Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 шілдедегі № 427 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 27 тамыздағы № 751 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 31 тамызда № 24167 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      "Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 шілдедегі № 427 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11920 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      "Құқықтық ақпарат беру" ең төмен әлеуметтік стандарты осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      "Құқықтық консультация беру" ең төмен әлеуметтік стандарты осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      "Адвокаттардың жеке тұлғалардың мүдделерін қорғауы мен білдіруі" ең төмен әлеуметтік стандарты осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М. Бекетаев

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2021 жылғы 27 тамыздағы
№ 751 Бұйрыққа
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
міндетін атқарушының
2015 жылғы 30 шілдедегі
№ 427 бұйрығына
1-қосымша

"Құқықтық ақпарат беру" ең төмен әлеуметтік стандарты

      1. Ең төмен әлеуметтік стандартты әзірлейтін және бекітетін орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі.

      2. Негізінде ең төмен әлеуметтік стандарт қолданылатын нормативтік құқықтық актілердің тізбесі:

      1) "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;

      2) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі.

      3. Ең төмен әлеуметтік стандарттың мақсаты: Ең төмен әлеуметтік стандарт азаматтарға құқықтық ақпарат беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетудің талаптары мен шарттарын айқындайды.

      4. Ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері осы стандартқа қосымшада көрсетілген.

  "Құқықтық ақпарат беру"
  ең төмен әлеуметтік стандартына
  қосымша

Ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері

Норманың/ нормативтің атауы Норманы/нормативті реттеуші нормативтiк құқықтық акті Норма/норматив бойынша ең төмен әлеуметтік стандартқа құқығы бар тұлғалар Норманың/ нормативтің мөлшері

1.

Құқықтық ақпарат беру

1. "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.
2. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі.

Жеке және заңды тұлғалар.

1. Қазақстан Республикасы заңнамасының мәселелері бойынша тегін негізде барлық жеке және заңды тұлғаларға ең төмен әлеуметтік стандартына құқығы бар тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында мемлекет кепілдік берген заң көмегін тұрғылықты жеріне және орналасқан жеріне қарамастан ауызша, жазбаша нысандарда, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында не көріп танысу түрінде ақпарат ұсыну.
2. Келіп түскен жолданымның негізінде әкімшілік рәсім козғалады. Жолданым негізінде қозғалған әкімшілік рәсімнің мерзімі жолданым келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнін құрайды және қозғалған сәтінен бастап есептеледі және әкімшілік орган басшысының немесе оның орынбасарының уәжді шешімімен ақылға қонымды, бірақ әкімшілік істі дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды белгілеу қажеттігіне орай екі айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, әкімшілік рәсімге қатысушы бұл туралы мерзім ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабардар етіледі.
3. Егер арыз иесі жолданымының құқықтық сипаты болмаса, құқықтық ақпарат беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуден бас тартылады.
4. Құқықтық ақпарат беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуден бас тарту уәжді болуға тиіс және оған уәкілетті органға немесе сотқа шағым жасалуы мүмкін.

  Бұйрыққа 2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
міндетін атқарушының
2015 жылғы 30 шілдедегі
№ 427 бұйрығына
2-қосымша

"Құқықтық консультация беру" ең төмен әлеуметтік стандарты

      1. Ең төмен әлеуметтік стандартты әзірлейтін және бекітетін орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі.

      2. Негізінде ең төмен әлеуметтік стандарт қолданылатын нормативтік құқықтық актілердің тізбесі:

      1) "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;

      2) "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;

      3) "Адвокат көрсеткен мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеудің, құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 834 қаулысы (бұдан әрі - Қаулы).

      3. Ең төмен әлеуметтік стандарттың мақсаты: Ең төмен әлеуметтік стандарт құқықтық консультация беру тәртібін белгілейді.

      4. Ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері осы стандартқа қосымшада көрсетілген.

  "Құқықтық консультация беру"
ең төмен әлеуметтік
стандартына
қосымша

Ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері

Норманың/ нормативтің атауы Норманы/нормативті реттеуші нормативтiк құқықтық акті Норма/норматив бойынша ең төмен әлеуметтік стандартқа құқығы бар тұлғалар Норманың/ нормативтің мөлшері

1

Құқықтық консультация беру  

1. "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.
2. "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.
3. Қаулы.

"Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Заңның 26-бабының 2 тармағында белгіленген жеке тұлғалар шеңбері.

1. Ауызша және жазбаша консультациялар нысанында көрсету, оның ішінде арыздарды, шағымдарды, өтінішхаттарды және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарды жасау.
2. Қаулының 3- тармақшасы, 1 тармағына сәйкес, ауызша және жазбаша консультациялар үшін заң көмегіне ақы төлеудің, арыздардың, шағымдардың, өтінішхаттардың және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттардың бір сағат үшін тиісті кезеңге бекітілген 0,56 айлық есептік көрсеткіш есебіндегі мөлшерлемемен жасалуының бір сағат үшін сәйкестігі.
3. Мынадай шарттардың бірі болған кезде:
1) арыз иесі мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқығы бар тұлғалар санатына жатпаса;
2) арыз иесі жолданымының құқықтық сипаты болмаса құқықтық консультация беру түрінде мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуден бас тартылады.
4. Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуден бас тарту уәжді болуға тиіс және оған уәкілетті органға немесе сотқа шағым жасалуы мүмкін.

  Бұйрыққа 3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
міндетін атқарушының
2015 жылғы 30 шілдедегі
№ 427 бұйрығына
3-қосымша

"Адвокаттардың жеке тұлғалардың мүдделерін қорғауы мен білдіруі" ең төмен әлеуметтік стандарты

      1. Ең төмен әлеуметтік стандартты әзірлейтін және бекітетін орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі.

      2. Негізінде ең төмен әлеуметтік стандарт қолданылатын нормативтік құқықтық актілердің тізбесі:

      1) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi (бұдан әрі – ҚР ҚПК);

      2) Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі (бұдан әрі – ҚР АПК);

      3) "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – ҚР ӘҚБтК);

      4) "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;

      5) "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;

      6) "Адвокат көрсеткен мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеудің, құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 834 қаулысы (бұдан әрі - Қаулы).

      3. Ең төмен әлеуметтік стандарттың мақсаты: Ең төмен әлеуметтік стандарт адвокаттардың жеке тұлғалардың мүдделерін қорғауы мен білдіруі тәртібін белгілейді.

      4. Ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері осы стандартқа қосымшада көрсетілген.

  "Адвокаттардың жеке тұлғалардың
  мүдделерін қорғауы мен білдіруі"
  ең төмен әлеуметтік стандартына
  қосымша

Ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері

Норманың/ нормативтің атауы Норманы/нормативті реттеуші нормативтiк құқықтық акті Норма/норматив бойынша ең төмен әлеуметтік стандартқа құқығы бар тұлғалар Норманың/ нормативтің мөлшері

1

Адвокаттардың жеке тұлғалардың мүдделерін қорғауы мен білдіруі

1. ҚР ҚПК.
2. ҚР АПК.
3. ҚР ӘҚБтК.
4. "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.
5. "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.
6. Қаулы.

ҚР ҚПК, ҚР АПК, ҚР ӘҚБтК-де белгіленген жеке тұлғалар шеңбері.

1. Адвокаттардың жеке тұлғалардың мүдделерін қорғауы мен білдіруі ҚР ҚПК, ҚР АПК, ҚР ӘҚБтК-нің талаптарына сәйкес көрсетіледі.
2. Заң көмегіне ақы төлеу сағаттық тариф бойынша Қаулыда белгіленген мөлшерде есептеледі.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады