Білім туралы құжаттарды тану қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 268 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 15 маусымда № 32800 болып тіркелді.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына және 36-бабына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 11 маусымдағы № 917 Жарлығына, "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысының 15-тармағының 31) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Білім туралы құжаттарды тану қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі
С. Нурбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      _____________________

      2023 ж. "__" ___________

  Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім
министрі
2023 жылғы 12 маусымдағы
№ 268 бұйрығына
қосымша

Білім туралы құжаттарды тану қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Білім туралы құжаттарды тану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысының 15-тармағының 31) тармақшасына сәйкес әзірленген және шетелдік білім беру ұйымдарында, оның ішінде олардың филиалдарында, сондай-ақ ғылыми орталықтар мен зертханаларда білім алған жеке адамдардың жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім туралы құжаттарын тану тәртібін айқындайды.

      2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) аттестациялық іс – Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың шетелде алған ғылыми дәреже беру туралы құжатты тану үшін жіберілетін құжаттар топтамасы;

      2) білім туралы құжаттарды тану – бұл шетелдік білім беру ұйымдары, оның ішінде олардың филиалдары, сондай-ақ ғылыми орталықтар мен зертханалар берген білім туралы құжаттарды ресми растау;

      3) бiрыңғай байланыс орталығы – мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша – ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;

      4) диссертация – философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, ғылым кандидаты, ғылым докторы, хабилитацияланған доктор даярлау бойынша нақты мамандық/білім беру бағдарламасы бойынша шетелде қорғалған біліктілік ғылыми жұмысы;

      5) сараптамалық бағалау – білім туралы шетелдік құжаттың ұлттық заңнаманы ескере отырып, оның иегерінің оқуын жалғастыруға және/немесе жұмысқа орналасуына қол жеткізу мақсатында академиялық және (немесе) кәсіби құқықтарын бере отырып, оның тең маңыздылығын ресми түрде белгілеу;

      6) философия докторы (РhD), бейіні бойынша доктор – ғылыми-педагогикалық бағыт немесе кәсіптік қызметтің тиісті саласы бойынша докторантура бағдарламасын меңгерген және Қазақстан Республикасында немесе одан тысқары жерде диссертация қорғаған адамдарға берілетін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танылған дәрежелер;

      7) цифрлық құжаттар сервисі – "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторға бекітіп берілген және ақпараттандыру объектілерінен алынған мәліметтер негізінде қалыптастырылған электрондық түрдегі құжаттарды көрсетуге және пайдалануға арналған объектісі.

      3. Білім туралы құжаттарды тану жеке адамдарға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) қатысты жүзеге асырылады.

      4. "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің "Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Білім туралы құжаттарды тану туралы шешімді көрсетілетін қызметті беруші қабылдайды.

      5. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      6. Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім беру саласындағы уәкілетті органы 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қағидаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы көрсетілетін қызметті берушілерге, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация), "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына хабарлайды.

2-тарау. Білім туралы құжаттарды тану тәртібі

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметіне қойылатын Негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы не Мемлекеттік корпорация арқылы жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметті алуға жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді, көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған кезде құжаттарды қабылдаудан бас тартады және Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес қолхат береді.

      Өтініш портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері келіп түскен күні өтінішті тіркейді және оны басшының жетекшілік ететін орынбасарына қайта жібереді, ол жауапты қызметкерді 1 (бір) жұмыс күні ішінде айқындайды. Құжаттар топтамасы толық жіберілмеген жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қабылдаудан/одан әрі қараудан бас тартады. Өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

      8. Мемлекеттік көрсетілетін қызметіне қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Негізгі талаптардың тізбесі), оның ішінде процестің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген.

1-параграф. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану тәртібі

      9. Құжаттарды тануға басқа мемлекеттерде және халықаралық немесе шетелдік білім беру ұйымдары, оның ішінде олардың филиалдары, сондай-ақ ғылыми орталықтар мен зертханаларда білім алған жеке адамдардың жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы құжаттар жатады.

      Ғылыми дәреже беру туралы құжатты тану Қағидаларға 2-параграфқа сәйкес жүргізіледі.

      Білім туралы құжаттарды тану білім туралы құжаттың түпнұсқалығын анықтау, білім туралы құжатты берген білім беру ұйымында (ғылыми орталықта, зертханада) оны беру кезінде тиісті білім беру қызметін жүзеге асыру құқығының болуын анықтау, қажет болған жағдайда сараптамалық бағалау жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

      10. Заңдастырылған немесе апостильденген білім туралы құжаттарды тану туралы өтінішті қарау мерзімі портал не Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері келіп түскен күні өтінішті тіркейді және оны басшының жетекшілік ететін орынбасарына жолдайды, ол бір жұмыс күні ішінде жауапты қызметкерді айқындайды;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының аумағында заңдық күші бар білім туралы құжаттарды тану мәселелері бойынша халықаралық шарттарға (келісімдерге) сәйкес білім туралы құжаттарды тану рәсімін жүргізеді;

      Діни білім туралы құжаттар келіп түскен кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері тиісті саланың мамандарын тартады.

      Халықаралық шарттар болмаған кезде білім туралы құжаттың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін сараптамалық бағалау жолымен тану рәсімін жүргізеді, қажет болған жағдайда тиісті салалардың мамандарын тартады.

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері тану/сараптамалық бағалау негізінде 2 (екі) жұмыс күні ішінде білім туралы құжатты тану туралы бұйрық шығарады не Негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беріледі;

      4) білім туралы құжатты тану туралы бұйрықтың негізінде 2 (екі) жұмыс күні ішінде Қағидаларға 4 немесе 5-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша білім туралы құжатты тану туралы куәлік ресімделеді

      5) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

      портал арқылы жүгінген кезде білім туралы құжатты тану туралы электрондық куәлік электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы сенімхаттың электрондық көшірмесі негізінде көрсетілетін қызметті алушының немесе уәкілетті өкілдің "жеке кабинетіне" жіберіледі;

      Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде жауапты құрылымдық бөлімшенің жауапты қызметкері ілеспе хат дайындайды және білім туралы құжатты тану туралы куәлікті Мемлекеттік корпорацияға жібереді. Бұл ретте, көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей жеткізуді қамтамасыз етеді.

      11. Көрсетілетін қызметті берушіге заңдастырылмаған немесе апостильденбеген білім туралы құжаттарды тануға арналған құжаттардың толық топтамасы портал не Мемлекеттік корпорация арқылы келіп түскен кезде:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері келіп түскен күні өтінішті тіркейді және оны басшының жетекшілік ететін орынбасарына жолдайды, ол бір жұмыс күні ішінде жауапты қызметкерді айқындайды;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері өтініш келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде білім туралы құжатты беру фактісін және білім туралы құжатты берген білім беру ұйымында білім беру қызметін жүзеге асыру құқығының болуын растауды алу мақсатында шетелдік білім беру ұйымына, ғылыми орталыққа немесе зертханаға ресми сұрау салу жібереді;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері ресми сұрау салу жіберілген сәттен бастап жауапты күту барысында Қазақстан Республикасының аумағында заң күші бар білім туралы құжаттарды тану мәселелері бойынша халықаралық шарттарға (келісімдерге) сәйкес білім туралы құжаттарды тану рәсімін жүргізеді.

