"Резидентурада мемлекеттік тапсырысты орналастыру, оқуға қабылдау және медицина кадрларын даярлау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-270/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 29 шілдедегі № ҚР-ДСМ-70 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 30 шiлдеде № 23785 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Резидентурада мемлекеттік тапсырысты орналастыру, оқуға қабылдау және медицина кадрларын даярлау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21802 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-270/2020 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген Медицина кадрларын резидентурада даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларында:

      5, 6, 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес резидентурада медицина кадрларын даярлауға арналған өтінімдерді облыстардың, республикалық мәні бар қалалардың, астананың денсаулық сақтау саласындағы жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - Тапсырыс беруші) уәкілетті органға белгіленген нысан бойынша жыл сайын 15 наурызға дейін береді.

      6. Медицина кадрларын резидентурада даярлауға тапсырыс берушілерден алынған өтінімдердің негізінде Ұлттық үйлестіруші жыл сайын 10 сәуірге дейін қаржыландыру көзін көрсете отырып, Қазақстан Республикасындағы клиникалық мамандықтар бөлінісінде медициналық кадрлардың жалпы қажеттілігін қалыптастырады және уәкілетті органға және облыстың, республикалық мәні бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі – ЖАО) жібереді.

      7. Резидентурада медицина кадрларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін уәкілетті орган жыл сайын 10 сәуірге дейін білім беру ұйымдарының арасында конкурс жариялайды.

      Конкурс өткізу туралы шешім уәкілетті органның бұйрығымен ресімделеді.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Конкурстық өтінім уәкілетті орган айқындайтын Ұлттық үйлестірушіге конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген сағат пен күннен кешіктірілмей жіберіледі. Конкурстық өтінімдерді беру мерзімі өткеннен кейін келіп түскен конкурстық өтінім кешігу себептеріне қарамастан қаралмайды. Конкурстық өтінімдерге оларды беру мерзімі өткеннен кейін қандай да бір өзгерістер енгізуге жол берілмейді.";

      16-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары үшін "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлік палатасы өткізетін рейтингке қатысу.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Конкурстық комиссия жұмысының нәтижелері бойынша уәкілетті органның бұйрығымен медицина кадрларын резидентурада даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бекітіледі және уәкілетті органның Интернет-ресурстарында жарияланады.".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады