БҰЙЫРАМЫН:
1. "Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктемелі зерттеу сауалнамасы" жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың қорытындылары бойынша еңбек көші-қонын сипаттайтын көрсеткіштерді қалыптастыру бойынша әдістемені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2017 жылғы 3 тамыздағы № 112 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15603 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 17-тармағы 22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктемелі зерттеу сауалнамасы" жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың қорытындылары бойынша еңбек көші-қонын сипаттайтын көрсеткіштерді қалыптастыру бойынша әдістемеде:
1- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. "Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктемелі зерттеу сауалнамасы" жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың қорытындылары бойынша еңбек көші-қонын сипаттайтын көрсеткіштерді қалыптастыру бойынша әдістеме (бұдан әрі – Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.";
2- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Әдістеме "Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктемелі зерттеу сауалнамасы" жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың (бұдан әрі – зерттеу) қорытындылары бойынша еңбек көші-қонын сипаттайтын көрсеткіштерді қалыптастыру кезіндегі негізгі аспектілер мен әдістерді айқындайды.";
3- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы Әдістемені Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының құрылымдық бөлімшелері зерттеу қорытындылары бойынша еңбек көші-қонын сипаттайтын көрсеткіштерді қалыптастыру кезінде қолданады.";
5- тармақ алып тасталсын;
10- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"10. Жеке тұлғаның тұратын жерінің өзгеруі оның соңғы 10 жыл ішіндегі орын алмастыруы бойынша сипатталады. Оларға:
жергілікті жердің типін ескере отырып бір облыс ішінде қоныс аудару;
жергілікті жердің типін ескере отырып басқа облыстан қоныс аудару;
жергілікті жердің типін ескере отырып Қазақстан Республикасы шегінде қоныс аудару;
басқа елден тарихи отанына оралу мақсатында қоныс аудару;
басқа елден босқын ретінде қоныс аудару;
басқа елден еңбекші көшіп-қонушы ретінде қоныс аудару;
басқа елден отбасыны біріктіру үшін қоныс аудару жатады.".
2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасарына (Ж.Ә. Жарқынбаев) жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басшы | Н. Айдапкелов |