      Діни білім туралы құжаттар келіп түскен кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері тиісті саланың мамандарын тартады.

      Халықаралық шарттар болмаған кезде білім туралы құжаттың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін сараптамалық бағалау жолымен тану рәсімін жүргізеді, қажет болған жағдайда тиісті салалардың мамандарын тартады;

      4) егер білім беру ұйымы, ғылыми орталық немесе білім туралы құжат берген зертхана 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің ресми сұрау салуына (электрондық пошта немесе ресми түрде) жауап бермесе, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттарды қайтару туралы дәлелді жауапты ресімдейді;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкерінің тану/сараптамалық бағалау негізінде оң жауап алған жағдайда 2 (екі) жұмыс күні ішінде білім туралы құжатты тану туралы бұйрық шығарылады не Негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беріледі;

      6) білім туралы құжатты тану туралы бұйрықтың негізінде 2 (екі) жұмыс күні ішінде Қағидаларға 4 немесе 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім туралы құжатты тану туралы куәлік ресімделеді;

      7) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

      портал арқылы жүгінген кезде білім туралы құжатты тану туралы электрондық куәлік электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы сенімхаттың электрондық көшірмесі негізінде көрсетілетін қызметті алушының немесе уәкілетті өкілдің "жеке кабинетіне" жіберіледі;

      Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде жауапты құрылымдық бөлімшенің жауапты қызметкері ілеспе хат дайындайды және білім туралы құжатты тану туралы куәлікті Мемлекеттік корпорацияға жібереді. Бұл ретте, көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей жеткізуді қамтамасыз етеді.

      12. Үш халықаралық академиялық рейтингке және олардың екеуінің немесе одан да көбінің алғашқы 250 (екі жүз елу) позицияларының қатарына кіретін: (әлемнің үздік университеттерінің әлемдік рейтингісі Квакарелли Саймондс (QS World University Rankings, КьюЭс Ворлд Юниверсити Ранкинг), әлем университеттерінің академиялық рейтингісі (Academic Ranking of World Universities, Академик Ранкинг оф Ворлд Юниверситиес), Таймс (Times Higher Education World University Rankings, Таймс Хайер Едукейшн Ворлд Юниверсити Ранкинг) басылымының нұсқасы бойынша әлемнің үздік университеттерінің рейтингісіне енгізілген жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) алған білім туралы құжаттары білім туралы құжаттың түпнұсқалығын анықтау арқылы ғана танылады.

      Тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ЖЖОКБҰ-ның білімі туралы құжаттар беру сәтінде білім туралы құжаттың түпнұсқалығын белгілеу жолымен ғана танылады. Тану көрсетілетін қызметті берушінің Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәлік беруі негізінде жүзеге асырылады.

      13. Білім туралы құжаттарды тану рәсімінен мынадай адамдар өтпейді:

      1) "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегерлері;

      2) танудан босататын мынадай халықаралық шарттарға (келісімдерге) қол қойған елдердің білім беру ұйымдарының білімі туралы құжаттардың иегерлері:

      1) 1992 жылғы 15 мамырдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының "Білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы" келісімі;

      2) 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарты;

      3) 2017 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалының жұмыс істеуі туралы келісімі.

      14. Өзара тану туралы халықаралық шарттарға (келісімдерге) қол қойған елдердің білімі туралы құжаттар мынадай тәртіппен танылады:

      1) Егер білім туралы құжат заңдастырылмаған немесе апостиль қойылмаған болса, білім туралы құжаттың түпнұсқалығын белгілеу;

      2) білім туралы құжат берген білім беру ұйымында (ғылыми орталықта, зертханада) оны беру сәтінде тиісті білім беру қызметін жүзеге асыру құқығының болуын белгілеу.

      Өзара тану туралы халықаралық шарттарға (келісімдерге) қол қойған елдердің білімі туралы құжаттарды тану көрсетілетін қызметті берушінің Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәлік беруі негізінде жүзеге асырылады.

      15. Өзара тану туралы халықаралық шарттар (келісімдер) болмаған кезде білім туралы құжаттар мынадай тәртіппен сараптамалық бағалау жүргізе отырып танылады:

      1) егер білім туралы құжат заңдастырылмаған немесе апостиль қойылмаған болса, білім туралы құжаттың түпнұсқалығын белгілеу;

      2) білім туралы құжат берген білім беру ұйымында (ғылыми орталықта, зертханада) оны беру сәтінде тиісті білім беру қызметін жүзеге асыру құқығының болуын белгілеу;

      3) Білім және (немесе) біліктілік деңгейін бағалау;

      4) оқу кезеңдерін бағалау;

      5) оқыту мерзімдері мен нысанын бағалау;

      6) осы құжат берілген мемлекетте білім туралы құжатты иеленушіге берілетін академиялық және (немесе) кәсіптік құқықтардың Қазақстан Республикасында белгіленген үлгідегі білім туралы тиісті құжаттарға берілетін құқықтарға тең екендігін айқындау;

      7) қосымша білімнің болуын айқындау (білім беру деңгейінде, оқу кезеңдерінде, оқыту мерзімдері мен нысанындағы айырмашылықтар анықталған кезде);

      8) мамандық немесе білім беру бағдарламасы бойынша практикалық дағдылар мен жұмыс тәжірибесінің болуын айқындау (білім беру деңгейінде, оқу кезеңдерінде, оқыту мерзімдері мен нысанында айырмашылықтар анықталған кезде).

      16. Сараптамалық бағалау жүргізу және білім беру деңгейіндегі, оқыту кезеңдеріндегі, оқыту мерзімдері мен нысанындағы айырмашылықтарды анықтау кезінде білім туралы құжатты тану қосымша білім алуды және оқуды, мәлімделген мамандық немесе білім беру бағдарламасы бойынша 5 жылдан астам практикалық дағдылар мен жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын құжаттарды ескере отырып жүргізіледі.

      Егер шетелдiк бiлiм беру ұйымы, ғылыми орталық немесе зертханалар берген бiлiм туралы құжатта Қазақстан Республикасының бiлiм беру деңгейлерi бойынша кадрлар даярлау бағыттарының немесе бiлiктiлiктердiң, мамандықтардың сыныптауыштарында жоқ бiлiктiлiктер көрсетiлген жағдайда, білім беру мазмұны оқытудың тиісті саласы немесе біліктілік, мамандық бойынша жүзеге асырылады.

      17. Білім туралы құжаттарды тану рәсімінің нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші төмендегі шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) Қағидаларға 14-тармағында көрсетілген құжаттар санаты үшін оқуды жалғастыруға және (немесе) жұмысқа орналасуға құқық бере отырып, ұсынылған құжат бойынша білім туралы құжатқа сәйкес білім туралы құжатты тану туралы;

      2) Қағидаларға 15-тармағында көрсетілген құжаттар санаты үшін оқуды жалғастыруға және (немесе) жұмысқа орналасуға құқық бере отырып, тиісті білім деңгейі/дәрежесі, мамандығы немесе кадрлар даярлау бағыты, біліктілігі бойынша білімі туралы құжатты тану туралы;

      3) мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      18. Негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты, орны мен тәсілі туралы хабарлайды. Хабарлама (Хабарлама) ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша немесе электрондық мекен-жай бойынша не хабарламаны немесе шақыруды тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып мәтіндік хабарламамен жіберіледі.

      Тыңдау туралы хабарлама дәлелді бас тарту туралы шешім қабылданғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының қарсылығын алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті беруші оны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылдайды.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шешім қабылдайды не дәлелді бас тартуды қалыптастырады.

      19. Тану туралы куәлік, білімі туралы құжаттарды қайтару немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті алушыға немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша үшінші тұлғаға беріледі не көрсетілетін қызметті берушінің басшысының немесе уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

2-параграф. Ғылыми дәреже беру туралы құжаттарды тану тәртібі

      20. Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың шетелде алған ғылыми дәреже беру туралы құжаттарды тану рәсімі екі кезеңде жүргізіледі:

      1) дәреже беру туралы құжаттың түпнұсқалығын анықтау;

      2) диссертация және ғылыми мақалалар сараптамасы.

      21. Қағидалардың 20-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген диссертациялар мен ғылыми жарияланымдарға сараптама жүргізу кезеңі келесі адамдардың санаттары үшін жүргізілмейді:

      1) диссертация қорғаған үш халықаралық академиялық рейтингтің (әлемнің үздік университеттерінің әлемдік рейтингісі Квакарелли Саймондс (QS World University Rankings, КьюЭс Ворлд Юниверсити Ранкинг), әлем университеттерінің академиялық рейтингісі (Academic Ranking of World Universities, Академик Ранкинг оф Ворлд Юниверситиес), Таймс (Times Higher Education World University Rankings, Таймс Хайер Едукейшн Ворлд Юниверсити Ранкинг) бірінің алғашқы 250 (екі жүз елу) позициясының қатарына кіретін жоғары және (немесе) ЖЖОКБҰ-да диссертация қорғаған адамдар үшін;

      2) "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге оқу үшін ұсынылатын ұйымдардың тізіміне енгізілген ЖЖОКБҰ-да, ғылыми орталықтарда, зертханаларда диссертация қорғаған;

      3) еңбек көші-қон шеңберінде ЖЖОКБҰ-мен шақырылған шетел азаматтары үшін;

      4) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік органдары, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау бағдарламалары бойынша оқытуға жіберілген адамдар, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды қамтитын диссертация қорғаған адамдар үшін;

      5) шетелдік өнер ұйымдарында орындаушылық өнердің жоғары дәрежесі үшін екінші деңгейдегі магистр немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дипломдарын алған адамдар үшін;

      6) хабилитацияланған доктор (Dr.Habil) дипломын алған адамдар үшін.

      22. Аспирантураның, докторантураның кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша оқуға жіберілген "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегерлері ғылыми дәреже беру туралы құжаттарды тану рәсімінен өтпейді.

      23. Қажетті құжаттардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де мәліметтер Негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген.

      24. Көрсетілетін қызметті берушіге портал не Мемлекеттік корпорация арқылы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген ғылыми дәрежелері туралы заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжаттарды тану үшін құжаттардың толық топтамасы келіп түскен кезде:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері келіп түскен күні өтінішті тіркейді және оны басшының жетекшілік ететін орынбасарына жолдайды, ол бір жұмыс күні ішінде жауапты қызметкерді айқындайды;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкерінің оң қорытындысы негізінде 2 (екі) жұмыс күні ішінде білімі туралы құжатты тану туралы бұйрық шығарылады;

      3) бұйрық негізінде 2 (екі) жұмыс күні ішінде Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шетелдік ғылыми дәреже беру туралы құжатты тану туралы куәлік беріледі;

      4) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

      портал арқылы жүгінген кезде электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған ғылыми дәреже беру туралы құжатты тану туралы электрондық анықтама көрсетілетін қызметті алушының немесе уәкілетті өкілдің электрондық құжат нысанындағы сенімхаттың электрондық көшірмесі негізінде "жеке кабинетіне" жіберіледі;

      Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде жауапты құрылымдық бөлімшенің жауапты қызметкері ілеспе хат дайындайды және білімі туралы құжатты тану туралы куәлікті Мемлекеттік корпорацияға жібереді. Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің аяқталуына бір күннен кешіктірмей мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жеткізуді қамтамасыз етеді.

      25. Көрсетілетін қызметті берушіге портал не Мемлекеттік корпорация арқылы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген ғылыми дәрежелері туралы заңдастырылмаған немесе апостильденбеген құжаттарды тану үшін құжаттардың толық топтамасы келіп түскен кезде:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері келіп түскен күні өтінішті тіркейді және оны басшының жетекшілік ететін орынбасарына жолдайды, ол бір жұмыс күні ішінде жауапты қызметкерді айқындайды;

      2) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері өтініш келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде берілген білімі туралы құжат бойынша шетелдік деректер базасы арқылы білімі туралы құжаттарды беру фактісін белгілейді;

      3) шетелдік дерекқорда құжат туралы мәліметтер болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде ғылыми дәреже беру туралы құжатты беру фактісін растау және ғылыми дәреже беру туралы құжатты берген ұйымда білім беру қызметін жүзеге асыру құқығының барын анықтау үшін шетелдік білім беру ұйымына, уәкілетті органға ресми сұрау салу жолдайды;

      4) білім туралы құжатты берген білім беру ұйымы, ғылыми орталық немесе зертхана көрсетілетін қызметті берушінің ресми сұрау салуына 22 (жиырма екі) жұмыс күні ішінде жауапты (электрондық пошта арқылы немесе ресми түрде) ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттарды қайтару туралы дәлелді жауапты ресімдейді;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкерінің оң қорытындысы негізінде 2 (екі) жұмыс күні ішінде білімі туралы құжатты тану туралы бұйрық шығарылады;

      6) бұйрық негізінде 2 (екі) жұмыс күні ішінде Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шетелдік білімі туралы құжатты тану туралы электрондық куәлік беріледі;

      7) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

      портал арқылы жүгінген кезде электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған ғылыми дәреже беру туралы құжатты тану туралы электрондық анықтама көрсетілетін қызметті алушының немесе уәкілетті өкілдің электрондық құжат нысанындағы сенімхаттың электрондық көшірмесі негізінде "жеке кабинетіне" жіберіледі;

      Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде жауапты құрылымдық бөлімшенің жауапты қызметкері ілеспе хат дайындайды және ғылыми дәреже беру туралы құжатты тану туралы куәлікті Мемлекеттік корпорацияға жібереді. Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің аяқталуына бір күннен кешіктірмей мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жеткізуді қамтамасыз етеді.

      26. Көрсетілетін қызметті берушіге портал не Мемлекеттік корпорация арқылы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілмеген ғылыми дәрежелері туралы заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжаттарды тану үшін құжаттардың толық топтамасы келіп түскен кезде:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері келіп түскен күні өтінішті тіркейді және оны басшының жетекшілік ететін орынбасарына жолдайды, ол бір жұмыс күні ішінде жауапты қызметкерді айқындайды;

      2) көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын тапсырған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының аттестаттау ісін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің Сараптамалық кеңесіне сараптамаға жібереді (бұдан әрі – Сараптамалық кеңес).

      3) диссертацияны Сараптамалық кеңесте қарау мерзімі 48 (қырық сегіз) жұмыс күнінен аспайды. Сараптама Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6951 болып тіркелген) Ғылыми дәреже беру қағидаларының 18-тармағына сәйкес өткізіледі (бұдан әрі – Ғылыми дәрежелер беру қағидалары);

      4) Сараптамалық кеңестің қорытындысы көрсетілетін қызметті берушіге Сараптамалық кеңес отырысы өткен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жіберіледі;

      5) Сараптамалық кеңестің қорытындысы негізінде көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсетуден тану туралы бұйрық не Негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағына сәйкес бас тарту туралы дәлелді жауап береді;

      6) көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде Сараптамалық кеңестің оң шешімі негізінде Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ғылыми дәреже беру туралы шетелдік құжатты тану туралы куәлікті рәсімдейді;

      7) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

      портал арқылы жүгінген кезде электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған ғылыми дәреже беру туралы құжатты тану туралы электрондық анықтама көрсетілетін қызметті алушының немесе уәкілетті өкілдің электрондық құжат нысанындағы сенімхаттың электрондық көшірмесі негізінде "жеке кабинетіне" жіберіледі;

      Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде жауапты құрылымдық бөлімшенің жауапты қызметкері ілеспе хат дайындайды және ғылыми дәреже беру туралы құжатты тану туралы куәлікті Мемлекеттік корпорацияға жібереді. Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің аяқталуына бір күннен кешіктірмей мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жеткізуді қамтамасыз етеді.

      27. Көрсетілетін қызметті берушіге портал не Мемлекеттік корпорация арқылы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілмеген ғылыми дәрежелері туралы заңдастырылмаған немесе апостиль қойылмаған құжаттарды тану үшін құжаттардың толық топтамасы келіп түскен кезде:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері келіп түскен күні өтінішті тіркейді және оны басшының жетекшілік ететін орынбасарына жолдайды, ол бір жұмыс күні ішінде жауапты қызметкерді айқындайды;

      2) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық тапсырған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері өтініш келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде берілген білімі туралы құжат бойынша шетелдік деректер базасы арқылы білімі туралы құжаттарды беру фактісін белгілейді;

      3) шетелдік дерекқорда құжат туралы мәліметтер болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде білімі туралы құжатты беру фактісін растау және білім туралы құжатты берген ұйымда білім беру қызметін жүзеге асыру құқығының барын анықтау үшін шетелдік білім беру ұйымына, уәкілетті органға ресми сұрау салу жолдайды;

      Білім туралы құжатты берген білім беру ұйымы, ғылыми орталық немесе зертхана көрсетілетін қызметті берушінің ресми сұрау салуына 14 (он төрт) жұмыс күні ішінде жауапты (электрондық пошта арқылы немесе ресми түрде) ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттарды қайтару туралы дәлелді жауапты ресімдейді;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері оң жауап алғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының аттестаттау ісін Сараптамалық кеңеске сараптамаға жолдайды;

      5) диссертацияны Сараптамалық кеңесте қарау мерзімі 48 (қырық сегіз) жұмыс күнінен аспайды. Бұл ретте Ғылыми дәреже беру қағидаларының 18-тармағына сәйкес сараптама жүргізіледі.

      6) Сараптамалық кеңестің қорытындысы көрсетілетін қызметті берушіге Сараптамалық кеңес отырысы өткен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жіберіледі;

      7) Сараптамалық кеңестің қорытындысы негізінде көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсетуді тану туралы бұйрық немесе Негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағына сәйкес бас тарту туралы дәлелді жауап береді;

      8) көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде Сараптамалық кеңестің оң шешімі негізінде ғылыми дәреже тану туралы құжатты мойындайды және Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ғылыми дәреже беру туралы шетелдік құжатты тану туралы куәлік рәсімдейді;

      9) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

      портал арқылы жүгінген кезде электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған ғылыми дәреже беру туралы құжатты тану туралы электрондық анықтама көрсетілетін қызметті алушының немесе уәкілетті өкілдің электрондық құжат нысанындағы сенімхаттың электрондық көшірмесі негізінде "жеке кабинетіне" жіберіледі;

      Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде жауапты құрылымдық бөлімшенің жауапты қызметкері ілеспе хат дайындайды және ғылыми дәреже беру туралы құжатты тану туралы куәлікті Мемлекеттік корпорацияға жібереді. Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің аяқталуына бір күннен кешіктірмей мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жеткізуді қамтамасыз етеді.

      28. Тану туралы куәлік не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке өзіне немесе нотариаттық куәландырылған сенімхат бойынша үшінші тұлғаға беріледі не көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      29. Көрсетілетін қызметті алушы Сараптамалық кеңестің теріс шешімі негізінде қабылданған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауаппен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге еркін нысанда апелляциялық өтініш береді. Апелляциялық өтініш танудан бас тартуды алған күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде беріледі. Апелляциялық өтініш Дәрежелерді беру қағидаларының 28 және 29-тармақтарында көрсетілген тәртіппен қаралады.

3-тарау. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану туралы куәліктердің телнұсқаларын беру тәртібі

      30. Тегі, аты немесе әкесінің аты (бар болған жағдайда) өзгерген, білімі туралы құжатты тану туралы куәлік жоғалған, бүлінген жағдайда тану туралы куәліктің телнұсқасы (бұдан әрі – телнұсқа) беріледі.

      31. Телнұсқаны алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы Негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш жібереді.

      32. Берілген куәлік бланкісінің оң жақ жоғары бұрышына "Телнұсқа" деген жазу жазылады.

      33. Көрсетілетін қызметті берушіге білім туралы құжаттардың тану туралы куәліктеріне телнұсқаларын беруге арналған құжаттардың толық топтамасы портал не Мемлекеттік корпорация арқылы келіп түскен кезде:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері келіп түскен күні өтінішті тіркейді және оны басшының жетекшілік ететін орынбасарына жолдайды, ол бір жұмыс күні ішінде жауапты қызметкерді айқындайды;

      2) құрылымдық бөлімшенің қызметкері 3 (үш) жұмыс күні ішінде тану туралы куәлікті беру фактісін растайды және оны көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкеріне жолдайды;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері 2 (екі) жұмыс күні ішінде білім туралы құжатты тану туралы куәліктің телнұсқасын немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде білім туралы құжатты тану туралы куәліктің телнұсқасына немесе Негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағына сәйкес бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды;

      5) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

      портал арқылы жүгінген кезде білім туралы құжатты тану туралы электрондық куәліктің телнұсқасы электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы сенімхаттың электрондық көшірмесі негізінде көрсетілетін қызметті алушының немесе уәкілетті өкілдің "жеке кабинетіне" жіберіледі;

      Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде жауапты құрылымдық бөлімшенің жауапты қызметкері ілеспе хат дайындайды және білім туралы құжатты тану туралы куәліктің телнұсқасын Мемлекеттік корпорацияға жібереді. Бұл ретте, көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей жеткізуді қамтамасыз етеді.

4 тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      34. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына не ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

      35. Шағым әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік органға, лауазымды адамға беріледі.

      Әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган, лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.

      36. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

  Білім туралы құжаттарды
тану қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім
министрлігінің
"Жоғары білім беруді
дамыту ұлттық орталығы"
шаруашылық жүргізу
құқығындағы республикалық
мемлекеттік кәсіпорны
________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда) *
________________________
Азаматтығы: *____________
*_______________________
Жеке басын растайтын құжаты
(паспорт/жеке куәлік):
*_______________________
(нөмірі, сериясы, күні
және кім бергені)
________________________
Тұрғылықты мекенжайы:
________________________
________________________
(ел, облыс, қала, аудан, көше
атауы, үй және пәтер нөмрі)
Байланыс деректері*______
*Тел.:______________________
*Эл.пошта: ________________
(ұялы, жұмыс/үй телефондары,
электрондық пошта адресі)
Жұмыс немесе оқу орны:
*_______________________
________________________

Өтініш

      Сізден білім туралы құжатты *_________________________________________

      (жұмысқа орналасу, оқуды жалғастыру)

      _________________________________________ мақсатымен тануды өтінемін.

      Білім туралы құжаттың түрі, сериясы және нөмірі*________________________

      ___________________________________________________________________

      (диплом, аттестат, куәлік, сертификат)

      Кім берген*_________________________________________________________

      (білім беру ұйымының, ғылыми орталықтың, зертхананың, елдің толық атауы)

      Мамандық/бағыты бойынша*_________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (толық атауы)

      Берілген біліктілік/ дәреже*___________________________________________

      (толық атауы)

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді

      пайдалануға келісім беремін. Ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің

      дұрыстығы үшін толық жауап беремін.

      "___"______________20____жыл _____________________________ (жеке қолы)

      *- толтырылуы міндетті.

  Білім туралы құжаттарды
тану қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
  Үлгі _______________________
__________________________
(көрсетілетін қызметті алушының
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған
жағдайда) (бұдан әрі - Т.А.Ә.) (бар
болған жағдайда)
__________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)
__________________________

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы, Сіздің Қағидаларда көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған, сондай-ақ қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1. _______________________;

      2. _______________________;

      3. _______________________

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалған.

      ___________________________________________________ _____________

      Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) (Мем.корпорация қызметкері) (қолы)

      Телефон: __________________________

      Алдым: _____________________________________________________

      мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)/қолы

      20_____жылғы "____" ______________

  Білім туралы құжаттарды
тану қағидаларына
3-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы: "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану"
Мемлекеттік қызметтің кіші түрінің атауы:
"Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану";
"Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану туралы куәліктің телнұсқасын беру".

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің "Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

Барлық кіші түрлер үшін:
1) Мемлекеттік корпорация арқылы;
2) "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы.

3

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі

Білім туралы заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжаттарды тану туралы өтінішті қарау мерзімі:
-портал арқылы жүгінген кезде - 15 (он бес) жұмыс күні
- Мемлекеттік корпорация бөлімшелеріне жүгінген кезде - 25 (жиырма бес) жұмыс күні
Білім туралы заңдастырылмаған және жарияланбаған құжаттарды тану туралы өтінішті қарау мерзімі:
- портал арқылы жүгінген кезде - 35 (отыз бес) жұмыс күні
- Мемлекеттік корпорация бөлімшелеріне жүгінген кезде - 45 (қырық бес) жұмыс күні
Білім туралы құжаттарды тану қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 24-тармағында көрсетілген ғылыми дәрежелері туралы заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжаттарды тану туралы өтінішті қарау мерзімі:
- портал арқылы жүгінген кезде - 10 (он) жұмыс күні
- Мемлекеттік корпорация бөлімшелеріне жүгінген кезде - 15 (он бес) жұмыс күні
Қағидалардың 25-тармағында көрсетілген ғылыми дәрежелері туралы заңдастырылмаған немесе апостиль қойылмаған құжаттарды тану туралы өтінішті қарау мерзімі:
- портал арқылы жүгінген кезде-35 (отыз бес) жұмыс күні
- Мемлекеттік корпорация бөлімшелеріне жүгінген кезде - 40 (қырық) жұмыс күні
Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ғылыми дәрежелері туралы заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжаттарды тану туралы өтінішті қарау мерзімі:
- портал арқылы жүгінген кезде-60 (алпыс) жұмыс күні
- Мемлекеттік корпорация бөлімшелеріне жүгінген кезде - 65 (алпыс бес) жұмыс күні
Қағидалардың 27-тармағында көрсетілген ғылыми дәрежелері туралы заңдастырылмаған немесе апостиль қойылмаған құжаттарды тану туралы өтінішті қарау мерзімі:
- портал арқылы жүгінген кезде - 77 (жетпіс жеті) жұмыс күні
- Мемлекеттік корпорация бөлімшелеріне жүгінген кезде - 82 (сексен екі) жұмыс күні
Телнұсқа беру туралы өтінішті қарау мерзімі:
Мемлекеттік корпорация бөлімшелеріне жүгінген кезде - 15 (он бес) жұмыс күні.
Портал арқылы жүгінген кезде - 7 (жеті) жұмыс күні.
Құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсыру
үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут;
Көрсетілетін қызметті алушыға Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минуттан аспайды.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электронды түрінде (ішінара автоматтандырылған):
білім туралы құжаттарды тану
білім туралы құжаттарды тану туралы куәліктің телнұсқасын беру.
Қағаз түрінде:
білім туралы құжаттарды тану
білім туралы құжаттарды тану туралы куәліктің телнұсқасын беру.

5

Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:
1) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:
–Қағидаларға 4, 5 және (немесе) 6-қосымшаларға сәйкес білім туралы құжаттарды тану туралы куәлік;
- Қағидаларға 4, 5 және (немесе) 6-қосымшаларға сәйкес білім туралы құжаттарды тану туралы куәліктің телнұсқасы;
- осы Тізбенің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
2) порталға жүгінген кезде:
–Қағидаларға 4, 5 және (немесе) 6-қосымшаларға сәйкес білім туралы құжатты электрондық нысанда тану туралы куәлік;
- Қағидаларға 4, 5 және (немесе) 6-қосымшаларға сәйкес электрондық нысанда білім туралы құжаттарды тану туралы куәліктің телнұсқасы;
- осы Тізбенің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қағаз жеткізгіште жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі қағаз нысанда ресімделеді, көрсетілетін қызметті берушінің басшысының немесе осыған уәкілеттік берілген адамның мөрімен және қолымен куәландырылады.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің басшысының немесе уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру шарты:
- көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды беру көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкілі Мемлекеттік корпорация арқылы жеке куәлігін көрсеткен кезде жүзеге асырылады;
- порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі және сақталады.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның мерзімінде талап етілмеген құжаттарды сақтау шарты:
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші оларды көрсетілетін қызметті алушы алғанға дейін қабылдау орны бойынша сақтауды қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік корпорация құжаттардың сақталуын бір ай бойы қамтамасыз етеді, содан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін береді.
Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық/қағаз түрінде.

6

Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны жинау тәсілдері

№ п/п

Қызмет атауы

1 бірліктің бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (АЕК)

1

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану

10 АЕК

2

Шетелде диссертация қорғаған адамдардың құжаттарын тану

10 АЕК

3

Білім туралы құжаттарды мойындау туралы куәліктің көшірмесін жасау/қалпына келтіру

3 АЕК

Мемлекеттік қызметті көрсету құнын "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 146-бабына сәйкес айқындалып Мемлекеттік көрсетілетін қызмет құнын төлеу қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті беруші өтінімді қарастыруға қабылдаған жағдайда, төлем қайтарылмайды.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) Көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен.
2) Мемлекеттік корпорацияда - дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ға дейін үзіліссіз, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету бөлімдерінің кезекшілері дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа.
Қабылдау "электронды" кезек тәртібімен, жеделдетіп қызмет көрсетусіз, көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша жүзеге асырылады, портал арқылы кезекті броньдауға болады.
3) Порталда - құжаттарды қабылдау жөндеу жұмыстарына байланысты техникалық үзілісті есептемегенде тәулік бойы жүзеге асады (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі

1.Білім туралы құжатты тану туралы куәлікті алу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
- Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:
1) нотариат куәландырған сенімхат негізінде иеленушінің немесе уәкілетті өкілдің цифрлық құжаттар сервисі (жеке басын сәйкестендіру үшін) арқылы жеке басын куәландыратын және (немесе) электрондық құжат нысанындағы құжат;
2) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім туралы құжаттарды тану туралы өтініш;
3) білімі туралы заңдастырылған немесе апостильденген құжаттың көшірмесі және оған қосымшаның нотариат куәландырған аудармасымен (егер құжат толығымен шет тілінде болса), мөрдің аудармасын қоса алғанда.
Заңдастырудың күшін жоюды және (немесе) білім туралы құжаттарға апостиль қоюды көздейтін құқықтық көмек туралы халықаралық шартқа (келісімге) қатысушы елде білім туралы құжатты беру кезінде білім туралы құжаттың және оған қосымшаның қағаз нотариалды куәландырылған көшірмесі және мөрді, мөртабанды аударуды қоса алғанда, нотариат куәландырған аударма (егер құжат толығымен шет тілінде болса) ұсынылады;
Осы тармақта көрсетілген құжаттардың қазақ немесе орыс тілдеріне аударылуын куәландыруды Қазақстан Республикасының аумағындағы нотариус немесе құжат берілген елдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдары жүзеге асырады.
Тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгізілген, белгілі бір аумақта әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы білімі туралы құжаттың және оған қосымшаның көшірмесін, олардың нотариат куәландырған аудармаларымен бірге (егер құжат толығымен шет тілінде болса) мөрді, мөртабанды аударуды қоса алғанда ұсынады.
4) Қазақстан Республикасының бейрезиденттер үшін – білімі туралы құжат иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (қазақ немесе орыс тіліне аудармасы бар).
5) төлем туралы мәліметтер (сұрау салуға жауап болмаған кезде қайта жүгінген кезде талап етілмейді);
6) егер білімі туралы құжаттың иесі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жолдамасы бойынша оқудан өткен болса, бұйрықтың көшірмесі не тиісті ЖЖОКБҰ-ға жіберу туралы бұйрықтан үзінді көшірме қоса берілсін.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
- портал арқылы жүгінген кезде:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім туралы құжаттарды тану туралы өтініш;
2) білімі туралы заңдастырылған немесе апостильденген құжаттың және оған қосымшаның мөрдің аудармасын қоса алғанда, нотариат куәландырған аудармасымен (егер құжат толығымен шет тілінде болса) электрондық көшірмесі.
Заңдастырудың күшін жоюды және (немесе) білім туралы құжаттарға апостиль қоюды көздейтін құқықтық көмек туралы халықаралық шартқа (Келісімге) қатысушы елде білім туралы құжатты беру кезінде білім туралы құжаттың және оған қосымшаның электрондық нотариалды куәландырылған көшірмесі және мөрдің, мөртаңбаның аудармасын қоса алғанда, нотариат куәландырған аударма (егер құжат толығымен шет тілінде болса) ұсынылады;
Осы тармақта көрсетілген құжаттардың қазақ немесе орыс тілдеріне аударылуын куәландыруды Қазақстан Республикасының аумағындағы нотариус немесе құжат берілген елдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдары жүзеге асырады.
Тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгізілген, белгілі бір аумақта әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы білімі туралы құжаттың және оған қосымшаның электрондық көшірмесін, олардың нотариат куәландырған аудармаларымен бірге (егер құжат толығымен шет тілінде болса) мөрді, мөртабанды аударуды қоса алғанда ұсынады.
3) Қазақстан Республикасының бейрезиденттер үшін – білімі туралы құжат иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі (қазақ немесе орыс тіліне аудармасы бар).
4) төлем туралы мәліметтер (сұрау салуға жауап болмаған кезде қайта жүгінген кезде талап етілмейді).
5) Егер білімі туралы құжаттың иесі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жолдамасы бойынша оқудан өткен болса, бұйрықтың көшірмесі не тиісті ЖЖОКБҰ-ға жіберу туралы бұйрықтан үзінді көшірме қоса берілсін.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салуды қабылдау/бас тарту мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
2. Ғылыми дәреже беру туралы құжатты тану туралы куәлік алу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
Егер көрсетілетін қызметті алушы Қағидалардың 21-тармағының 1), 2), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдар санатына жатса, ғылыми дәреже құжатын тану туралы куәлікті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы сәйкес нысан бойынша өтініш жібереді Қағидаларға 1-қосымшаға мынадай құжаттарды қоса бере отырып:
1) нотариат куәландырған сенімхат негізінде иеленушінің немесе уәкілетті өкілдің цифрлық құжаттар сервисі (жеке басын сәйкестендіру үшін) арқылы жеке басын куәландыратын және (немесе) электрондық құжат нысанындағы құжат;
2) қорғау елінде диссертацияны қорғау фактісін растайтын дәреже беру туралы апостиль қойылған не заңдастырылған дипломның нотариат куәландырған электрондық көшірмесі/көшірмесі және дәреже беру туралы дипломның қазақ немесе орыс тіліндегі нотариат куәландырған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса);
3) дәреже беру туралы құжатқа қосымшаның нотариалды куәландырылған электрондық көшірмесі/көшірмесі (транскрипт) немесе өткен оқу пәндері мен практикаларының көлемі туралы мәліметтер және/немесе кандидаттық емтихандарды тапсыру туралы куәліктің көшірмесі (бар болса) және дәреже беру туралы құжатқа қосымшаның нотариалды куәландырылған аудармасы (транскрипт) немесе өткен оқу пәндерінің көлемі туралы мәліметтер және және/немесе кандидаттық емтихандарды тапсыру туралы куәліктің көшірмелері (бар болса) қазақ немесе орыс тілдерінде (егер құжат толығымен шет тілінде болса).
Егер көрсетілетін қызметті алушы Қағидалардың 21-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген адамдар санатына жататын болса, онда ғылыми дәреже тану туралы куәлікті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мынадай құжаттарды қоса бере отырып өтініш жібереді:
1) нотариат куәландырған сенімхат негізінде иеленушінің немесе уәкілетті өкілдің цифрлық құжаттар сервисі (жеке басын сәйкестендіру үшін) арқылы жеке басын куәландыратын және (немесе) электрондық құжат нысанындағы құжат;
2) қорғау елінде диссертацияны қорғау фактісін растайтын дәреже беру туралы апостиль қойылған не заңдастырылған дипломның нотариат куәландырған электрондық көшірмесі/көшірмесі және дәреже беру туралы дипломның қазақ немесе орыс тіліндегі нотариат куәландырған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса);
3) дәреже беру туралы құжатқа қосымшаның нотариалды куәландырылған электрондық көшірмесі/көшірмесі (транскрипт) немесе өткен оқу пәндері мен практикаларының көлемі туралы мәліметтер және/немесе кандидаттық емтихандарды тапсыру туралы куәліктің көшірмесі (бар болса) және дәреже беру туралы құжатқа қосымшаның нотариалды куәландырылған аудармасы (транскрипт) немесе өткен оқу пәндерінің көлемі туралы мәліметтер және практик және/немесе кандидаттық емтихандарды тапсыру туралы куәліктің көшірмелері (бар болған жағдайда) қазақ немесе орыс тілдерінде (егер құжат толығымен шет тілінде болса);
4) шетелдік азаматтың ЖЖОКБҰ шақыруын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі/қағаз түрінде;
5) жұмыс орны бойынша куәландырылған Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек қызметін растайтын электрондық көшірме/көшірме.
Егер көрсетілетін қызметті алушы Қағидалардың 21-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген адамдар санатына жататын болса, онда ғылыми дәреже құжатын тану туралы куәлікті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мынадай құжаттарды қоса бере отырып өтініш жібереді:
1) нотариат куәландырған сенімхат негізінде иеленушінің немесе уәкілетті өкілдің цифрлық құжаттар сервисі (жеке басын сәйкестендіру үшін) арқылы жеке басын куәландыратын және (немесе) электрондық құжат нысанындағы құжат;
2) қорғау елінде диссертацияны қорғау фактісін растайтын дәреже беру туралы апостиль қойылған немесе заңдастырылған дипломның нотариат куәландырған электрондық көшірмесі/көшірмесі және дәреже беру туралы дипломның қазақ немесе орыс тіліндегі нотариат куәландырған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса);
3) дәреже беру туралы құжатқа қосымшаның нотариалды куәландырылған электрондық көшірмесі/көшірмесі (транскрипт) немесе өткен оқу пәндері мен практикаларының көлемі туралы мәліметтер және / немесе кандидаттық емтихандарды тапсыру туралы куәліктің көшірмесі (бар болса) және дәреже беру туралы құжатқа қосымшаның нотариалды куәландырылған аудармасы (транскрипт) немесе өткен оқу пәндерінің көлемі туралы мәліметтер және практик және/немесе кандидаттық емтихандарды тапсыру туралы куәліктің көшірмелері (бар болса) қазақ немесе орыс тілдерінде (егер құжат толығымен шет тілінде болса);
4) электрондық көшірмесі/қағаз түрінде ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды даярлау бағдарламалары бойынша оқуға жіберу еркін нысандағы құжатпен расталады.
Егер көрсетілетін қызметті алушы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген адамдар санатына жатпаса, онда ғылыми дәреже құжатын тану туралы куәлікті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мынадай құжаттарды қоса бере отырып өтініш жібереді:
1) нотариат куәландырған сенімхат негізінде иеленушінің немесе уәкілетті өкілдің цифрлық құжаттар сервисі (жеке басын сәйкестендіру үшін) арқылы жеке басын куәландыратын және (немесе) электрондық құжат нысанындағы құжат;
2) қорғау елінде диссертацияны қорғау фактісін растайтын дәреже беру туралы апостиль қойылған немесе заңдастырылған дипломның нотариат куәландырған электрондық көшірмесі/көшірмесі және дәреже беру туралы дипломның қазақ немесе орыс тіліндегі нотариат куәландырған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса);
3) дәреже беру туралы құжатқа қосымшаның нотариалды куәландырылған электрондық көшірмесі/көшірмесі (транскрипт) немесе өткен оқу пәндері мен практикаларының көлемі туралы мәліметтер және / немесе кандидаттық емтихандарды тапсыру туралы куәліктің көшірмесі (бар болса) және дәреже беру туралы құжатқа қосымшаның нотариалды куәландырылған аудармасы (транскрипт) немесе өткен оқу пәндерінің көлемі туралы мәліметтер және практик және/немесе кандидаттық емтихандарды тапсыру туралы куәліктің көшірмелері (бар болса) қазақ немесе орыс тілдерінде (егер құжат толығымен шет тілінде болса);
4) диссертация электронды түрде (CD-диск). Шет тіліндегі диссертацияға авторефераттың немесе кеңейтілген аннотацияның (кемінде 40 (қырық) мың баспа белгісі) қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасы қоса беріледі. Аннотацияда нәтижелер, зерттеудің мақсаттары, міндеттері, таңдалған тақырыптың өзектілігі, негізгі ғылыми ережелер, қорытындылар мен ұсыныстар көрсетіледі;
5) электрондық көшірмесі/қағаз түрінде "Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – ҰМҒТСО) анықтамасы (еркін нысанда) және диссертацияны плагиатқа тексеру бойынша диссертация қорғалған елдің уәкілетті органының немесе ЖЖОКБҰ-ның (еркін нысанда, бар болса) анықтамасы;
6) электрондық көшірмесі/көшірмесі жарияланымдар тізімі және көшірмелері.
3. Білім туралы құжатты тану туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
- Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:
1) нотариат куәландырған сенімхат негізінде иеленушінің немесе уәкілетті өкілдің цифрлық құжаттар сервисі (жеке басын сәйкестендіру үшін) арқылы жеке басын куәландыратын және (немесе) электрондық құжат нысанындағы құжат;
2) Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша телнұсқа беру туралы өтініш;
3) Егер тану туралы куәліктің иесі оны алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болса) өзгерткен болса, тегін, атын немесе әкесінің атын өзгерту жазбасы актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесін немесе неке туралы немесе некені бұзу туралы актілік жазба (қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен);
4) тану туралы куәліктің түпнұсқасы (егер бар болса);
5) Қазақстан Республикасының бейрезиденттер үшін-білімі туралы құжат иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі (қазақ немесе орыс тіліне аудармасы бар);
6) төлем туралы түбіртек (қайта жүгінген кезде талап етілмейді) ұсынылады.
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен алады.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
- Порталға жүгінген кезде:
1) Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша телнұсқа беру туралы өтініш;
2) Егер тану туралы куәліктің иесі оны алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болса) өзгерткен болса, тегін, атын немесе әкесінің атын өзгерту жазбасы актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесін немесе неке туралы немесе некені бұзу туралы актілік жазба (қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен);
3) тану туралы куәліктің түпнұсқасы (егер бар болса);
4) Қазақстан Республикасының бейрезиденттер үшін-білімі туралы құжат иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі (қазақ немесе орыс тіліне аудармасы бар);
5) төлем туралы мәліметтер ұсынылады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартуы;
4) білім туралы құжатты беру фактісін растау туралы сұрау салуға теріс жауап немесе білім туралы құжатты берген білім беру ұйымында тиісті білім беру қызметін жүзеге асыру құқығының болмауы;
5) Қазақстан Республикасы Халықаралық құқық субъектісі ретінде танымайтын елдердің білімі туралы құжаттарды не шетелдік білім беру ұйымын беру елінің білім беру саласындағы уәкілетті органы мойындамаса;
6) Сараптама кеңесінің теріс қорытындысы;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шетелдік білім беру бағдарламасының білім беру деңгейлерінің және (немесе) даярлау бағыттарының (мамандықтардың, кәсіптердің) ешқайсысына сәйкес келмеуі;
8) білім туралы құжатты беру фактісін және білім туралы құжатты берген білім беру ұйымында тиісті білім беру қызметін жүзеге асыру құқығын растау туралы сұрау салуға жауаптың болмауы.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының қайта жүгінуіне болады.
Осы тармақтың 1), 2), 6) және 8) тармақшаларына сәйкес бас тартылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы қайта жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін жаңа төлем жүргізбейді.

10

Мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы ұсыну ерекшеліктерін ескеретін өзге де талаптар

Цифрлық құжаттар сервисі мобильдік қосымшада және пайдаланушылардың ақпараттық жүйелерінде авторизацияланған субъектілер үшін қолжетімді.
Субъект мобильдік қосымшада және пайдаланушылардың ақпараттық жүйелерінде қолжетімді әдістермен авторландырудан өтеді, бұдан әрі "Цифрлық құжаттар" бөлімінде одан әрі пайдалану үшін қажетті құжатты қарайды.
Заңнамада белгіленген тәртіпте өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүруді, бағдарлануды жүзеге асыру қабілеттерінен немесе мүмкіндігінен толық немесе жартылай айырылған көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Бірыңғай байланыс орталығы арқылы өтініш беру жолымен Мемлекеттік корпорация қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 28-75-27. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу тәртібінде көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметі, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефондары арқылы алуға мүмкіндігі бар.

  Білім туралы құжаттарды
тану қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің
"Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Білім туралы шетелдік құжатты тану туралы
КУӘЛІК

      (білім туралы құжаттың түпнұсқасымен және оның нотариалды расталған аудармасымен нақты)

      БТ № __________

      Осы білім туралы құжат _________________________________________________

      (құжаттың атауы, сериясы, нөмірі және берілген күні)

      _______________________________________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      __________________________________________________________атына берілген

      оқу орны _______________________________________________________________

      (білім туралы құжатты берген ұйымның, ғылыми орталықтың, зертхананың,

      елдің атауы)

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      Қазақстан Республикасында танылып _______________________________________

      _______________________________________________құқығымен куәландырылады

      (оқуды жалғастыру және (немесе) жұмысқа орналасу)

      Негіздеме: ______________________________________________________________

                        (көрсетілетін қызметті беруші шешімінің нөмірі мен күні)

      Басшы_________________________М.О (қолы)

      Тіркеу нөмірі № __________________________

      20__ жылғы "____"_______________________

  Білім туралы құжаттарды
тану қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің
"Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Білім туралы шетелдік құжатты тану туралы
КУӘЛІК

      (білім туралы құжаттың түпнұсқасымен және оның нотариалды расталған аудармасымен нақты)

      БТ І № __________

      Осы білім туралы құжат ___________________________________________________

      (құжаттың атауы, сериясы, нөмірі және берілген күні)

      ________________________________________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      ___________________________________________________________атына берілген

      оқу орны ________________________________________________________________

      (білім туралы құжатты берген ұйымның, ғылыми орталықтың,

      зертхананың, елдің атауы)

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      ____Қазақстан Республикасында (деңгейі/білім дәрежесі, мамандығы немесе білім беру

      бағдарламасы/ біліктілік, кадрларды дайындау бағыты бойынша)__________________

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      сәйкес құқықтық теңдігімен танылсын ________________________________________

      _________________________________________________________________________

      (білім алуға және (немесе) кәсіби қызметке қол жеткізу)

      Негіздеме: ________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті беруші шешімінің нөмірі мен күні)

      Басшы ________________ М.О (қолы)

      Тіркеу нөмірі № ___________________

      20 ___ жылғы "____" ______________

  Білім туралы құжаттарды
тану қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің
"Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Ғылыми дәреже беру туралы шетелдік құжатты тану туралы
КУӘЛІК

      (білім туралы құжаттың түпнұсқасымен және оның нотариалды расталған аудармасымен нақты)

      БТ ІІ № __________

      _____________________________________________________________________атына

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (білім туралы құжатты берген ұйымның, ғылыми орталықтың, зертхананың, елдің атауы)

      оқу орнымен берілген ______________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (құжаттың атауы, сериясы, нөмірі және берілген күні)

      _________________________________________________ осы ғылыми дәрежесі туралы

      құжат Қазақстан Республикасының Ұлттық біліктілік шеңберінің 8 (сегізінші) деңгейіне

      __________________________________________________________________________

      ____________________________________________________даярлық бағыты бойынша

      __________________________________________________________________________

      философия докторы (PhD) / бейіні бойынша доктор дәрежесіне сәйкес деп танылады.

      Негіздеме: ________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті беруші шешімінің нөмірі мен күні)

      Басшы ___________________________ М.О (қолы)

      Тіркеу нөмірі № ____________________

      20_____ жылғы "____" ______________

  Білім туралы құжаттарды
тану қағидаларына
7-қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім
министрлігінің "Жоғары білім
беруді дамыту ұлттық орталығы"
шаруашылық жүргізу
құқығындағы республикалық
мемлекеттік кәсіпорны
___________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты
___________________________
___________________________
(бар болған жағдайда)
Азаматтығы:
*______________
___________________________
Жеке басын растайтын құжаты
(паспорт/жеке куәлік):
*__________________________
___________________________
(нөмірі, сериясы, күні
және кім бергені)
___________________________
___________________________
Тұрғылықты мекен жайы: _____
___________________________
(ел, облыс, қала, аудан, көше атауы,
үй және пәтер нөмрі)
___________________________
Байланыс деректері*_________
*Тел.:______________________
*Эл.пошта: ________________
(ұялы, жұмыс/үй телефондары,
электрондық пошта адресі)
___________________________
___________________________
Жұмыс немесе оқу орны:*_____
___________________________

Өтініш

      Сізден _________________________________________________________

      (білім туралы құжатты тану туралы куәліктің телнұсқасын беру)

      Себебі _________________________________________________________

      (куәліктің жоғалуы/бүлінуін/ тегі, аты немесе әкесінің аты өзгеруі және т.б.)

      Білім туралы құжаттың түрі, сериясы және нөмірі _____________________

      ________________________________________________________________

      (диплом, аттестат, куәлік, сертификат)

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      (білім беру ұйымының, ғылыми орталықтың, зертхананың, елдің толық атауы)

      ________________________________________________________________

      ______________________________________________ мамандық бойынша

      (толық атауы)

      берілген біліктілік/дәрежесі ________________________________________

      _________________________________________________________________

      (толық атауы)

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді

      пайдалануға келісім беремін. Ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің

      дұрыстығы толық жауап беремін. 20_____жылғы "____"______________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) жеке қолы немесе уәкілетті өкіл)

      *- толтырылуы міндетті.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады