Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 445 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 17 қыркүйекте № 24401 болып тіркелді.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 5-1-бабының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнына оқуға қабылдау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице - министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
Ю. Ильин

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
2021 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 445 бұйрығымен
бекітілген

Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнына оқуға қабылдау қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнына оқуға қабылдау қағидалары "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленді және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі – ТЖМ) арнаулы оқу орнына оқуға қабылдау тәртібін айқындайды.

2-тарау. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнына қабылдау тәртібі

      2. ТЖМ арнаулы оқу орнына күндізгі оқу нысаны бойынша орта білімі бар, он алты жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.

      Жоғары білімі бар тұлғалар ТЖМ арнаулы оқу орнына қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша оқу үшін қабылдана алады.

      3. ТЖМ арнаулы оқу орны "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабының 16) тармақшасына сәйкес бекітілетін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнында іске асырылатын білім беру бағдарламаларының тізбесіне сәйкес кадрлар даярлауды жүзеге асырады.

      ТЖМ арнаулы оқу орнына түсу кезінде бейіндік пәндер "математика" және "физика" болып табылады.

      4. ТЖМ арнаулы оқу орнына оқуға түсуге ниет білдірген азаматтар тіркелген тұрғылықты жері бойынша Төтенше жағдайлар департаменттерінің (бұдан әрі – ТЖД) кадр қызметтеріне еркін нысанда өтініш береді.

      Өтінішке мыналар қоса беріледі (қағаз немесе электронды форматта):

      1) жеке куәлігінің көшірмесі;

      2) фотосуреттер (бас киімсіз, өлшемі 3,5х4,5 см алты фотосурет, өлшемі 10х12 см бір фотосурет);

      3) өз қолымен толтырылған өмірбаян;

      4) білімі туралы аттестатының немесе дипломының көшірмесі қосымшаларымен;

      5) "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттардың түрлерін, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандарын және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, сондай-ақ білім беру ұйымдарында білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтаманың нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10348 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама ұсынылады;

      6) осы Ережелердің 32 тармағымен қарастырылған басымдықтардың бар болуын растайтын (болған жағдайда) құжаттар.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.10.2022 № 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 10.05.2024 № 184 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      5. ТЖМ кадр қызметі ТЖД үшін ТЖМ арнаулы оқу орнына оқуға кандидаттарды жіберу бойынша жоспар (бұдан әрі – жоспар) әзірлейді.

      Жоспарды жыл сайын оқуға қабылдаудың алдыңғы жылының 30 қазанына дейін Төтенше жағдайлар министрі бекітеді.

      6. Жоспар бекітілгеннен кейін ТЖД:

      1) оқуға түсетін жылдың 1 наурызына дейінгі мерзімде бұқаралық ақпарат құралдарында және ресми интернет-ресурста ТЖМ арнаулы оқу орнына қабылдау шарттары туралы хабарландыру орналастыруды қамтамасыз етеді;

      2) кәсіби бағдар беру бойынша жұмыс жүргізеді.

      7. Оқуға кандидаттар қызметке жарамдылығын анықтау үшін медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, оның ішінде полиграфологиялық зерттеуден, сондай-ақ міндетті арнайы тексеруден өтеді.

      Медициналық және психофизиологиялық куәландыру Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдары мен мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу "Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдары мен мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарындағы әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 2 қарашадағы № 758 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі – № 758 Бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21580 болып тіркелген) қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.10.2022 № 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. ТЖД кадр қызметтері күндізгі оқуға кандидаттардың қалыптастырылған жеке істерін оқуға түсетін жылдың 1 шілдесіне дейін ТЖМ арнаулы оқу орнына жібереді.

      9. Аумақтық АҚО және ТЖМ арнаулы оқу орнының кадр қызметтері кандидаттарға ТЖМ арнаулы оқу орнына оқуға қабылдау мерзімдері туралы хабарлайды.

      10. Қашықтан оқыту қолдана отырып, қысқартылған оқу мерзімімен білім беру бағдарламалары бойынша оқуға кандидаттың оқу істерін жұмыс орны бойынша кадр қызметі қалыптастырады және оқуға қабылдайтын жылдың 1 шілдесіне дейін ТЖМ-ның арнаулы оқу орнына жібереді.

