Мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру үшін жобаны инвестициялық деп айқындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 11-1-4/590 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 31 желтоқсанда № 26282 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 282-бабының 8-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру үшін жобаны инвестициялық деп айқындау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етуі қажет:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Құқықтық департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрі
М. Тілеуберді

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрі
2021 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 11-1-4/590 бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру үшін жобаны инвестициялық деп айқындау қағидаларын бекіту туралы

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 30.05.2024 № 11-1-4/257 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру үшін жобаны инвестициялық деп айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 282-бабының 8-1-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру үшін жобаны инвестициялық деп айқындау тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:

      1) жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – әкімдік) – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

      2) жылжымайтын мүлікке құқық ауыртпалығы (бұдан әрі – заңдық ауыртпалық) – Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде немесе тараптардың келісімінде көзделген тәртіппен туындаған және құқық иеленушінің жылжымайтын мүлікті иеленуге, пайдалануға және (немесе) оған билік етуге құқығын шектеуді білдіретін жылжымайтын мүлікке құқықтың кез келген шектеулері;

      3) заңдық талаптар – жылжымайтын мүлікке құқықтарға, онымен жасалатын мәмілелерге қатысты үшінші тұлғалардың даулауы не мүддесінің бар екенін айғақтайтын заңдық фактілер;

      4) инвестициялар – лизинг шарты жасалған кезден бастап қаржы лизингі нысанасын, сондай-ақ оларға құқықтарды қоса алғанда, өтініш беруші заңды тұлғаның жарғылық капиталына немесе кәсіпкерлік қызмет үшін, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын, оның ішінде концессиялық жобаны іске асыру үшін пайдаланылатын тіркелген активтерді ұлғайтуға салатын мүліктің барлық түрлері (жеке тұтынуға арналған тауарлардан басқа);

      5) инвестициялық жоба – мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын, оның ішінде концессиялық жобаны іске асыру барысында тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құрылған, кеңейтілген және (немесе) жаңартылған өндірістерін қоса алғанда, тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жаңа өндірістерін құруға, жұмыс iстеп тұрғандарын кеңейтуге және (немесе) жаңартуға инвестициялар көздейтiн iс-шаралар кешені;

      6) қаржылық ауқаттылық – қаражаттың болуын растайтын құжаттың атауы мен нөмірін көрсете отырып, қаражатты қаржыландыру көздері (меншікті немесе қарыз қаражаты);

      7) өңірлік үйлестіру кеңесі – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі немесе оның орынбасары басқаратын, "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес функцияларды және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын консультативтік-кеңесші орган;

      8) өтініш беруші – жобаны іске асыратын, инвестициялық айқындауға жататын және әкімдікке жер учаскесін мемлекеттік меншіктен беру үшін жобаны инвестициялық деп айқындау туралы өтініш берген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы.

2-тарау. Мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру үшін жобаны инвестициялық деп айқындау тәртібі

      3. Мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру үшін жобаны инвестициялық деп айқындау өтініш берушінің уәкілетті өкілімен (өкілдікке уәкілеттігін растайтын құжатты ұсына отырып) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақ және орыс тілдерінде әкімдікке өтініш беру арқылы жүзеге асырылады.

      4. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жобаның бизнес-жоспарын жасауға қойылатын талаптарға сәйкес әзірленген жобаның бизнес-жоспары;

      2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның жұмыс бағдарламасы;

      3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21366 болып тіркелген) бекітілген "Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісі, Қағидаларға сәйкес талап етілген жер учаскесі елді мекеннен тыс жерде орналасса немесе белгіленген базалық мөлшерлемелер мен елді мекеннің белгіленген шекаралары болмаған кезде беріледі;

      4) өтініш берушіні мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

      5) өтініш беруші жарғысының көшірмесі;

      6) өтініш берушінің салықтар және басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы әкімдікке өтініш берілген күнге дейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде берілген анықтама;

      7) өтініш берушінің инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қаржылық ауқаттылығын растайтын келесі құжаттардың бірін не бірнешеуін:

      өтініш берушінің банктердегі шоттарда өз қаражатының бар екенін растайтын құжаттар;

      мүліктің бар екенін растайтын құжаттар;

      бизнестегі үлесінің немесе өзге де активтерінің болуын растайтын құжаттар;

      кредиттік желінің болуын растайтын құжаттар.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасы және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар ұсынылған жағдайда, сондай-ақ өтініш беруші өкілінің уәкілеттілігін растайтын құжат болмаған жағдайда әкімдік құжаттарды қабылданған күннен сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оларды өтініш берушіге қараусыз қайтарады.

      Құжаттарды қайтару өтініш беруші құжаттарды қайтару себептерін жойғаннан кейін қайта жүгінген кезде өтінішті қараудан бас тарту үшін негіз болып табылмайды.

      5. Әкімдік өтінішті және оған қоса берілген құжаттарды қабылданған күннен сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға сәйкестігін, сондай-ақ келесі ақпаратқа сәйкестігін қарайды:

      1) жоба "Инвестицияларды мемлекеттік қолдауды іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 қаулысымен бекітілген инвестициялық жобаларды іске асыру үшін басым қызмет түрлерінің тізбесіне енгізілген қызмет түрлері бойынша жүзеге асырылады;

      2) өтініш берушінің жобаға инвестициялау үшін жоспарлаған қаражатының сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және өтініш берілген күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде жүз елу мың еселенген мөлшерін құрайды;

      3) сұралып отырған жер учаскесі кадастрлық құнының ең жоғары мөлшері өтініш берушінің жобаға жүзеге асыруы көзделетін инвестициялар көлемінің 20 (жиырма) пайызынан аспайды;

      4) сұралып отырған жер учаскесіне жылжымайтын мүлікке заңдық талаптар мен құқық ауыртпалықтарының болмауы;

      5) сұралып отырған жер учаскесі санатының жобаның бизнес-жоспарында көрсетілген нысаналы мақсатқа сәйкестігі;

      6) берілетін жер учаскесі мемлекеттік меншікте болады және оны беру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және өңірді дамыту жоспарына сәйкес келеді.

      Өтініш пен оған қоса берілген құжаттар осы Қағидаларға сәйкес келген кезде әкімдік оларды жер учаскесін беруді келісу үшін өңірлік үйлестіру кеңесіне жібереді.

      Өтініш және оған қоса берілген құжаттар осы Қағидаларға сәйкес келмеген жағдайда, әкімдік өтініш берушіге мемлекеттік меншіктен жер учаскесін беру үшін инвестициялық жобаны айқындаудан дәлелді жазбаша бас тартуды жібереді.

      6. Өңірлік үйлестіру кеңесі өтініш және оған қоса берілген құжаттар келіп түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған материалдарды қарайды және әкімдікке жер учаскесін беруді келісу (бұдан әрі – оң қорытынды) не келісуден бас тарту туралы қорытындыны (бұдан әрі – теріс қорытынды) жолдайды.

      Өңірлік үйлестіру кеңесінің қорытындысында мыналар қамтылады:

      1) жобаның және өтініш берушінің атауы;

      2) өтініш берушінің қызмет түрі;

      3) жобаны іске асыру мерзімі;

      4) инвестициялардың мөлшері (сомасы);

      5) сұратылған жер учаскесі туралы ақпарат;

      6) жер учаскесін беруді келісу не келісуден бас тарту туралы ақпарат.

      Бұл ретте өңірлік үйлестіру кеңесі теріс қорытындыны мынадай негіздемелер бойынша қабылдайды:

      1) жобаның облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының мақсаттарына, міндеттеріне және нысаналы индикаторларына сәйкес келмеуі;

      2) өтініш беруші ұсынған құжаттар және (немесе) олардағы деректер (мәліметтердің) сенімсіздігінің анықталуы.

      7. Әкімдік өңірлік үйлестіру кеңесінің қорытындысын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде:

      1) оң қорытынды шыққан кезде өтініш берушіге осы шешімнің көшірмесін жібере отырып, мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру үшін жобаны инвестициялық деп айқындау шешімін қабылдайды;

      2) теріс қорытынды шыққан кезде өтініш берушіге дәлелді жазбаша бас тартуды жібере отырып, мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру үшін жобаны инвестициялық деп айқындаудан бас тартады.

  Мемлекеттік меншіктен
жер учаскелерін беру үшін
жобаны инвестициялық деп
айқындау қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(облыстың, республикалық
маңызы бар қаланың, астананың,
ауданның және облыстық
маңызы бар қаланың) әкімі,
____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған кезде)
____________________________
Кімнен:____________________,
(заңды тұлғаның толық атауы)
Бизнес сәйкестендіру нөмірі:
___________________________,
Байланыс телефоны,
мекенжайы:
____________________________
____________________________

Өтініш

      Мемлекеттік меншіктен жер учаскесін беру үшін________________________________

                                                      (жобаның толық атауы)

      жобаны инвестициялық деп айқындау мүмкіндігін қарастыруды өтінемін.

      Жобаның түрі:

      Жобаның мақсаты:

      Жер учаскесінің қажетті көлемі:

      Қоса беріліп отырған құжаттар:

      1) __________________________________;

      2) __________________________________;

      3) __________________________________;

      4) __________________________________;

      5) _________________________________;

      6) _________________________________;

      7) _________________________________.

      Күні _____________ Қолы _____________

  Мемлекеттік меншіктен
жер учаскелерін беру үшін
жобаны инвестициялық деп
айқындау қағидаларына
2-қосымша

Жобаның бизнес-жоспарын жасау бойынша талаптар

      1. Бизнес-жоспар келесі бөлімдерден тұрады:

      1) жобаның түйіндемесі;

      2) технологиялық бөлім;

      3) коммерциялық бөлім;

      4) әлеуметтік-экономикалық бөлім.

      2. Жобаның түйіні мыналарды қамтиды:

      1) заңды тұлға туралы ақпарат:

      елді көрсете отырып, шетелдік қатысу үлесі;

      2) жоба бойынша ақпарат:

      жобаның атауы;

      жобаның мақсаты;

      болжанатын жобаның сипаты (жаңа өндірістерді құру);

      құрылатын жұмыс орындарының саны (уақытша және тұрақты);

      аймақтың бағдарламалық құжаттарына сәйкестігі.

      3. Технологиялық бөлім мыналарды қамтиды:

      1) сатып алынатын және пайдаланылатын тіркелген активтер, сондай-ақ технологиялық процестегі импортталатын шикізат пен материалдар көрсетілген жоба технологиясының сипаттамасы;

      2) жобада заманауи технологиялардың қолданылуы, артықшылықтарды баламалармен салыстыру;

      3) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы № 273 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28242 болып тіркелген) бекітілген Басым тауарлар тізбесіне енгізу үшін тауарды қайта бөлу деңгейін бағалау әдістемесіне сәйкес:

      өндірілетін тауардың технологиялық күрделілігі;

      экспорттық әлеует;

      ішкі нарықтағы тұтыну әлеуеті көрсетіледі.

      4. Коммерциялық бөлім мыналарды қамтиды:

      1) шикізатты, материалдар мен жабдықтарды жеткізу:

      пайдаланылатын шикізат пен материалдар түрлерінің тізбесі;

      қажетті технологиялық жабдықтардың тізбесі;

      технологиялық жабдықтың жаңалығы (жабдықтың шығарылған күні және моделі);

      өтініш берушімен шарттық қатынастардың бар-жоғын көрсете отырып, технологиялық жабдық пен шикізатты жеткізушілер;

      2) маркетинг:

      өнімді өткізу – қандай өңірлерге;

      3) төлемге қабілетті сұраныстың болуы, нарықтағы бәсекелестік дәрежесі.

      5. Жобаны іске асырудан өңір үшін экономикалық және әлеуметтік тиімділік мыналарды қамтиды:

      1) тікелей нәтиже:

      өңірге салынатын инвестициялар мен капитал салымдарының күтілетін көлемі;

      өндірістік қуаттар (заттай түрде жоспарланған өнім немесе қызмет көлемі);

      2) жоспарланған тиімділік:

      білікті жұмысшылар мен жоғары білікті жұмысшыларды қоса алғанда, жалпы жұмыс орындарының жоспарлы құрылуы (мамандықтардың саны және атауы);

      әлеуетті жергілікті шикізат жеткізушілерді көрсете отырып, жаңа өндірістік өзара байланыстар құру;

      3) негізгі нәтиже:

      жергілікті бюджетке болжанатын салық түсімдерінің және өзге де төлемдердің сомасы (ақшалай түрде);

      зиянды шығарындылар мен ластануларды азайту мүмкіндігін көрсету, стандарттарға сәйкестігі.

  Мемлекеттік меншіктен
жер учаскелерін беру үшін
жобаны инвестициялық деп
айқындау қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Жобаның жұмыс бағдарламасы

Р/с№

Жоба туралы ақпарат

Өлшем бірлігі

Құрылыстарды салу және (немесе) пайдалану кезеңіндегі барлығы

Жылдар бойынша бөлу (бірінші, екінші және одан кейінгі жылдар)

1.

Инвестициялар, барлығы

мың теңге



2.

Құрылыстарды салу және (немесе) пайдалану, барлығы

мың теңге



3.

Күрделі шығындар, барлығы

мың теңге



4.

Пайдалану шығындары, барлығы

мың теңге



5.

Жанама шығыстар, барлығы

мың теңге



6.

Өзге пайдалану шығыстары (негізгі баптарды ашып көрсете отырып)

мың теңге



7.

Өндірістік және инфрақұрылымдық объектілер және оларды салу (тұрғызу) мерзімдері, қажет болған жағдайда (бар болса)

объектілер саны



8.

Жоба бойынша және өнім түрлері бойынша жалпы жиынтық кіріс

мың теңге



9.

Салық салынатын кіріс

мың теңге



10.

Салық төлегеннен кейін Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының иелігінде қалатын таза кіріс

мың теңге



11.

Тәуекелдерді сақтандыру, барлығы

мың теңге



12.

Жылдық өнімділік

Қолданылатын өлшем бірлігі




Об утверждении Правил определения проекта инвестиционным для предоставления земельных участков из государственной собственности

Приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 27 декабря 2021 года № 11-1-4/590. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 31 декабря 2021 года № 26282.

      Примечание ИЗПИ!
      Вводится в действие с 01.01. 2022.

      В соответствии с пунктом 8-1 статьи 282 Предпринимательского кодекса Республики Казахстан ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила определения проекта инвестиционным для предоставления земельных участков из государственной собственности.

      2. Комитету по инвестициям Министерства иностранных дел Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства иностранных дел Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства иностранных дел Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя Министра иностранных дел Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 1 января 2022 года и подлежит официальному опубликованию.

      Министр иностранных дел
Республики Казахстан
М. Тілеуберді

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство сельского хозяйства
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

  Утверждены приказом
Министра иностранных дел
Республики Казахстан
от 27 декабря 2021 года
№ 11-1-4/590

Правила определения проекта инвестиционным для предоставления земельных участков из государственной собственности

      Сноска. Правила – в редакции приказа и.о. Министра иностранных дел РК от 30.05.2024 № 11-1-4/257 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила определения проекта инвестиционным для предоставления земельных участков из государственной собственности (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 8-1 статьи 282 Предпринимательского кодекса Республики Казахстан и определяют порядок определения проекта инвестиционным для предоставления земельных участков из государственной собственности в соответствии с подпунктом 1) пункта 1 статьи 48 Земельного кодекса Республики Казахстан.

      2. В настоящих Правилах применяются следующие термины и определения:

      1) местный исполнительный орган (далее – акимат) – коллегиальный исполнительный орган, возглавляемый акимом области (города республиканского значения и столицы), района (города областного значения), осуществляющий в пределах своей компетенции местное государственное управление и самоуправление на соответствующей территории;

      2) обременение права на недвижимое имущество (далее – юридическое обременение) – любые ограничения права на недвижимое имущество, возникшее в порядке, предусмотренном законодательными актами Республики Казахстан или соглашением сторон и выражающееся в ограничении правомочия правообладателя на владение, пользование и (или) распоряжение недвижимым имуществом;

      3) юридические притязания – юридические факты, которые свидетельствуют об оспаривании третьими лицами либо наличии интереса в отношении прав на недвижимое имущество, сделок с ним;

      4) инвестиции – все виды имущества (кроме товаров, предназначенных для личного потребления), включая предметы финансового лизинга с момента заключения договора лизинга, а также права на них, вкладываемые заявителем в уставный капитал юридического лица или увеличение фиксированных активов, используемых для предпринимательской деятельности, а также для реализации проекта государственно-частного партнерства, в том числе концессионного проекта;

      5) инвестиционный проект – комплекс мероприятий, предусматривающих инвестиции в создание новых, расширение и (или) обновление действующих производств товаров, работ и услуг, включая производство товаров, работ и услуг, созданных, расширенных и (или) обновленных в ходе реализации проекта государственно-частного партнерства, в том числе концессионного проекта;

      6) финансовая состоятельность – источники финансирования средств (собственные или заемные средства) с указанием наименования и номера документа, подтверждающего наличие средств;

      7) региональный координационный совет – консультативно-совещательный орган, возглавляемый акимом области, города республиканского значения, столицы или его заместителем, осуществляющий функции в соответствии с Законом Республики Казахстан "О специальных экономических и индустриальных зонах" и иные функции, определенные законодательством Республики Казахстан;

      8) заявитель – юридическое лицо Республики Казахстан, реализующее проект, подлежащий определению инвестиционным и подавшее в акимат заявление об определении проекта инвестиционным для предоставления земельного участка из государственной собственности.

Глава 2. Порядок определения проекта инвестиционным для предоставления земельного участка из государственной собственности

      3. Определение проекта инвестиционным для предоставления земельных участков из государственной собственности осуществляется путем подачи уполномоченным представителем заявителя (с предоставлением документа, подтверждающего полномочия на представительство) в акимат заявления по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам, на казахском и русском языках.

      4. К заявлению прилагаются следующие документы:

      1) бизнес-план проекта, разработанный в соответствии с требованиями к составлению бизнес-плана проекта согласно приложению 2 к настоящим Правилам;

      2) рабочая программа проекта по форме согласно приложению 3 к настоящим Правилам;

      3) акт определения кадастровой (оценочной) стоимости земельного участка по форме согласно приложению 3 к Правилам оказания государственной услуги "Определение кадастровой (оценочной) стоимости земельного участка", утвержденным приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 1 октября 2020 года № 301 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 21366) в случае, когда запрашиваемый в рамках Правил земельный участок находится вне населенного пункта, либо в случае отсутствия утвержденных базовых ставок и установленных границ населенного пункта;

      4) справка о государственной регистрации (перерегистрации) заявителя;

      5) копия устава заявителя;

      6) справка об отсутствии (наличии) задолженности заявителя по налогам и другим обязательным платежам, выданная в течение 5 (пяти) рабочих дней до дня подачи заявления в акимат;

      7) один либо несколько из следующих документов, подтверждающих финансовую состоятельность заявителя для реализации инвестиционного проекта:

      документы, подтверждающие наличие собственных средств заявителя на счетах в банках;

      документы, подтверждающие наличие имущества;

      документы, подтверждающие наличие доли в бизнесе или иные активы;

      документы, подтверждающие наличие кредитной линии.

      В случае представления неполного пакета документов согласно перечню, предусмотренному частью первой настоящего пункта и (или) документов с истекшим сроком действия, а также отсутствия документа, подтверждающего полномочия представителя заявителя, акимат в течение 2 (двух) рабочих дней со дня предоставления документов возвращает их заявителю без рассмотрения.

      Возврат документов не является основанием для отказа в рассмотрении заявления при повторном обращении заявителя после устранения причин возврата документов.

      5. Акимат в течение 3 (трех) рабочих дней со дня принятия заявления и приложенных к ним документов рассматривает их на соответствие настоящим Правилам, а также на соответствие следующей информации:

      1) проект осуществляется по видам деятельности, включенным в перечень приоритетных видов деятельности для реализации инвестиционных проектов, утвержденный постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 января 2016 года № 13 "О некоторых вопросах реализации государственной поддержки инвестиций";

      2) сумма денежных средств, планируемая заявителем для инвестирования в проект, составляет не менее ста пятидесяти тысячекратного размера месячного расчетного показателя, установленного законом о республиканском бюджете и действующего на дату подачи заявления;

      3) максимальный размер кадастровой стоимости запрашиваемого земельного участка составляет не более 20 (двадцати) процентов от объема инвестиций, предусматриваемой к осуществлению заявителем в проект;

      4) отсутствие юридических притязаний и обременений прав на недвижимое имущество на запрашиваемый земельный участок;

      5) соответствие категории запрашиваемого земельного участка целевому назначению, указанному в бизнес-плане проекта;

      6) предоставляемый земельный участок находится в государственной собственности и его предоставление соответствует действующему законодательству Республики Казахстан.

      При соответствии заявления и приложенных к нему документов настоящим Правилам акимат направляет их в региональный координационный совет для согласования предоставления земельного участка.

      При несоответствии заявления и приложенных к нему документов настоящим Правилам, акимат направляет заявителю мотивированный письменный отказ в определении проекта инвестиционным для предоставления земельного участка из государственной собственности.

      6. Региональный координационный совет в течение 15 (пятнадцати) рабочих дней со дня поступления заявления и приложенных к нему документов рассматривает представленные материалы и направляет в акимат заключение о согласовании (далее – положительное заключение) либо отказе в согласовании предоставления земельного участка (далее – отрицательное заключение).

      Заключение регионального координационного совета содержит:

      1) наименование проекта и заявителя;

      2) вид деятельности заявителя;

      3) срок реализации проекта;

      4) размер (сумма) инвестиций;

      5) информацию о запрашиваемом земельном участке;

      6) информацию о согласовании либо отказе от согласования предоставления земельного участка.

      При этом отрицательное заключение принимается региональным координационным советом по следующим основаниям:

      1) несоответствие проекта целям, задачам и целевым индикаторам плана развития области, города республиканского значения, столицы;

      2) установление недостоверности документов, представленных заявителем, и (или) данных (сведений), содержащихся в них.

      7. Акимат в течение 5 (пяти) рабочих дней со дня получения заключения регионального координационного совета:

      1) при положительном заключении принимает решение по определению проекта инвестиционным для предоставления земельных участков из государственной собственности с направлением заявителю копии данного решения;

      2) при отрицательном заключении отказывает в определении проекта инвестиционным для предоставления земельных участков из государственной собственности с направлением заявителю мотивированного письменного отказа.

  Приложение 1
к Правилам определения
проекта инвестиционным
для предоставления
земельных участков
из государственной собственности
  Форма
  Акиму ______________________
области (города
республиканского значения
и столицы), района (города
областного значения),
___________________________
(фамилия, имя, отчество
(при наличии)
От: ________________________
___________________________,
(полное наименование
юридического лица)
Бизнес идентификационный номер:
___________________________,
Контактный телефон, адрес:
____________________________
____________________________

Заявление

      Прошу рассмотреть возможность определения проекта
_____________________________________________________ инвестиционным.
(полное наименование проекта)
Вид проекта:
Цель проекта:
Необходимая площадь земельного участка:
Прилагаемые документы:
1) ______________________________________________;
2) ______________________________________________;
3) ______________________________________________;
4) ______________________________________________;
5) ______________________________________________;
6) ______________________________________________;
7) ______________________________________________.
Дата _____________ Подпись ___________

  Приложение 2
к Правилам определения
проекта инвестиционным
для предоставления земельных
участков из государственной
собственности

Требования к составлению бизнес-плана проекта

      1. Бизнес-план состоит из следующих разделов:

      1) резюме проекта;

      2) технологический раздел;

      3) коммерческий раздел;

      4) социально-экономический раздел.

      2. Резюме проекта включает в себя:

      1) информацию об юридическом лице:

      доля иностранного участия с указанием страны;

      2) информацию по проекту:

      наименование проекта;

      цель проекта;

      характер предполагаемого проекта (создание новых производств);

      количество создаваемых рабочих мест (временных и постоянных);

      соответствие программным документам региона.

      3. Технологический раздел включает в себя:

      1) описание технологии проекта с указанием приобретаемых и используемых фиксированных активов, а также импортируемых сырья и материалов в технологическом процессе;

      2) применение современных технологий в проекте, сравнение преимуществ с альтернативами;

      3) в соответствии с Методикой оценки уровня передела товара для включения в перечень приоритетных товаров, утвержденной приказом Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 20 мая 2022 года № 273 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 28242) указывается:

      технологическая сложность производимого товара;

      экспортный потенциал;

      потенциал потребления на внутреннем рынке.

      4. Коммерческий раздел включает в себя:

      1) поставки сырья, материалов и оборудования:

      перечень видов используемого сырья и материалов;

      перечень необходимого технологического оборудования;

      новизна технологического оборудования (дата выпуска и модель оборудования);

      поставщики технологического оборудования и сырья с указанием наличия договорных отношений с заявителем;

      2) маркетинг:

      сбыт продукции – в какие регионы;

      3) наличие платежеспособного спроса, степень конкуренции на рынке.

      5. Социально-экономический раздел включает в себя экономический и социальный эффект для региона от реализации проекта:

      1) прямой результат:

      ожидаемый объем инвестиций и капиталовложений в регион;

      производственные мощности (планируемый объем продукции или услуг в натуральном выражении);

      2) планируемый эффект:

      планируемое создание рабочих мест, в том числе квалифицированные работники и работники с высокой квалификацией (количество и наименование специальностей);

      создание новых производственных взаимосвязей с указанием потенциальных местных поставщиков сырья;

      3) ключевой результат:

      сумма прогнозируемых налоговых поступлений и прочих платежей в местный бюджет (в денежном выражении);

      указание возможности уменьшения вредных выбросов и загрязнений, соответствие стандартам.

  Приложение 3
к Правилам определения
проекта инвестиционным
для предоставления земельных
участков из государственной
собственности
  Форма

Рабочая программа проекта

№ п/п

Информация о проекте

Единица измерения

Всего за период строительства и (или) эксплуатации сооружений

Разбивка по годам (первый, второй и последующие годы)

1.

Инвестиции, всего

тысяч тенге



2.

Строительство и (или) эксплуатация сооружений, всего

тысяч тенге



3.

Капитальные затраты, всего

тысяч тенге



4.

Эксплуатационные затраты, всего

тысяч тенге



5.

Косвенные расходы, всего

тысяч тенге



6.

Прочие эксплуатационные расходы (с расшифровкой основных статей)

тысяч тенге



7.

Производственные и инфраструктурные объекты и сроки их строительства (сооружения), при необходимости (если имеются)

количество объектов



8.

Совокупный доход, общий по проекту и по видам продукции

тысяч тенге



9.

Налогооблагаемый доход

тысяч тенге



10.

Чистый доход, остающийся в распоряжении юридического лица Республики Казахстан после уплаты налогов

тысяч тенге



11.

Страхование рисков, всего

тысяч тенге



12.

Годовая производительность

применимая единица