Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 13.11.2023 № 608 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларының 50-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 13.11.2023 № 608 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Төмен тұрған құрамның әскери қызметшілерін, тиісті құрамның әскери міндеттілерін не азаматтарды бос әскери лауазымдарға уақытша тағайындау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі |
Ю. Ильин |
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі 2021 жылғы 15 желтоқсандағы № 591 бұйрығымен бекітілген |
Төмен тұрған құрамның әскери қызметшілерін не азаматтарды бос әскери лауазымдарға уақытша тағайындау қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 13.11.2023 № 608 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Төмен тұрған құрамның әскери қызметшілерін не азаматтарды бос әскери лауазымдарға уақытша тағайындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларының 50-тармағына сәйкес әзірленді және төмен тұрған құрамның әскери қызметшілерін не азаматтарды бос әскери лауазымдарға уақытша тағайындау тәртібін айқындайды.
2. Азаматтық қорғау органдарының әскери лауазымдарына уақытша тағайындау:
1) азаматтық қорғаныстың әскери бөлімінің (бұдан әрі – әскери бөлім) қатардағы және сержанттар құрамының бос әскери лауазымдарына тағайындау кезінде - әскери бөлім командирінің (бұдан әрі – әскери бөлім);
2) азаматтық қорғау органдары офицерлер құрамының бос әскери лауазымдарына тағайындау кезінде - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрінің бұйрықтарымен жүзеге асырылады.
2-тарау. Төмен тұрған құрамның әскери қызметшілерін не азаматтарды бос әскери лауазымдарға уақытша тағайындау тәртібі
3. Төмен тұрған құрамның әскери қызметшілері олардың бағынысында офицерлер болмаған жағдайда, кемінде үш жыл үздіксіз әскери қызмет өтілі, жоғары білімі болған кезде офицерлер құрамының бос әскери лауазымына тек кіші офицерлер құрамының лауазымына уақытша тағайындалады.
Офицерлер құрамының бос әскери лауазымына олардың бағынысында офицерлер болмаған жағдайда әскери-есептік мамандығына сәйкес келетін мамандық бойынша жоғары білімі, кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар азаматтар тағайындалады.
Қатардағы және сержанттар құрамының бос әскери лауазымына орта білімнен кем емес және мамандығы бойынша кем дегенде бір жыл жұмыс тәжірибесі бар азаматтар уақытша тағайындалады.
4. Бос әскери лауазымға тағайындау туралы ұсыным хат (еркін нысанда) осы Қағидалардың 2-тармағымен көзделген тұлғалардың қарауына:
1) осы Қағидалардың 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген бос әскери лауазымдарға тағайындау кезінде - әскери бөлімнің кадр қызметі бастығымен;
2) осы Қағидалардың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген бос әскери лауазымдарға тағайындау кезінде – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі - ТЖМ) кадр қызметі бастығымен келісу бойынша әскери бөлім командирімен, ТЖМ облыстық, республикалық маңызы бар қалалық және астаналық аумақтық органының бастығымен, ТЖМ азаматтық қорғаныс бойынша ведомство төрағасымен, ТЖМ құрылымдық бөлімше бастығымен енгізіледі.
5. Азаматтар бос әскери лауазымына уақытша тағайындауға ұсынылған кезде, осы Қағидалардың 4-тармағында санамаланған лауазымды тұлғалар осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес бос лауазымға уақытша тағайындау кезінде ұсынылатын құжаттар тізбесін (бұдан әрі – Құжаттар тізбесі) қоса бере отырып, баянат жолдайды.
6. Бос әскери лауазымға уақытша тағайындау туралы бұйрық (бұдан әрі - бұйрық) ұсыным хат және Құжаттар тізбесі енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шығарылады.
Бұйрықтың үзіндісі бұйрық шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тіркеу үшін ТЖМ кадр қызметіне жолданады.
7. Әскери лауазымдарға уақытша тағайындалған азаматтармен бұйрық шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде еңбек шарты жасалады.
8. Төмен тұрған құрамның әскери қызметшілерінің және азаматтық персонал адамдарының лауазымдық айлықақысы атқаратын әскери лауазымына сәйкес белгіленеді.
9. Әскери лауазымдарға уақытша тағайындалған азаматтық персонал адамдары осы лауазымдарға әскери қызметшілер тағайындалған кезде басқа әскери лауазымға тағайындалады, ал басқа әскери лауазымға тағайындау мүмкін болмаған жағдайда Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінде белгіленген тәртіппен шығарылады.
Төмен тұрған құрамның әскери қызметшілерін не азаматтарды бос әскери лауазымдарға уақытша тағайындау қағидаларына қосымша |
Бос лауазымға уақытша тағайындаған кезде ұсынылатын құжаттар тізбесі
1. Жеке сәйкестендіру нөмірі бар Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың немесе оның электрондық нысанының көшірмесі.
2. Білім туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 230 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33219 болып тіркелген) немесе "Білім туралы құжаттарды тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 268 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32800 болып тіркелген) сәйкес білім туралы құжаттарды тану рәсімдерінен өткенін растайтын құжаттар (наториалды куәландырылған).
3. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес кандидаттың еңбек қызметін растайтын құжаттар.
4. Тиісті санаттағы көлік құралын басқару құқығын растайтын жүргізуші куәлігінің немесе оның электрондық нысанының көшірмесі.
5. Кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсынғанын растайтын құжаттар.
6. Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама.
7. Алдын ала медициналық куәландырудан өтуі туралы құжат.
8. Резюме.