БҰЙЫРАМЫН:
"Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 шілдедегі № 427 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11920 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
"Құқықтық ақпарат беру" ең төмен әлеуметтік стандарты осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
"Құқықтық консультация беру" ең төмен әлеуметтік стандарты осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
"Адвокаттардың жеке тұлғалардың мүдделерін қорғауы мен білдіруі" ең төмен әлеуметтік стандарты осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
М. Бекетаев |
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 27 тамыздағы № 751 Бұйрыққа 1-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Әділет министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 шілдедегі № 427 бұйрығына 1-қосымша |
"Құқықтық ақпарат беру" ең төмен әлеуметтік стандарты
1. Ең төмен әлеуметтік стандартты әзірлейтін және бекітетін орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі.
2. Негізінде ең төмен әлеуметтік стандарт қолданылатын нормативтік құқықтық актілердің тізбесі:
1) "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
2) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі.
3. Ең төмен әлеуметтік стандарттың мақсаты: Ең төмен әлеуметтік стандарт азаматтарға құқықтық ақпарат беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетудің талаптары мен шарттарын айқындайды.
4. Ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері осы стандартқа қосымшада көрсетілген.
"Құқықтық ақпарат беру" | |
ең төмен әлеуметтік стандартына | |
қосымша |
Ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері
№ | Норманың/ нормативтің атауы | Норманы/нормативті реттеуші нормативтiк құқықтық акті | Норма/норматив бойынша ең төмен әлеуметтік стандартқа құқығы бар тұлғалар | Норманың/ нормативтің мөлшері |
---|---|---|---|---|
1. | Құқықтық ақпарат беру |
1. "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы. | Жеке және заңды тұлғалар. |
1. Қазақстан Республикасы заңнамасының мәселелері бойынша тегін негізде барлық жеке және заңды тұлғаларға ең төмен әлеуметтік стандартына құқығы бар тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында мемлекет кепілдік берген заң көмегін тұрғылықты жеріне және орналасқан жеріне қарамастан ауызша, жазбаша нысандарда, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында не көріп танысу түрінде ақпарат ұсыну. |
Бұйрыққа 2-қосымша | |
Қазақстан Республикасы Әділет министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 шілдедегі № 427 бұйрығына 2-қосымша |
"Құқықтық консультация беру" ең төмен әлеуметтік стандарты
1. Ең төмен әлеуметтік стандартты әзірлейтін және бекітетін орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі.
2. Негізінде ең төмен әлеуметтік стандарт қолданылатын нормативтік құқықтық актілердің тізбесі:
1) "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
2) "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
3) "Адвокат көрсеткен мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеудің, құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 834 қаулысы (бұдан әрі - Қаулы).
3. Ең төмен әлеуметтік стандарттың мақсаты: Ең төмен әлеуметтік стандарт құқықтық консультация беру тәртібін белгілейді.
4. Ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері осы стандартқа қосымшада көрсетілген.
"Құқықтық консультация беру" ең төмен әлеуметтік стандартына қосымша |
Ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері
№ | Норманың/ нормативтің атауы | Норманы/нормативті реттеуші нормативтiк құқықтық акті | Норма/норматив бойынша ең төмен әлеуметтік стандартқа құқығы бар тұлғалар | Норманың/ нормативтің мөлшері |
---|---|---|---|---|
1 | Құқықтық консультация беру |
1. "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы. | "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Заңның 26-бабының 2 тармағында белгіленген жеке тұлғалар шеңбері. |
1. Ауызша және жазбаша консультациялар нысанында көрсету, оның ішінде арыздарды, шағымдарды, өтінішхаттарды және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарды жасау. |
Бұйрыққа 3-қосымша | |
Қазақстан Республикасы Әділет министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 шілдедегі № 427 бұйрығына 3-қосымша |
"Адвокаттардың жеке тұлғалардың мүдделерін қорғауы мен білдіруі" ең төмен әлеуметтік стандарты
1. Ең төмен әлеуметтік стандартты әзірлейтін және бекітетін орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі.
2. Негізінде ең төмен әлеуметтік стандарт қолданылатын нормативтік құқықтық актілердің тізбесі:
1) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi (бұдан әрі – ҚР ҚПК);
2) Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі (бұдан әрі – ҚР АПК);
3) "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – ҚР ӘҚБтК);
4) "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
5) "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
6) "Адвокат көрсеткен мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеудің, құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 834 қаулысы (бұдан әрі - Қаулы).
3. Ең төмен әлеуметтік стандарттың мақсаты: Ең төмен әлеуметтік стандарт адвокаттардың жеке тұлғалардың мүдделерін қорғауы мен білдіруі тәртібін белгілейді.
4. Ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері осы стандартқа қосымшада көрсетілген.
"Адвокаттардың жеке тұлғалардың | |
мүдделерін қорғауы мен білдіруі" | |
ең төмен әлеуметтік стандартына | |
қосымша |
Ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері
№ | Норманың/ нормативтің атауы | Норманы/нормативті реттеуші нормативтiк құқықтық акті | Норма/норматив бойынша ең төмен әлеуметтік стандартқа құқығы бар тұлғалар | Норманың/ нормативтің мөлшері |
---|---|---|---|---|
1 | Адвокаттардың жеке тұлғалардың мүдделерін қорғауы мен білдіруі |
1. ҚР ҚПК. | ҚР ҚПК, ҚР АПК, ҚР ӘҚБтК-де белгіленген жеке тұлғалар шеңбері. |
1. Адвокаттардың жеке тұлғалардың мүдделерін қорғауы мен білдіруі ҚР ҚПК, ҚР АПК, ҚР ӘҚБтК-нің талаптарына сәйкес көрсетіледі. |