Мұнай өнімдерін беру жоспарын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 201 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 31 мамырда № 18757 болып тіркелді.

      "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 21-7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 09.08.2021 № 257 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін алпыс күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Мұнай өнімдерін беру жоспарын қалыптастыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2019 жылғы 30 мамырдағы
№ 201 бұйрығымен
бекітілген

Мұнай өнімдерін беру жоспарын қалыптастыру қағидалары

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 09.08.2021 № 257 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін алпыс күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы мұнай өнімдерін беру жоспарын қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағида) "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 7-бабы 21-7) тармақшасына сәйкес әзірленді және Мұнай өнімдерін беру жоспарын қалыптастыру тәртібін анықтайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 09.08.2021 № 257 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін алпыс күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) мұнай беруші – өздері өндірген, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес заттай нысанда төленетін салықтар ретінде Қазақстан Республикасы алған, импортталған немесе жер қойнауын пайдаланушыдан тікелей сатып алынған шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын мұнай өнімдерін өндірушіге, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауыттарына беретін жеке немесе заңды тұлға;

      2) мұнай өнімдерін беру жоспары – Қазақстан Республикасында өндірілетін мұнай өнімдерін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ай сайынғы қажетсіну көлемі (бұдан әрі – Жоспар);

      3) мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган – мұнай өнімдерін өндіруді мемлекеттік реттеу саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган (бұдан әрі – уәкілетті орган);

      4) мұнай өнімдерін өндіруші – меншік құқығында және (немесе) өзге де заңды негіздерде мұнай өңдеу зауыты бар және өндіріс паспортына сәйкес мұнай өнімдерін өндіруді, сондай-ақ өндірілген меншікті мұнай өнімдерін өткізуді және (немесе) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімі болып табылатын мұнай өнімдерін беруді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      5) мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті орган – мұнай өнімдерінің айналымын мемлекеттік реттеу саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

      Осы Қағидаларда қолданылатын өзге ұғымдар мен терминдер Заңға сәйкес қолданылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 09.08.2021 № 257 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін алпыс күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Мұнай өнімдерін беру жоспарын қалыптастыру тәртібі

      3. Жоспар Қазақстан Республикасы ішкі нарығының мұнай өнімдеріне деген қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз ету мақсатында ай сайын қалыптастырылады.

      4. Жоспарды қалыптастыру үшін ай сайын есепті айдың алдындағы айдың жиырма екінші күніне дейін мұнай өнімдерін өндірушілер мұнай берушілерге және уәкілетті органға жоспарланған айға мұнай өнімдерін өндіру көлемін ұсынады.

      Мұнай берушілер ай сайын есепті айдың алдындағы айдың жиырма үшінші күніне дейін уәкілетті органға осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша мұнай өнімдерін беруге өтінімді ұсынады.

      5. Уәкілетті орган жоспарланған айдың алдындағы айдың жиырма бесінші күнінен кешіктірмей Заңның 23-бабына сәйкес, сондай-ақ жоспарланған айға мұнай өнімдерін өндіру көлемінің және мұнай берушілер өтінімдерінің негізінде Жоспарды бекітеді және оны өзінің интернет-ресурсында жариялайды.

      6. Заңның 18-бабының 7-тармағына сәйкес Жоспарда:

      1) қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерді қоспағанда, мұнай берушілер мен мұнай өнімдерін өндірушілердің тізбесі;

      2) қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерді қоспағанда, әрбір мұнай беруші мен мұнай өнімдерін өндіруші алдағы күнтізбелік айда Қазақстан Республикасының ішкі нарығына жеткізетін мұнай өнімдерінің әрбір түрінің көлемі:

      тікелей жеткізу шеңберінде;

      Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес тауар биржалары арқылы көрсетіледі;

      3) қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерді қоспағанда, әрбір мұнай беруші мен мұнай өнімдерін өндіруші Заңда белгіленген шарттарға сәйкес алдағы күнтізбелік айда Қазақстан Республикасының аумағында немесе одан тысқары жерлерге өзінің қалауы бойынша өткізетін мұнай өнімдерінің әрбір түрінің көлемі көрсетіледі.

      7. Қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерді қоспағанда, әрбір мұнай беруші мен мұнай өнімдерін өндіруші ішкі нарыққа жеткізетін мұнай өнімдерінің әрбір түрінің көлемі оларды қайта өңдеу көлеміне пропорционалды анықталады.

      8. Жоспар бекітілгеннен кейін бір жұмыс күні ішінде мұнай берушілерге, мұнай өнімдерін өндірушіге, сондай-ақ мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органға жіберіледі.

      9. Мұнай өнімдерін өндірушіден ағымдағы айға мұнай өнімдерін өндіру көлемі туралы түзетілген деректерді және мұнай берушіден мұнай өнімдерін беруге түзетілген өтінімді алған кезде уәкілетті орган оларды қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Жоспарға өзгерістер енгізеді.

      Мұнай өнімдерін өндіру көлемі төмендеген жағдайда, Қазақстан Республикасы аумағынан тысқары жерлерге мұнай өнімдерін беруді қысқарту есебінен, қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерді қоспағанда, қалған мұнай берушілер мен мұнай өнімдерін өндірушілердің Қазақстан Республикасының ішкі нарығына мұнай өнімдерін беру көлемінің пропорционалды өсуі жүргізіледі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 09.08.2021 № 257 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін алпыс күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Мұнай өнімдерін өндірушінің техникалық мүмкіндіктері расталған жағдайда, уәкілетті орган Жоспарға өзгерістерді бекітеді.

      Мұнай өнімдерін өндіруші техникалық мүмкіндігі туралы растаманы еркін нысанда уәкілетті органға оның жедел сұранымы бойынша бір жұмыс күні ішінде береді.

      11. Жоспарға өзгерістер Жоспар бекітілгеннен кейін бір жұмыс күні ішінде мұнай берушілерге, мұнай өнімдерін өндірушілерге орындау үшін және мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органға жіберіледі.

  Мұнай өнімдерін беру
жоспарын қалыптастыру
қағидаларына қосымша
  Нысан

Мұнай өнімдерін беруге өтінім

      Мұнай берушінің атауы:

      1) Есепті ай:

      2) Жоспарланып отырған ай:

      3) Мұнай өңдеу зауыты:

Мұнай өнімінің атауы

Өндірістің жоспарланған көлемі

Қазақстан Республикасының ішкі нарығына жеткізу

Қазақстан Республикасы аумағынан тысқары жерлерге жеткізу

1.

Автомобиль бензиндері




1.1

Аи-80 К4/К5




1.2

Аи-92 К4/К5




1.3

Аи-95 К4/К5




1.4

Аи-98 К4/К5









2.

Дизель отыны




2.1

Жазғы К4/К5




2.2

Маусымаралық К4/К5




2.3

Қысқы К4/К5




2.4

Арктикалық К4/К5









3.

Реактивті қозғалтқыштарға арналған отын




3.1

РТ




3.2

ТС-1




3.3

Джет А-1









      Бірінші басшы:                               Қолы:

                                                      Күні:

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады