең жоғары деңгейінің 10%-нан кем қамтамасыз етілуімен белгілерге дейін судың көтерілуін тудырады |
Төменгі саба | Су деңгейін су тарту құрылыстарының жобалық белгілерінен және нақты пункттердегі кеме қатынасы өзендеріндегі навигациялық деңгейлерден кем дегенде 10 күн ішінде төмендету |
Каспий теңізіндегі желқума-айдау құбылыстары | Қазақстан жағалауының әртүрлі пункттерінде белгіленген қауіпті белгілерден төмен немесе жоғары теңіз деңгейінің өзгеруі; |
Қатты толқу | Жағалаудағы аудандардағы толқындардың биіктігі кемінде 4 м, ашық теңізде кемінде 6 м |