"Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктемелі зерттеу сауалнамасы" жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың қорытындылары бойынша еңбек көші-қонын сипаттайтын көрсеткіштерді қалыптастыру бойынша әдістемені бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2017 жылғы 3 тамыздағы № 112 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 4 қыркүйекте № 15603 болып тіркелді.

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 17-тармағы 22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 15.09.2021 № 19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған "Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктемелі зерттеу сауалнамасы" жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың қорытындылары бойынша еңбек көші-қонын сипаттайтын көрсеткіштерді қалыптастыру бойынша әдістеме бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі баспа және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына (Қ.К. Орынханов) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің төрағасы
Н. Айдапкелов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті төрағасының
2017 жылғы 3 тамыздағы
№ 112 бұйрығымен
бекітілді

"Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктемелі зерттеу сауалнамасы" жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың қорытындылары бойынша еңбек көші-қонын сипаттайтын көрсеткіштерді қалыптастыру бойынша әдістеме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктемелі зерттеу сауалнамасы" жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың қорытындылары бойынша еңбек көші-қонын сипаттайтын көрсеткіштерді қалыптастыру бойынша әдістеме (бұдан әрі – Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 15.09.2021 № 19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Әдістеме "Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктемелі зерттеу сауалнамасы" жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың (бұдан әрі – зерттеу) қорытындылары бойынша еңбек көші-қонын сипаттайтын көрсеткіштерді қалыптастыру кезіндегі негізгі аспектілер мен әдістерді айқындайды.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 15.09.2021 № 19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Осы Әдістемені Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының құрылымдық бөлімшелері зерттеу қорытындылары бойынша еңбек көші-қонын сипаттайтын көрсеткіштерді қалыптастыру кезінде қолданады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 15.09.2021 № 19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Зерттеудің көмегімен жұмыс іздеу мақсатында орнын ауыстыратын еңбекші көшіп қонушылар саны анықталады.

      5. Алып тасталды - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 15.09.2021 № 19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Еңбек көші-қонын сипаттайтын көрсеткіштерді қалыптастыру

      6. Еңбек көші-қонын сипаттайтын көрсеткіштер бойынша ақпарат жинау зерттеуге қосымша сұрақтарды қосу жолымен жүзеге асырылады. Интервьюерлердің үй шаруашылықтарына тікелей баруы арқылы сұхбат жүргізу әдісімен халыққа пікіртерім жүргізіледі.

      7. Мыналар халықтың жалпы санынан еңбекші көшіп қонушыларды бөлуге мүмкіндік беретін негізгі аспектілер мен өлшемшарттар болып табылады:

      1) азаматтығы;

      2) қазіргі тұратын жері;

      3) туған елі;

      4) көшу мақсаты және соңғы 10 жыл ішінде қазіргі тұратын жеріне қатысы бойынша жергілікті жердің типі;

      5) жұмысы орналасқан жер.

      8. Еңбекші көшіп қонушылар санын анықтауда азаматтығы мен туған елі негізгі аспекті болып табылады. Зерттеуге сәйкес жеке тұлғалар азаматтығы бойынша:

      Қазақстан Республикасының;

      Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің (бұдан әрі - ТМД);

      ТМД-дан тыс елдердің азаматтарына бөлінеді.

      9. Жеке тұлғаның тұратын жерінің өзгеруін анықтау үшін зерттеуде оның туған елі ескеріледі. Жеке тұлғаның зерттеу жүргізілетін елді мекенде туғаннан бері тұрғандығы анықталады. Қоныс аударған кезде қазіргі тұратын жеріне келген күні анықталады.

      10. Жеке тұлғаның тұратын жерінің өзгеруі оның соңғы 10 жыл ішіндегі орын алмастыруы бойынша сипатталады. Оларға:

      жергілікті жердің типін ескере отырып бір облыс ішінде қоныс аудару;

      жергілікті жердің типін ескере отырып басқа облыстан қоныс аудару;

      жергілікті жердің типін ескере отырып Қазақстан Республикасы шегінде қоныс аудару;

      басқа елден тарихи отанына оралу мақсатында қоныс аудару;

      басқа елден босқын ретінде қоныс аудару;

      басқа елден еңбекші көшіп-қонушы ретінде қоныс аудару;

      басқа елден отбасыны біріктіру үшін қоныс аудару жатады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 15.09.2021 № 19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Зерттеуге сәйкес жеке тұлға жұмысының орналасу орны келесі түрлерге:

      облыс орталығы;

      осы облыс аумағы;

      басқа облыс;

      басқа ел болып бөлінеді.

      12. Еңбекші көшіп қонушыларды сипаттайтын көрсеткіштер бойынша ресми статистикалық ақпарат жыл сайынғы негізде келесі топтар:

      жергілікті жердің типі бойынша;

      өңірлер бойынша;

      жынысы бойынша;

      жас топтары бойынша;

      білім деңгейі бойынша;

      жұмыспен қамтылу мәртебесі бойынша;

      экономикалық қызмет түрлері бойынша қалыптастырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады