"Қазақстан Республикасының әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 189 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 22 қазандағы № 548 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 26 қазанда № 24905 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 189 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12453 болып тіркелген) мынадай өзгерістер толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын терминдер және анықтамалар:

      1) багаж – әуе кемесiнiң бортында тасымалданатын жолаушылардың немесе экипаждың жеке заттары;

      2) багажды және жүкті тасымалдау кезіндегі ақаулықтар туралы акт (бұдан әрі – PIR (Рroperty irregularity report)) – тасымалдауды бір немесе бірнеше авиакомпанияның әуе кемелерімен орындалған багажға (жүкке) келтірілген зиян анықтауы бойынша дереу жолаушының (алушының) қатысуымен авиакомпания ресімдейтін құжат, бұған жолаушы (алушы) және авиакомпания қол қояды;

      3) багаж белгісі – жолаушының тіркелген багажын тану (сәйкестендіру) үшін тасымалдаушы беретін құжат;

      4) "деректемелер жазуы" бағаны – билеттегі жолаушы туралы деректер көрсетілетін баған;

      5) жиынтық-тиелім ведомосінің "соңғы минутта өзгерту" бағаны (бұдан әрі – "LMC бағаны") жолаушылар, багаж санының соңғы минуттағы өзгерістері көрсетілетін баған;

      6) жолаушыларға қызмет көрсету – жолаушылардың әуе тасымалын ресімдеуге және жүзеге асыруға және қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған, қызметтердің міндетті ассортиментін оларға ұсынуға байланысты пайдаланушының қызметі;

      7) маршруттық түбіртек – электрондық билет және оның құрамдас бөлігі болып табылатын және қажетті мәліметтерді (мысалы, жолаушының тегін, маршрутты, тарифті және т.б.), хабарламалар мен хабарландыруларды қамтитын құжат немесе құжаттар;

      8) перрондық көлік құралы – әуе кемесі мен әуежай ғимараты арасында жолаушыларды тасымалдауға арналған көлік құралы;

      9) трансферлік багаж – әуе тасымалының шартына сәйкес трансфер әуежайында (пунктінде) белгілі бір рейсті орындайтын әуе кемесінен әуе тасымалының маршруты бойынша басқа рейс орындайтын әуе кемесіне аударылып тиелетін багаж;

      10) трансферлік жолаушы – әуе тасымалының шартына сәйкес трансфер (ауыстыру) әуежайына (пунктіне) белгілі бір рейспен келген және тасымал маршруты бойынша басқа рейспен ұшуын жалғастыратын жолаушы;

      11) транзиттік жолаушы – әуе тасымалының шартына сәйкес аралық әуежайға келген рейспен одан әрі тасымалданатын жолаушы;

      12) тіркелген багаж – тасымалдаушының жауапкершілігіне қабылданған және оған багаждық түбіртек пен багаж белгісін берген, тасымалдаушы әуе тасымалына қабылдаған жолаушы багажы;

      13) тіркелмеген багаж – бұл әуе кемесінің салонында тасымалданатын, "қол жүгі" белгісімен таңбаланатын, жолаушының қол жүгі немесе багажы;

      14) уәкілетті агент – пайдаланушының әуе кемсін, экипаждың, жолаушылардың, жүктің, поштаның, багаждың және борттық қорлардың келуімен, жөнелтілуімен және ресімделуімен байланысты барлық рәсімдерді орындау кезінде әуе кемесін пайдаланушының, әуежайдың атынан әрекет етуге уәкілеттік берілген тұлға;

      15) халықтың қауқары аз топтарына жататын жолаушы (PRM – Persons with Reduced Mobility) – өз бетімен жүріп-тұруда, қызмет, ақпарат алуда немесе кеңістікте бағдарлануда қиындық көріп жүрген, оның ішінде балаларға арналған арбаларды пайдаланатын адамдар, қарттар, мүгедектер;

      16) шағым арыз – мүдделі тұлғаның багажды әуеде тиісті түрде тасымалдамауы нәтижесінде туындаған зиянның (шығынның) орнын толтыруы туралы жазбаша электрондық нысанда жасаған талабы;

      17) цифрлық құжаттар сервисі – операторға бекітілген және электрондық нысанда мемлекеттік қызметтерді, сондай-ақ өзге де қызметтерді іске асыру мақсатында электрондық құжаттар мен құжаттардың электрондық көшірмелерін жасауға, сақтауға және пайдалануға арналған "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектісі.";

      6-тармақтың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "15) уәкілетті агент жолаушылардың отырғызу талондарын тексереді, отырғызу талонында көрсетілген жолаушының тегін жеке басын куәландыратын құжатындағы немесе цифрлық құжаттар сервисі арқылы (ішкі рейстерде сәйкестендіру үшін) электрондық құжатындағы тегімен салыстырады, жүйеге отыруға өткен жолаушының деректерін енгізеді және арнайы құралдары болған кезде отырғызу талонындағы ақпаратты сканерлейді.

      Перрондық көлік құралын жөнелтудің алдында уәкілетті агент жолаушыларға авиакомпанияның атауын, ұшу бағытын және рейс нөмірін хабарлайды;";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Балалары бар жолаушыларды тіркеу кезінде уәкілетті агент баланың жасын растайтын құжатты (тууы туралы куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисі арқылы (ішкі рейстерде сәйкестендіру үшін) электрондық құжат, паспорт) тексереді.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Бірге жүретін адамы жоқ баланың билетін тіркеу, баланың жеке басын куәландыратын құжатын немесе цифрлық құжаттар сервисі арқылы (ішкі рейстерде сәйкестендіру үшін) электрондық құжатын көрсету кезінде жүзеге асырылады.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Жүкті жолаушыларға қызмет көрсету кезінде рейстің уәкілетті агенті авиабилеттің, "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі - № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрық) бекітілген нысандағы (048/у) жүкті және босанатын әйелдің айырбас картасының және тасымалдау басталғанға дейін күнтізбелік 7 күннен кешіктірмей берілген № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысандағы (026/у) дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысының болуын текесерді.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
К. Ускенбаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады