ЗҚАИ-ның ескертпесі
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай тасымалдау және өңдеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін алпыс күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
Н. Ногаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі 2021 жылғы 9 тамыздағы № 257 Бұйрықпен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Бекітуге арналған мәліметтерді қамтитын өндіріс паспортының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 171 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10616 болып тіркелген):
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 3-тармағы 2) тармақшасына және "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген өндірістік паспорттың, оны бекіту туралы ақпараты бар нысаны осы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтары тізбесіне қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Мұнай беру графигін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 191 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17072 болып тіркелген):
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 130-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мұнай беру графигін қалыптастыру қағидаларында:
1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Мұнай беру графигін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 130-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және мұнай беру графигін қалыптастыру тәртібін айқындайды.
2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) графиктен үзінділер – көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган мұнай тасымалдаушы ұйымдарға, мұнай өңдеу зауыттарына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне (бұдан әрі – Комитет) ай сайын қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіште жіберетін толық ақпарат;
2) "Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды бірыңғай мемлекеттік басқару жүйесі" интеграцияланған ақпараттық жүйесі – жер қойнауын пайдалану саласындағы ақпаратты жинауға, сақтауға, талдауға және өңдеуге арналған көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның жер қойнауын пайдалануды бірыңғай мемлекеттік басқару жүйесі;
3) мұнай беру – мұнайды жөнелтушіден қабылдау пунктінен бастап алушыға тапсыру пунктіне дейін оны магистральдық құбыр бойынша қабылдау, тапсыру, айдау, мұнайды басқа магистральдық құбырларға қотару, құю, беру, басқа көлік түріне ауыстырып тиеу, сақтау, араластыру процесі;
4) мұнай өнімдерін өндіруші – меншік құқығында және (немесе) өзге де заңды негіздерде мұнай өңдеу зауыты бар және өндіріс паспортына сәйкес мұнай өнімдерін өндіруді, сондай-ақ өндірілген меншікті мұнай өнімдерін өткізуді және (немесе) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімі болып табылатын мұнай өнімдерін беруді жүзеге асыратын заңды тұлға;
5) мұнай тасымалдаушы ұйым – мұнайды беру жөніндегі қызметтерді көрсететін магистральдық құбырдың және (немесе) басқа көлік түрінің меншік иесі.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Графиктерді қалыптастыру үшін жер қойнауын пайдаланушылар көмірсутектер саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) есепті айдың алдындағы айдың бесіне дейін ай сайын осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша мұнай беру өтінімін (бұдан әрі – өтінім) электронды түрде "Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды бірыңғай мемлекеттік басқару жүйесі" интеграцияланған ақпараттық жүйесі арқылы ұсынады".";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Уәкілетті орган әрбір жер қойнауын пайдаланушы үшін мұнай өнімдерін өндірушіге шикі мұнай жеткізу көлемін айқындайды.
Көлемді айқындау кезінде уәкілетті орган "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітілетін мұнай және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеу және мұнай өнімдерін беру жоспарларын басшылыққа алады.".
3. "Мұнай өнімдерін беру жоспарын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 201 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18757 болып тіркелген):
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 21-7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мұнай өнімдерін беру жоспарын қалыптастыру қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мұнай өнімдерін беру жоспарын қалыптастыру қағидалары";
1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы мұнай өнімдерін беру жоспарын қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағида) "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 7-бабы 21-7) тармақшасына сәйкес әзірленді және Мұнай өнімдерін беру жоспарын қалыптастыру тәртібін анықтайды.
2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) мұнай беруші – өздері өндірген, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес заттай нысанда төленетін салықтар ретінде Қазақстан Республикасы алған, импортталған немесе жер қойнауын пайдаланушыдан тікелей сатып алынған шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын мұнай өнімдерін өндірушіге, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауыттарына беретін жеке немесе заңды тұлға;
2) мұнай өнімдерін беру жоспары – Қазақстан Республикасында өндірілетін мұнай өнімдерін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ай сайынғы қажетсіну көлемі (бұдан әрі – Жоспар);
3) мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган – мұнай өнімдерін өндіруді мемлекеттік реттеу саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган (бұдан әрі – уәкілетті орган);
4) мұнай өнімдерін өндіруші – меншік құқығында және (немесе) өзге де заңды негіздерде мұнай өңдеу зауыты бар және өндіріс паспортына сәйкес мұнай өнімдерін өндіруді, сондай-ақ өндірілген меншікті мұнай өнімдерін өткізуді және (немесе) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімі болып табылатын мұнай өнімдерін беруді жүзеге асыратын заңды тұлға;
5) мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті орган – мұнай өнімдерінің айналымын мемлекеттік реттеу саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
Осы Қағидаларда қолданылатын өзге ұғымдар мен терминдер Заңға сәйкес қолданылады.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Мұнай өнімдерін өндірушіден ағымдағы айға мұнай өнімдерін өндіру көлемі туралы түзетілген деректерді және мұнай берушіден мұнай өнімдерін беруге түзетілген өтінімді алған кезде уәкілетті орган оларды қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Жоспарға өзгерістер енгізеді.
Мұнай өнімдерін өндіру көлемі төмендеген жағдайда, Қазақстан Республикасы аумағынан тысқары жерлерге мұнай өнімдерін беруді қысқарту есебінен, қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерді қоспағанда, қалған мұнай берушілер мен мұнай өнімдерін өндірушілердің Қазақстан Республикасының ішкі нарығына мұнай өнімдерін беру көлемінің пропорционалды өсуі жүргізіледі.".
Бекіту үшін мәліметтерді қамтитын өндіріс паспорты 20___ жылғы есепті кезең
Әкімшілік деректердің нысаны интернет - ресурста орналастырылған: www.gov.kz/memleket/entіtіes/energo
Индексі: № КМӨЗӨП-1 нысан
Мерзімділігі: үш жылда бір рет
Ұсынатындар: Қазақстан Республикасының мұнай өңдейтін зауыттары
Кімге ұсынады: Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі
Ұсыну мерзімі: есепті кезеңнің 20 желтоқсаны
"Бекітемін" Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің __________________ (лауазымы) ____________________________ (Лауазымды тұлғаның (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) ____________________________ (күні, қолы) ұйымның атауы: __________________ Бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі: __________________ жылжымайтын объектінің мекенжайы: _________________ заңды мекенжайы: __________ Телефон нөмірі: ____________ Факс: _________________ Электрондық поштасы: _______ ____________________________ (ұйым басшысының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) ____________________________ (күні, қолы) |
Қызметтің негізгі түрлері (мұнай өнімдерінің түрлері бойынша жазу)________________________________ Мұнай өңдеу бойынша жобалық қуаты (кәсіпорынды жаңғыртуды және қайта реконструкциялауды ескере отырып) ____________________ Мұнай өнімдерін өндірушінің мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасы _________ № ______ (күні) Мұнай өңдеу зауытын пайдалануға беру актісінің ________ № ______ (күні) Негізгі өндіріс бойынша ақпарат Өндірілетін мұнай өнімдерінің негізгі түрлері
1-кесте
№ р/с | Өндірілетін өнімнің және жартылай фабрикаттардың атауы* |
Техникалық сипаттамалары | Ескертпе |
1. | |||
2. | |||
3. | |||
4. |
Ескертпе:
Әр қондырғының өнімділігі және шығарылатын өнімнің түр-түрі шикізатпен жүктеуге және өңделетін мұнайдың түр-түріне байланысты көрсетіледі.
Жабдықтарды пайдалану регламенті
2-кесте
№ р/с | Мұнайды өңдеуге арналған қондырғының және жабдықтың атауы | Өндірістің технологиялық процесін сақтау үшін қолда бар жабдықты пайдаланудың сипаттамасы |
1. | ||
2. | ||
3. | ||
4. |
Өндірісте қолданылатын резервуарлар
3-кесте
№ р/с | Өнімді және жартылай фабрикаттарды сақтауға арналған резервуарлық парктің атауы | Резервуарлардың саны (дана.) | Өлі қалдықтары бар резервуарлардың жалпы сыйымдылығы (тонна) | Тауарлық өнім бойынша резервуарлардың сыйымдылығы (тонна) |
1. | ||||
2. | ||||
3. | ||||
4. |
Ескертпе:
1, 2, 3-кестелер (зауыттың) кәсіпорынның жаңғыртылуына және реконструкциялануына қарай түзетіледі.
Жыл ішінде айлар бөлінісінде мұнай өңдеу және мұнай өнімдерін өндірудің жоспарлы көлемдері 20__ – 20__ жылдар (мың тонна)
4-кесте
№ | Мұнай өнімінің атауы* | Айлар | Барлығы, жыл ішінде | |||||||||||
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | желтоқсан | |||
1. | ||||||||||||||
2. | ||||||||||||||
3. | ||||||||||||||
4. |
Өндіріс паспорты келісуге үш данада нөмірленген және тігілген түрде ұсынылады.
* Өнеркәсіп өнімінің (тауарлар, қызмет) статистикалық жітеуішіне (ӨТСК) ВК – 002 ред. 4 (19.20.4 сәйкестендіру блогы) сәйкес келтірілді.
* Шикі мұнай сатып алуды және мұнай өңдеу зауыттарына жеткізуді зауыт иесі еркін нарықта өз бетімен камтамасыз етеді.
* Қазақстан Республикасынан мұнай өнімдерінің заңсыз экспорты анықталған жағдайда, уәкілетті орган өндіріс паспортын қайтаратын болады.