      Оқу істерінде, мыналар болады:

      1) қызметкердің баянаты (еркін нысанда);

      2) Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша, кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парағы;

      3) оқуға жіберу туралы ұсынымы бар қызметтік мінездеме (ерікті нысанда);

      4) жеке куәлігінің көшірмесі;

      5) білімі туралы құжаттың көшірмесі;

      6) Ұлттық бірыңғай тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) (техникалық, кәсіби, орта білімнен кейінгі (бейінді) білімі бар кандидаттарға);

      7) өлшемі 3х4 см алты фотосуреті.

      11. ТЖМ арнаулы оқу орнына оқуға қабылдауды ұйымдастыруды арнаулы оқу орнының қабылдау комиссиясы (бұдан әрі – қабылдау комиссиясы) жүзеге асырады.

      Қабылдау комиссиясының құрамы арнаулы оқу орны бастығының бұйрығымен бекітіледі және арнаулы оқу орны қызметкерлерінің қатарынан қалыптастырылады. Мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері байқаушы ретінде қатыса алады. Байқаушылар дауыс беруге қатыспайды және қабылдау комиссиясының қызметіне араласпайды.

      ТЖМ құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері ТЖМ басшылығының тапсырмасы бойынша бақылаушы ретінде қатыса алады.

      Қабылдау комиссиясы мүшелерінің жалпы саны тақ саннан тұрады. Комиссияны төраға басқарады.

      Қабылдау комиссиясының төрағасы ТЖМ арнаулы оқу орнының бастығы болып табылады.

      Қабылдау комиссиясының төрағасы қабылдау комиссиясының қызметіне басшылық етеді, оның мүшелерінің өкілеттігін белгілейді және осы комиссияның жұмыс жоспарын бекітеді.

      Қабылдау комиссиясының хатшысы арнаулы оқу орнының құрылымдық бөлімшелердің басшы құрамы қатарынан тағайындалады, оған қабылдау комиссиясына жүктелген функцияларды іске асыру бойынша құжаттарды, отырыстарға материалдарды, сондай-ақ олардың жұмысы туралы есеп жобасын әзірлеу жүктеледі.

      Қабылдау комиссиясы хатшысының орынбасары және техникалық топтың техникалық хатшылары оқуға түсетін кандидаттардың жеке және оқу істерін рәсімдеу және өңдеу үшін тағайындалады.

      Қабылдау комиссиясының шешімі қабылдау комиссиясы мүшелерінің кемінде үштен екісі болған кезде қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады.

      Дауыстар тең болған жағдайда қабылдау комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      Қабылдау комиссиясы:

      1) кандидаттардың жеке және оқу істерін қарауды жүзеге асырады;

      2) түпкілікті медициналық куәландыруды жүргізеді, кандидаттардың дене шынықтыру даярлығын тексереді;

      3) конкурстық тізімдерді және кандидаттарды курсанттар қатарына тіркеу туралы қабылдау комиссиясының хаттамасын осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірлейді;

      4) оқуға қабылдау бойынша конкурс (бұдан әрі – конкурс) өткізеді;

      5) конкурс қорытындылары бойынша курсанттар қатарына қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды;

      6) кандидаттарды қабылдау қорытындыларына талдау жасайды және осы жұмысты одан әрі жетілдіру бойынша шаралар әзірлейді;

      7) оқуға қабылдау мәселелері бойынша шағымдар мен өтініштерді қарайды.

      Қабылдау комиссиясының жұмысы кезеңінде мүдделер қақтығысы туындаған кезде қабылдау комиссиясының мүшелері ТЖМ арнаулы оқу орнының бастығына бұл туралы өздеріне мәлім болған сәтте жазбаша нысанда хабарлайды.

      ТЖМ арнаулы оқу орнының бастығы қабылдау комиссиясы мүшесінің өтініші бойынша немесе басқа көздерден ақпарат алған кезде мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу жөніндегі шараларды уақтылы қабылдауға, оның ішінде оны қабылдау комиссиясының жұмысына қатысудан тез арада шеттетуге тиіс.

      12. Қабылдау комиссиясының қызметі жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Қабылдау комиссиясының отырысы қабылдау комиссиясы төрағасының шешімі бойынша өткізіледі.

      13. Қашықтан оқыту қолдана отырып, қысқартылған оқу мерзімімен білім беру бағдарламалары бойынша оқуға кандидаттар әңгімелесуден өтеді.

      Әңгімелесу Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Конституциясын", "Азаматтық қорғау туралы", "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін білуін тексеру үшін өткізіледі.

      Қызметтегі АҚО қызметкерлері қатарынан оқуға кандидаттар медициналық куәландырудан және дене шынықтыру дайындығын тексеруден босатылады.

      14. Кандидаттарды қабылдау үшін қабылдау комиссиясы төрағасының бұйрығымен:

      1) штаттан тыс уақытша жұмыс істейтін әскери-дәрігерлік комиссия;

      2) кандидаттардың дене шынықтыру дайындығын тексеру жөніндегі комиссия;

      3) апелляциялық комиссия;

      4) техникалық топ құрылады.

      Штаттан тыс уақытша жұмыс істейтін әскери-дәрігерлік комиссиясы № 758 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарындағы әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ереженің 3-тарауына сәйкес құрылады.

      Дене шынықтыру дайындығын тексеру жөніндегі комиссия оқуға кандидаттарды дене шынықтыру көрсеткіштері бойынша қабылдауды ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру үшін құрылады. Комиссия құрамына ТЖМ арнаулы оқу орнының қызметкерлері, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кіреді.

      Апелляциялық комиссия оқуға кандидаттарды дене шынықтыру көрсеткіштері бойынша қабылдау қорытындысы жөніндегі азаматтардың өтініштерін қарау үшін құрылады.

      Техникалық топ кандидаттардың жеке және оқу істерін қабылдау және өңдеу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру үшін құрылады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.10.2022 № 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Қабылдау тәртібі туралы ақпарат, сондай-ақ қабылдауды ұйымдастыру және өткізу бойынша қабылдау комиссияларының шешімдері, қабылдау мерзімдері ТЖМ арнаулы оқу орнының интернет-ресурстарында орналастырылады және кандидаттарға уақтылы жеткізіледі.

      16. Кандидаттарды дене шынықтыру көрсеткіштері бойынша қабылдау жүргізу және спорттық жаттығуларды орындау нәтижелерін бағалау осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ТЖМ арнаулыы оқу орнына кандидаттар үшін дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерге (бұдан әрі – дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтер) сәйкес жүргізіледі.

      "Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері", "Қазақстан Республикасының спорт шебері" спорттық біліктілігі бар және ТЖМ арнаулы оқу орнының қабылдау комиссиясына растайтын құжаттарды ұсынған кандидаттар дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсырудан босатылады.

      Кандидаттарды дене шынықтыру көрсеткіштері бойынша оқуға қабылдау кезінде старттық нөмірлер беру жолымен кандидаттарды шифрлау қолданылады.

      17. Дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтер кандидаттардың мынадай спорттық жаттығу түрлерін орындауын көздейді:

      1) 100 метрге жүгіру (ұлдар, қыздар);

      2) 1000 (кросс) метрге жүгіру (қыздар);

      3) биік белтемірге тартылу (ұлдар);

      4) 1 минут ішінде арқаға жатып денені көтеру (қыздар).

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.10.2022 № 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтердің мазмұны және спорттық жаттығуларды орындау шарттары кандидаттардың назарына дене шынықтыру нормативтерін тапсыру басталғанға дейін 24 сағаттан кешіктірілмей жеткізіледі.

      19. Кандидаттардың дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсыру алдында кандидаттардың дене шынықтыру даярлығын тексеру жөніндегі комиссия мүшелері оларды қауіпсіздік техникасымен қол қойғыза отырып, таныстырады.

      20. Дене шынықтыру даярлығы нормативтеріне сәйкес енгізілген спорттық жаттығулардың әрбір түрі жеке тапсырылады. Бір күнде екі жаттығудан артық орындауға рұқсат етілмейді, бұл ретте 1000 метрге жүгіру (кросс) келесі күні басқа жаттығулардан бөлек орындалады.

      21. Биік бел темірден тартылу, арқаға жатып денені көтеру және 100 метрге жүгіру бойынша дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерін орындау үшін біруақытта 3 кандидатқа дейін қатыса алады. 1000 метрге жүгіруге (кросс) бір уақытта кемінде 10 адамға дейін қатыса алады.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.10.2022 № 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Кандидаттардың дене шынықтыру дайындығын тексеру жөніндегі комиссия мүшелері әрбір спорттық жаттығуды тапсыру нәтижелерін жеке ведомосте белгілейді және кандидаттың назарына қол қойғыза отырып, жеткізіледі. Жаттығуларды орындау нәтижелері белгіленгеннен кейін қайта тапсыруға жол берілмейді.

      23. Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша спорттық жаттығулардың жекелеген түрлерін тапсыру жөніндегі ведомостердегі деректердің негізінде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нормативтерді орындаудың жиынтық ведомосі толтырылады, ол ТЖМ арнаулы оқу орнының қабылдау комиссиясына ұсынылады.

      Жиынтық ведомосте кандидаттың дене шынықтыру дайындығы бойынша сынақты тапсырғаны-тапсырмағаны туралы қорытынды жазылады және бір сағат ішінде аталған мәліметтер кандидаттың назарына жеткізіледі және ақпараттық стендке ілінеді.

      24. Дене шынықтыру дайындығы бойынша сынақ нәтижелерімен келіспеген кандидат апелляцияға өтініш бере алады.

      Дене шынықтыру дайындығы бойынша сынақ нәтижесімен байланысты мәселелерді қарау үшін апелляциялық комиссияның құрамы ТЖМ арнаулы оқу орны бастығының бұйрығымен бекітіледі.

      25. Кандидат дене шынықтыру даярлығы бойынша нәтижелер хабарланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін апелляцияға арызды өзі береді және оны апелляциялық комиссия бір тәулік ішінде қарайды. Арыз берушінің өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс.

      26. Кандидаттың өтінішін қарау нәтижелері бойынша қанағаттанарлықсыз деген баға алған жағдайда бір дене шынықтыру жаттығуын қайта тапсыруға жол беріледі.

      27. Апелляциялық комиссияның шешімі комиссияның құрамының көпшілік дауысымен қабылданады. Апелляциялық комиссияның жұмысы осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттамамен ресімделеді, оған төраға және комиссияның барлық мүшелері қол қояды. Апелляциялық комиссия шешімінің нәтижелері бойынша өтініш берген кандидатқа апелляциялық комиссия отырысының хаттамасынан үзінді көшірме беріледі.

      28. ТЖМ арнаулы оқу орнына қабылдау медициналық, дене шынықтыру, кәсіби көрсеткіштері бойынша қабылдау нәтижелерін ескере отырып, ҰБТ қорытындысы бойынша сертификаттар балдарына сәйкес конкурс бойынша жүргізіледі.

      Қабылдау комиссиясы конкурстың қорытындысы бойынша кандидатты курсант қатарына қабылдау немесе қабылдамау туралы шешімді кандидатқа қабылдау комиссиясының отырысында жариялайды.

      29. "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17650 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларының 4-тармағымен ҰБТ нәтижелері бойынша ТЖМ арнаулы оқу орнының курсанттары қатарына қабылдау конкурсына қатысу үшін қажетті балдар саны белгіленеді.

      30. ТЖМ арнаулы оқу орнына қашықтан оқыту қолдана отырып, қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша оқуға қабылдау әңгімелесу нәтижелері бойынша конкурс арқылы жүргізіледі.

      31. Қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан немесе мүгедектік алған құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кандидаттар үшін белгіленген талаптар бойынша шекті балл деңгейін жинаған балалары ТЖМ-ның арнаулы оқу орнына конкурстан тыс қабылданады.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.10.2022 № 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      32. ТЖМ арнауы оқу орнының курсанттары қатарына қабылдау конкурсын өткізу кезінде ҰБТ сертификаттарының балдары тең болған жағдайда келесі кезектілікпен:

      1) "Алтын белгi" белгiсімен марапатталған адамдардың;

      2) патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградталған адамдардың;

      3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдардың;

      4) тiзбесiн бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган айқындайтын жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған), орындаушылардың халықаралық және республикалық конкурстарының және спорттық жарыстардың (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңiмпаздарының, сондай-ақ өздерi таңдаған мамандықтары олимпиаданың, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәнiне сәйкес келген жағдайда, жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша ағымдағы оқу жылында президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстары (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) жеңiмпаздарының;

      5) жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастардың қатарындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының, бірінші және екінші топтардағы мүгедектердің, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдары ардагерлерінің, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлердің, медициналық қорытындыға сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуға қарсы көрсетілімдері жоқ бала кезінен мүгедектердің, мүгедек балалардың және үздік білімі туралы құжаттары (куәліктері, аттестаттары, дипломдары) бар адамдардың артықшылықты құқығы бар.

      Балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда және басым құқығы болмаған кезде аттестаттың немесе дипломның орта балдары жоғары адамдар қабылданады.

      Балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда және басым құқығы болмаған кезде, сондай-ақ аттестаттың немесе дипломның орташа балдары бірдей болған кезде бейіндік пәндер бойынша алған балдары ескеріледі.

      33. Қабылдау комиссиясының оқуға қабылдау туралы шешiмi ТЖМ арнаулы оқу орны бастығының бұйрығымен ресiмделедi. Бұйрықтан үзінді жұмыстан қол үзiп оқуға қабылданған тұлғаларды оқуға iс-сапарға жіберуге негiз болып табылады.

      34. Курсанттар қатарына қабылданбаған АҚО қызметкерлері мен әскери қызметшілері қатарындағы кандидаттар АҚО қарамағына жеке (оқу) істері қайтарылып және қабылданбау себептері көрсетіле отырып жіберіледі.

      35. ТЖМ арнаулы оқу орны ТЖМ кадр қызметіне оқуға қабылдауды өткізгеннен кейiн күнтізбелік он күн ішінде оқуға қабылдауды ұйымдастыру және өткiзу бойынша қорытынды есепті, сондай-ақ курсанттарды оқуға қабылдау туралы бұйрықтардың көшiрмелерін ұсынады.

  Жоғары білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар
министрлігінің арнаулы
оқу орнына оқуға
қабылдау қағидаларына
1-қосымша

Кадрларды есепке алу бойынша ЖЕКЕ ПАРАҚ

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 10.05.2024 № 184 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Тегі _________________________________
Аты _______________________________________
Әкесінің аты (ол болған жағдайда) _______________
2. Жынысы ________
3. Туылған жылы, күні, айы _________________
4. Туылған жері ____________________________
(село, ауыл, қала, аудан, облыс, республика)
5. Ұлты ____________________________
6. Азаматтығы _______________________________
7. Білімі ______________________________

Фотосурет орны


Оқу орнының атауы және оның орналасқан жері

Факультеті немесе бөлімшесі

Түскен жылы

Бітірген немесе шыққан жылы

Бітірмесе, қай курстан шықты

Оқу орнын бітірген соң қай мамандықты алды, дипломның немесе куәліктің № көрсету

      8. Ана тілі, қандай тілдерді біледі және қандай деңгейде _____________________________________________________________________ (сөздікпен, оқиды және ойын жеткізе алады, еркін меңгерген)

      9. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы _______________________________________

      10. Қандай ғылыми еңбектеріңіз және жаңалықтарыңыз бар _____________________________________________________________________

      11. Сіз әкімшілік және/немесе қылмыстық жауаптылыққа тартылғансыз ба? _____________________________________________________________________ (қашан, не үшін кім соттады, жазалау шарасы)

      12. Еңбек жолы басталғаннан бері атқаратын жұмысы (жоғары және орта арнаулы оқу орнындарындағы оқуды, әскери қызметті және қоса атқаратын жұмысты қосқанда)

Айы мен жылы

Лауазымы, кәсіпорындарды, ұйым-мекемелерді, сондай-ақ министрлікті (ведомствоны) көрсете отырып

Кәсіпорындардың, ұйым-мекемелердің орналасқан жері

Түскен

шыққан

      Осы тармақты толтыратын кезде мекемелердің, ұйымдардың және кәсіпорындардың атауларын кезінде қалай аталғанына қарай атап, әскери қызметті лауазымды көрсете отырып толтыру керек.

      13. Жеке іс парақ толтырған сәттегі отбасы жағдайы, сіздің жақын туыстарыңыз

Туыстық дәрежесі

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

Күні және туған жері

Жұмыс орны, лауазымы

Тұрғылықты жері

      14. Шет елде болуы (жұмыс, қызметтік іссапар, делегациямен бірге сапар)

Айы мен жылы

Қай елде

Шет елде болу мақсаты

Қай уақыттан

Қай уақытқа

      15. Қандай сайланбалы органдарға (қашан, қандай және қай жерде) сайланған немесе сайланды________________________________________________________________________

      16. Әскери қызметіне қатысы_______________________________

      (әскери міндетті, әскери міндетті емес, әскери есептегі мамандығы, әскери атағы, әскери билеттің номері және жеке номері (бар болса))

      17. Қандай мемлекеттік наградаларыңыз бар (қашан, немен, кім марапаттады) _____________________________________________________________________

      18. Төлқұжат __________________________________________________________ (сериясы, нөмірі, қашан, кім берген, тіркелген тұрығының мекен-жайы)

      19. Тұрғылықты жері ___________________________________________________ 20___ жыл "_____" ___________ Өзінің қолы __________________________ (толтырылған күні) (Жеке парақты толтыратын қызметкер барлық кейінгі өзгерістер туралы (білімі, ғылыми дәреже, ғылыми атақ беру және т.б.) осы өзгерістерді оның жеке ісіне енгізу үшін жұмыс орнына хабарлайды).

  Жоғары білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар
министрлігінің арнаулы
оқу орнына оқуға қабылдау
қағидаларына 2-қосымша
Нысан

Қабылдау комиссиясының кандидаттарды курсанттар қатарына қабылдау туралы № ___ хаттамасы

20__жылғы "___" _____ қаласы

_______

      Қабылдау комиссиясының құрамы:

      қабылдау комиссиясының төрағасы:

      қабылдау комиссиясының мүшелері:

      хатшысы:

      оқуға кандидаттардың материалдарын қарап, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Туған жылы

ұлты

білімі

Бітірген жылы

Азаматтық қорғау органдарында, Қарулы Күштерде қызмет ету

Қабылдау нәтижелері

Медициналық көрсеткіштер бойынша

Кәсіби-психологиялық көрсеткіштер бойынша

Дене шынықтыруының көрсеткіштері бойынша

ҰБТ нәтижелері

Жалпы балл

Кәсіби пән

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12













      Кестенің жалғасы

Қабылдау нәтижелері

Аттестаттың/дипломның орташа балы

Жасақтаушы орган

Жеңілдіктер

Қабылдау комиссиясының шешімі

ҰБТ нәтижелері

Қазақстан тарихы

Математика

Қазақ/орыс тілі

13

14

15

16

17

18

19








      Қабылдау комиссиясының төрағасы:

      Қабылдау комиссиясының мүшелері:

      Хатшысы:

  Жоғары білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар
министрлігінің арнаулы
оқу орнына оқуға қабылдау
қағидаларына 3-қосымша

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнына кандидаттарға арналған дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтер

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.10.2022 № 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Жігіттер үшін

Атауы

Баға

өте жақсы

жақсы

қанағаттанарлық

1.

100 метрге жүгіру (секундтар)

14.0

14.5

15.0

2.

1000 метрге жүгіру (минуттар/секундтар)

3.40

3.50

4.00

3.

Тартылу (тартылу саны)

11

9

7

      Қыздар үшін

Атауы

Баға

өте жақсы

жақсы

қанағаттанарлық

1.

100 метрге жүгіру (секундтар)

16.0

16.5

17.0

2.

1000 метрге жүгіру (минуттар/секундтар)

4.40

5.00

5.20

3.

1 минут ішінде шалқадан жатып кеудені көтеру (көтеру саны)

35

30

25

      Ескертпе:

      Егер талапкер жаттығулардың біреуінен "қанағаттанарлықсыз" деген баға алып, қалғандарынан "жақсы" деген баға алса, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі арнаулы оқу орнына түсушілер үшін дене шынықтыру нормативтері тапсырылды деп есептеледі.

      Мысалы: Тартылу – "жақсы", 100 метрге жүгіру – "жақсы", 1000 метрге жүгіру – "қанағаттанарлықсыз" - дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтер тапсырылды.

      Тартылу – "өте жақсы", 100 метрге жүгіру – "қанағаттанарлық", 1000 метрге жүгіру "қанағаттанарлықсыз" - нормативтер тапсырылған жоқ.

      Спорттық жаттығуларды орындау шарттары:

      100, 1000 метрге жүгіру стадионның жүгіру жолында немесе кез келген тегіс жерде өткізіледі;

      биік белтемірге тартылу бастапқы орнынан тартылған қалпы жоғарыдан ұстап (бас бармақ астыңғы жақта) жерге аяғын тигізбей орындалады. Иегін бел темірден асырып, әрбір орындау кезінде қозғалмайтын қалыпта, тартылған қалпы қолдары түзу, аяқтарын жұлқымай және серіппей орындаған кезінде жаттығу орындалды деп есептеледі. Тартылып тұру қалпында орнынан 5 секундтан артық тоқтауға (демалуға) және тартылуды шайқалудан бастауға жол берілмейді;

      денені көтеру арқада жатқан бастапқы қалпынан, қолдың иығына немесе бекітпеге жатып, тізеге шынтағымен жанасқанға дейін (аяқтарды елеусіз бүгуге рұқсат етіледі) дененің алға еңкеюімен, бастапқы қалыпқа оралған кезде тірекке жауырынмен жанасу қажет. Жаттығу 1 минут ішінде тоқтаусыз орындалады.

      Жаттығуды орындауды бұзған жағдайда "саналмасын" командасы беріледі. Егер жаттығу үш реттен артық қате орындалса, кандидат жаттығуды орындаудан шығарылады.

      Дене шынықтыру көрсеткіштері бойынша іріктеу нәтижелері ұлдар және қыздар үшін бөлек бағаланады.

  Жоғары білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар
министрлігінің арнаулы
оқу орнына оқуға қабылдау
қағидаларына 4-қосымша

Спорттық жаттығулардың жекелеген түрлерін тапсыру жөніндегі ВЕДОМОСІ

20__жылғы "___" _____

_______ қаласы

      Спорттық жаттығулардың аталған түрі бойынша ______________________. (спорттық жаттығудың түрі)

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Взвод

Жаттығудың нәтижесі

Баға (балл)

Ескертпе

1

2

3

4

5

6







      Дене шынықтыру даярлығын тексеру жөніндегі комиссияның мүшелері:

  Жоғары білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар
министрлігінің арнаулы
оқу орнына оқуға қабылдау
қағидаларына 5-қосымша
Нысан

ЖИЫНТЫҚ ВЕДОМОСТЬ

20__ жылғы "___" _____

_______ қаласы

№ р/с

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Сопорттық жаттығудың түрі

Қорытынды баға (балл)

Оқуға кандидаттың қолы

100 метрге жүгіру

1000 метрге жүгіру (кросс)

Білек белтемірге тартылу

нәтижесі

бағасы (балл)

нәтижесі

бағасы (балл)

нәтижесі

бағасы (балл)



















































      Дене шынықтыру даярлығын тексеру жөніндегі комиссияның мүшелері:

  Жоғары білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар
министрлігінің арнаулы
оқу орнына оқуға қабылдау
қағидаларына 6-қосымша
Нысан

Апелляциялық комиссияның № ___ хаттамасы

20__ жылғы "___" _____

_______ қаласы

      Апелляциялық комисиия келесі құрамда:

      қабылдау комиссиясының төрағасы: қабылдау комиссиясының мүшелері: хатшысы: Кандидаттардың апелляция туралы өтінішін және апелляциямен қайта тапсырылған дене шынықтыру бойынша спорттық жаттығулардың нәтижелерін қарап, төменде көрсетілген спорттық жаттығу түрлері бойынша мынадай баға қоюды шешті: ______________________________________. (спорттық жаттығыдуң түрі)

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Взвод

Жаттығудың нәтижесі

Баға (балл)

Ескертпе

1

2

3

4

5

6







      Аппелациялық комиссияның мүшелері:

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады