Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында оқулық басылымдары мен оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынамақтан өткізу, басып шығару және оларға мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 26 тамыздағы № 419 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 28 тамызда № 24141 болып тіркелді.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнында оқулық басылымдары мен оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынамақтан өткізу, басып шығару және оларға мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
Ю. Ильин

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
2021 жылғы 26 тамыздағы
№ 419 бұйрығымен
бекітіліген

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнында оқулық басылымдары мен оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынамақтан өткізу, басып шығару және оларға мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнында оқулық басылымдары мен оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынамақтан өткізу, басып шығару және оларға мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – "Білім туралы" Заң) 5-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Қағидалар Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнында (бұдан әрі – ТЖМ-ның арнаулы оқу орны) оқулық басылымдары мен оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынамақтан өткізу, басып шығару және оларға мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

      3. Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

      1) автор – шығармашылық еңбегімен ғылым, әдебиет, өнер туындысын жасаған жеке тұлға;

      2) авторлық ұжым – серіктес авторлар ретінде жинақталған жеке тұлғалар тобы;

      3) әзірлеуші – оқу әдебиеттерінің мазмұнын жобалаумен, мазмұндаумен және ресімдеумен айналысатын жеке немесе заңды тұлға;

      4) оқулық басылымдары мен оқу-әдістемелік кешендерді сынамақтан өткізу – ТЖМ-ның арнаулы оқу орнындағы оқу процесінде оқулық басылымдары мен оқу – әдістемелік кешендерді пайдалану практикасын енгізу және кешенді зерделеу;

      5) оқулық басылымдары мен оқу-әдістемелік кешендердің мониторингі – ТЖМ-ның арнаулы оқу орнының оқу процесіне оқулық басылымдары мен оқу-әдістемелік кешендерді енгізу нәтижелері бойынша ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және тарату;

      6) оқулық басылымы – нақты білім беру (оқу) бағдарламасы бойынша оқу процесінде пайдалануға арналған басылым;

      7) оқу-әдістемелік кешен – білім алушылардың оқу пәндерінің (пәндерінің) мазмұнын меңгеруін қамтамасыз етуге бағытталған жекелеген оқу және әдістемелік материалдардың жиынтығы.

2-тарау. Оқулық басылымдары мен оқу-әдістемелік кешендерді дайындау тәртібі

      4. Оқу басылымдары мен оқу-әдістемелік кешендерді дайындауды автор (авторлық ұжым, әзірлеуші) "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 2 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуі тізілімінде № 28916 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 2 бұйрық) 1-қосымшаға сәйкес Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына және № 2 бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (бұдан әрі-МЖМБС) сәйкес жүзеге асырады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 13.10.2023 № 554 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Автор (авторлық ұжым, әзірлеуші) мынадай талаптарды ескере отырып, оқулық басылымдары мен оқу-әдістемелік кешендерді дайындауды жүзеге асырады:

      1) оқу пәні (пәндері) бойынша неғұрлым өзекті білімді енгізу;

      2) ұсынылған оқу және әдістемелік материалдың дұрыстығы;

      3) білім алушылар контингентін есепке алу (білім беру бағдарламасы бойынша);

      4) оқу материалы мазмұнының кәсіби, практикалық бағыттылығы.

      6. Оқулық басылымдары мен оқу-әдістемелік кешендердің авторлық ұжымының құрамына ғалымдар, ғылыми қызметкерлер (әскери қызметшілері), оқытушылар, оқу басылымының бейіні бойынша оқытушы-әдіскерлер, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі – ТЖМ) қызметкерлері (әскери қызметшілер) кіреді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 13.10.2023 № 554 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Оқу-әдістемелік кешендерді дайындау тиісті кафедраларда (циклдарда) жүзеге асырылады.

      8. Кафедрадағы (циклдегі) оқу-әдістемелік кешендер оқу жылы басталғанға дейін әзірленеді.

      9. Рецензенттің, автордың (авторлық ұжымның, әзірлеушінің) ескертулеріне сәйкес дайындалған және пысықталған қолжазба мен алынған рецензиялар ТЖМ-ның арнаулы оқу орны кафедрасының (цикл, факультет, институт) отырысында талқыланады.

      10. Кафедра (цикл, факультет, институт) отырысында оқулық басылымдарының немесе оқу-әдістемелік кешендердің жобаларын қарау нәтижелері бойынша үш жұмыс күні ішінде мынадай шешімдердің бірі қабылданады:

      оқу-әдістемелік (ғылыми) кеңесте талқылау және мақұлдау үшін оқулық басылымын немесе оқу-әдістемелік кешенді ұсыну;

      оқу-әдістемелік (ғылыми) кеңесте талқылау және мақұлдау үшін оқулық басылымын немесе оқу-әдістемелік кешенді ұсынбау.

      Кафедра (цикл, факультет, институт) отырысында оқулық басылымдарының немесе оқу-әдістемелік кешендердің жобаларын іріктеу кезінде шешім қабылдау үшін өлшемшарттар мыналар болып табылады:

      грамматикалық, пунктуациялық, стилистикалық қателердің болмауы;

      кемінде екі тақырыптық рецензияның болуы:

      1) ішкі (басылымның ерекшелігіне сәйкес ғылыми дәрежесі бар тұлғаның атынан);

      2) сыртқы (басылымның ерекшелігі немесе тақырыбы бойынша кемінде 10 жыл жұмыс тәжірибесі бар азаматтық қорғау органы маманынан).

      11. Кафедра (цикл, факультет, институт) отырысының оқулық басылымдарының немесе оқу-әдістемелік кешендердің жобаларын оқу орнының оқу-әдістемелік (ғылыми) кеңесінде талқылауға жіберу туралы шешімін отырысқа қатысқан кафедра (цикл, факультет, институт) мүшелері ашық дауыс беру негізінде көпшілік дауыспен қабылдайды. Кафедра (цикл, факультет, институт) отырысының қорытындысы бойынша шешім, егер оған кафедра (цикл, факультет, институт) мүшелерінің кемінде 2/3 қатысса, заңды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда кафедра (цикл, факультет, институт) бастығының дауысы шешуші болып табылады.

      12. Кафедралар (циклдар) оқу-әдістемелік кешенді оқу процесін оңтайландыратын пәнді оқыту ерекшеліктерін көрсететін әдістемелік құжаттардың түрлерімен толықтырады.

      13. Кафедра (цикл) оқулық басылымдарының немесе оқу-әдістемелік кешендердің жобаларын ұсыну туралы шешім қабылдаған кезде автор(лар) оларды қарау үшін оқу-әдістемелік (ғылыми) кеңеске жібереді. Оқу-әдістемелік (ғылыми) кеңес отырысқа дейін оқулық басылымдарының немесе оқу-әдістемелік кешендердің жобаларына сараптама жүргізеді. Қарау нәтижелері бойынша оқу-әдістемелік (ғылыми) кеңес бір ай ішінде оқулық басылымдарының немесе оқу-әдістемелік кешендердің жобаларын басып шығаруды және оқу процесінде пайдалануды ұсынады немесе бас тартады.

      Оқулық басылымдарының немесе оқу-әдістемелік кешендердің жобаларын іріктеу кезінде оқу-әдістемелік (ғылыми) кеңестің отырысында шешім қабылдау үшін өлшемшарттар мыналар болып табылады:

      кафедра отырысының оң шешімінің болуы;

      оң сараптамалық қорытынды;

      оқулық басылымдары немесе оқу-әдістемелік кешендер жобаларының білім беру бағдарламаларына сәйкестігі.

      14. Оқу-әдістемелік (ғылыми) кеңесі баспа туралы шешім қабылдаған кезде оқулық басылымын редакциялау және беттеу үшін редакциялық-баспа жұмысын ұйымдастыру жөніндегі бөлімге (бөлімшеге) беріледі. Редакторлық жұмыстан кейін оқулық басылымы баспаханаға тираждау үшін жіберіледі.

3-тарау. Оқулық басылымдары мен оқу-әдістемелік кешендерді сараптау тәртібі

      15. Оқулық басылымдары мен оқу-әдістемелік кешендерді сараптау мазмұнының МЖМБС талаптарына, ғылыми зерттеулерге, білім алушыларды оқыту, дамыту мақсаттарына, психологиялық-педагогикалық ғылымның қазіргі заманғы талаптарына сәйкестігін бағалау мақсатында жүзеге асырылады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 13.10.2023 № 554 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Оқулық басылымдарына сараптаманы оқу-әдістемелік (ғылыми) кеңес тағайындайтын, ғылыми дәрежесі, бейіні бойынша PhD немесе доктор дәрежесі бар және оқу басылымы дайындалған салада мамандар болып табылатын профессор-оқытушылар құрамы қатарынан сарапшылар өткізеді.

      17. Сарапшылардың қорытындысы негізінде (құпиялылық режимін сақтау және оқу пәндерінің сәйкестігі бойынша) оқу-әдістемелік (ғылыми) кеңес оқу басылымын басып шығаруға және оқу процесінде пайдалануға ұсыным жасайды немесе бас тартады.

      18. Автор (авторлық ұжым немесе әзірлеуші) оқу-әдістемелік (ғылыми) кеңеске оқулық басылымын қарау және мақұлдау туралы баянат (өтінім) жібереді, онда автор (авторлық ұжым, әзірлеуші) оның негізгі бетіне сәйкес, басылымның атауы, тілі, жылы көрсетіледі.

      Баянатқа (өтінімге):

      1) кафедра (цикл) отырысы хаттамасынан үзінді;

      2) автор (авторлық ұжым, әзірлеуші) туралы мәліметтер;

      3) басып шығарылған және электрондық нұсқадағы қолжазба;

      4) оқу басылымына түсіндірме жазба;

      5) екі рецензия – ішкі және сыртқы;

      6) еркін түрдегі орнату жөніндегі нұсқаулық және пайдаланушыға арналған нұсқаулық (электрондық оқу басылымдары үшін);

      7) оқулық басылымын немесе оқу-әдістемелік кешенді авторға сілтеме жасамай-ақ оларда қарыз алудың (плагиаттың) бар-жоғын тексеру нәтижелері туралы анықтама қоса беріледі.

      Оқулық басылымы немесе оқу-әдістемелік кешен үшін қарыз алудың (плагиаттың) жол берілетін деңгейі ТЖМ-ның арнаулы оқу орны Ғылыми кеңесінің шешімімен қабылданады.

      Жаңадан дайындалған оқулық басылымдарына түсіндірме жазба басылымның негізгі тұжырымдамалық идеяларын, әзірлеудің өзектілігін, МЖМБС, үлгілік оқу бағдарламасының талаптарын іске асыруды, қайта басып шығарылатын оқулық басылымдары үшін – автор (авторлық ұжым, әзірлеуші) енгізген толықтырулар мен өзгерістерді қамтиды.

      19. Бір оқулық басылымын және оқу-әдістемелік кешенді сараптау күнтізбелік алпыс күнге дейін ұйымдастырылады және жүргізіледі.

      20. Сараптамалық қорытындыда мынадай шешімдердің бірі көрсетіледі:

      1) басып шығаруға және оқу процесінде пайдалануға ұсынылады;

      2) басылымға ұсынылмайды.

      21. Автор (авторлық ұжым, әзірлеуші) сараптама нәтижелерімен келіспеген жағдайда оқулық басылымдарының немесе оқу-әдістемелік кешендердің жобаларына қосымша сараптама жүргізіледі, оны жүргізу осы Қағидалардың 16-тармағына сәйкес басқа сарапшыларға тапсырылады.

      22. Басылымға және оқу процесінде пайдалануға ұсынылмаған оқулық басылымын автор (авторлық ұжым, әзірлеуші) ескертулер пысықталғаннан және жойылғаннан кейін қайта сараптамаға ұсынады.

      23. Қайталама және қосымша сараптамаларды жүргізу мерзімі күнтізбелік 30 күнді құрайды. Қайта қабылданбаған оқулық басылым бір жыл ішінде сараптамаға қабылданбайды. Қайталама және қосымша сараптамалар осы Қағидалардың 13, 16-тармақтарында көзделген тәртіппен жүргізіледі.

      24. Оқу-әдістемелік кешендердің сараптамасы кафедралардың бірлескен әдістемелік отырыстарында жүргізіледі.

4-тарау. Оқулық басылымдарын сынамақтан өткізу тәртібі

      25. Жаңадан әзірленген оқулық басылымдарын сынамақтан өткізу бір оқу жылы ішінде жүргізіледі.

      26. Сынамақтан өткізу оқулық басылымын оқу процесіне кейіннен енгізу мақсатында жүргізіледі, бұл тиісті енгізу актісінде көрсетіледі.

      27. Сынамақтан өткізу жүргізілгеннен кейін бір оқу жылы өткеннен кейін оқулық басылымын оқу процесіне енгізу актісі рәсімделеді.

5-тарау. Оқулық басылымдарын шығару тәртібі

      28. Оқулық басылымдарын шығару оң сараптамалық қорытынды және оқу-әдістемелік (ғылыми) кеңестің ұсынымы негізінде ТЖМ арнаулы оқу орнының немесе автордың (авторлық ұжымның, әзірлеушінің) қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      29. ТЖМ-ның арнайы оқу орнының баспаханасында басып шығару үшін оқулық басылымы редакциялық-баспа жұмысын ұйымдастыру бөлімшесі қалыптастыратын басылымның жыл сайынғы тақырыптық жоспарына енгізіледі.

      30. Автор (авторлық ұжым, әзірлеуші) түзетілген, толықтырылған, қайта өңделген, қайта қаралған, аударылғанды қайта басып шығаруды жүзеге асырады.

6-тарау. Оқулық басылымдары мен оқу-әдістемелік кешендерге мониторинг жүргізу тәртібі

      31. Білім берудің барлық деңгейлеріндегі оқулық басылымдарына мониторингті оқу-әдістемелік бөлімше (орталық, бөлім):

      1) оқулық басылымдары мен оқу-әдістемелік кешендердің сапасын жақсарту;

      2) оқу процесінің қамтамасыз етілуін және ТЖМ-ның арнаулы оқу орнының оқу процесіне оқу әдебиетімен енгізу деңгейін талдау.

      32. Оқу-әдістемелік кешендердің мониторинг жүргізуді кафедра (цикл) және оқу-әдістемелік бөлімше (орталық, бөлім) оқу процесінде оның сапасы мен пайдалану тиімділігін жақсарту мақсатында жүргізеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады