Басым тауарлар тізбесіне енгізу үшін тауарды өңдеп жасау деңгейін бағалау әдістемесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы № 273 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 27 мамырда № 28242 болып тіркелді

      "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Басым тауарлар тізбесіне енгізу үшін тауарды өңдеп жасау деңгейін бағалау әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
К. Ускенбаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2022 жылғы 20 мамырдағы
№ 273 бұйрығымен
бекітілген

Басым тауарлар тізбесіне енгізу үшін тауарды өңдеп жасау деңгейін бағалау әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Басым тауарлар тізбесіне енгізу үшін тауарды өңдеп жасау деңгейін бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 26-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және басым тауарлар тізбесіне енгізу үшін тауарды өңдеп жасау деңгейін бағалау тәртібін айқындайды.

      2. Әдістемені қолдану саласы өңдеу өнеркәсібінің тауарлары болып табылады. Тауарды қайта бөлу деңгейін бағалау үшін Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының алты белгісі деңгейінде айқындалатын өңдеу өнеркәсібінің тауарлық қосалқы позицияларының (бұдан әрі – тауарлар) тізімі пайдаланылады.

      3. Осы әдістемеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) қайта бөлінудің жоғары деңгейіндегі тауарлар – неғұрлым күрделі өндіріс технологиясы бар терең өңдеу нәтижесін білдіретін дайын тауарлар;

      2) қайта бөлінудің орта деңгейіндегі тауарлар – бастапқы материалдарды көп сатылы қайта өңдеудің нәтижесі болып табылатын технологиялық күрделілігі жоғары емес дайын тауарлар немесе жартылай дайын тауарлар (аралық тауарлар);

      3) қайта бөлінудің төмен деңгейіндегі тауарлар – технологиялық күрделілігінің төмендігімен және қайта өңдеудің қарапайымдылығымен сипатталатын, олардың көпшілігі кейінгі өндірістер үшін аралық тауарлар болып табылатын тауарлар;

      4) қайта жасау – нәтижесінде пайдаланылатын технологиялардың деңгейін ескере отырып, оның химиялық құрамы, физикалық немесе механикалық қасиеттері өзгерістерге ұшырайтын шикізатты қайта өңдеу дәрежесі;

      5) өнімнің күрделілік индексі product Complexity Index (бұдан әрі – PCI индексі) – өнімді өндіру үшін қажетті өндірістік процестердің әртүрлілігі мен күрделілігін бағалайтын индекс.

      Осы Әдістемеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған ұғымдарға сәйкес қолданылады.

2-тарау. Тауарды өңдеп жасау деңгейін бағалау

      4. Ресми статистикалық деректер, халықаралық индекстердің, даму институттарының, мемлекетаралық бірлестіктердің көрсеткіштері тауарды өңдеп жасау деңгейін бағалауды жүргізу үшін ақпарат көздері болып табылады.

      5. Бағалау жүргізілген сәтте есепті кезеңде қажетті ресми статистикалық деректер мен халықаралық индекстердің көрсеткіштері болмаған жағдайда, онда олардың соңғы қолда бар кезеңдегі жылдық мәндері қолданылады.

      6. Өңдеп жасау деңгейін бағалау 3 критерий бойынша жүргізіледі:

      1) өндірілетін тауардың технологиялық күрделілігі;

      2) экспорттық әлеует;

      3) ішкі нарықтағы тұтыну әлеуеті.

      7. Критерийлер бойынша балдар осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес қойылады және мынадай формула бойынша есептеледі:

      Отб=Откб + Оэәб + Оінтб

      онда:

      Отб – түпкілікті бағалау;

      Откб – технологиялық күрделілікті бағалау;

      Оэәб – экспорттық әлеуетті бағалау;

      Оінтб – ішкі нарықта тұтынуды бағалау.

      8. Түпкілікті бағалау нәтижелері бойынша өңдеп жасау тауарлары үш деңгейге бөлінеді:

      1) жоғарғы өңдеп жасау – 8 балдан 10 балға дейін;

      2) орташа өңдеп жасау – 4 балдан 8 балға дейін:

      3) төменгі өңдеп жасау – 0 балдан 4 балға дейін.

      9. Орташа және жоғарғы өңдеп жасау тауарлары басым тауарлар тізбесіне енгізіледі.

3-тарау. "Тауардың технологиялық күрделілігін бағалау" критерийі

      10. Тауардың технологиялық күрделілігін бағалау PCI индексі бойынша тауардың технологиялық күрделілігін бағалау балдарын қосу және тауарды оның пайдалануға дайындығы бойынша бағалау жолымен жүргізіледі.

      11. PMI индексі бойынша өнімнің технологиялық күрделілігін бағалау мынадай кезеңдерді қамтиды:

      1) өңдеуші өнеркәсіп салаларын технологиялық күрделілігі бойынша жіктеу;

      2) PCI индексі бойынша тауардың технологиялық күрделілігін бағалау.

      12. Өңдеу өнеркәсібі салаларын технологиялық күрделілігі бойынша жіктеу осы Әдістемеге 2-қосымшада келтірілген.

      13. PMI индексі бойынша тауардың технологиялық күрделілігін бағалау градацияны есептеу арқылы өңдеу өнеркәсібінің әрбір саласы үшін жеке жүргізіледі.

      Градацияны есептеу шығарындыларды қоспағанда, PMI индексінің ең жоғары және ең төменгі мәндерін айқындауды және саланың технологиялылығына байланысты тауарларды топтарға бөлуді көздейді:

      Жоғары технологиялық салалар:

      1) жоғарғы өңдеп жасау – (PCImin +

(PCImax- PCImin); PCImax);

      2) орташа өңдеп жасау – (PCImin; PCImin +

(PCImax- PCImin));

      Орта технологиялық салалар:

      1) жоғарғы өңдеп жасау – (PCImax -

(PCImax- PCImin); PCImax);

      2) орташа өңдеп жасау – (PCImin+

(PCImax- PCImin)); PCImax –

(PCImax- PCImin));

      3) төменгі өңдеп жасау – (PCImin; PCImin+

(PCImax- PCImin));

      Төмен технологиялық салалар:

      1) орташа өңдеп жасау – (PCImin +

(PCImax- PCImin); PCImax);

      2) төменгі өңдеп жасау – (PCImin; PCImin +

(PCImax- PCImin));

      онда: PCImin – саланың ең төмеңгі PCI мәні;

      PCImin – саланың ең жоғарғы PCI мәні;

      PCI индексі бойынша тауардың технологиялық күрделілігін бағалау балдары осы методикаға 3-қосымшаға сәйкес беріледі.

      14. Тауарды пайдалануға дайындығы бойынша бағалау бойынша балдар мынадай түрде беріледі:

      терең өңдеуге дайын тауарлар – 4,0 балл;

      технологиялық күрделілігі төмен дайын тауарлар, жартылай дайын тауарлар (аралық тауарлар) – 3,2 балл;

      шикізатқа жақын тауарлар, шикізат - 0 балл.

4-тарау. "Экспорттық әлеуетті бағалау" критерийі

      15. Экспорттық әлеуетті бағалау макроөңірдегі тауарлар импорты серпінін талдауды көздейді.

      16. Әрбір тауар үшін макроөңірдің орташа өлшенген таралу қашықтығына байланысты деңгейі айқындалады, ол мынадай формула бойынша айқындалады:



      онда:

      Dотқ – тауар қосалқы позицияларының орташа таралу қашықтығы;

      DAB – А елінен В еліне дейінгі қашықтық;

      Imp – құндық көріністегі тауар қосалқы позициялары импортның көлемі.

      17. Қашықтыққа байланысты тауарлар үш макроөңір тобына бөлінген.

Макроөңір

Қашықтық

Елдер

1-макроөңір

2500 км дейін

14 ел:
Ресей, Қытай, Ауғаныстан, Армения, Әзербайжан, Беларусь, Грузия, Иран, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Түрікменстан, Украина, Өзбекстан

2-макроөңір

3800 км дейін

42 ел:
1-ші макроөңір елдері + Бутан, Ирак, Кувейт, Моңғолия, Непал, Бахрейн, Бангладеш, Болгария, Кипр, Эстония, Финляндия, Үндістан, Израиль, Иордания, Латвия, Ливан, Литва, Оман, Польша, Катар, Молдова, Сауд Арабиясы, Швеция, Сирия, Түркия, БАӘ, Палау, Румыния

3-макроөңір

бүкіл әлем

барлық елдер

      18. Тауардың макроөңірі айқындалғаннан кейін соңғы 5 жылдағы оның импортының серпініне талдау жүргізіледі.

      19. Макроөңірде тауар импорты серпінін талдау қорытындылары бойынша оның импортының өткен кезеңмен салыстырғанда он және одан да көп пайызға өсу кезеңдерінің саны айқындалады. Өсу кезеңдерінің саны өсу болған жылдар санының қосындысымен анықталады.

      20. Экспорттық әлеуетті бағалау макроөңірдегі импорттың он және одан да көп пайызға өсу кезеңдерінің саны негізінде мынадай түрде жүзеге асырылады:

      4 жыл – 1,0 балл;

      3 жыл-0,75 балл;

      2 жыл - 0,5 балл;

      1 жыл-0,25 балл;

      өсім жоқ-0 балл.

5-тарау. "Ішкі нарықта тұтыну әлеуетін бағалау" критерийі

      21. Ішкі нарықта тұтыну әлеуетін бағалау мынадай түрде жүзеге асырылады:

      1) соңғы 5 жылдағы заттай көріністегі отандық өндіріс көлемінің серпінін талдау;

      2) соңғы 5 жылдағы құндық көріністегі импортты талдау.

      Жоғарыда көрсетілген әрбір талдау бойынша ең жоғары балл 0,5 балды құрайды.

      22. Соңғы 5 жылдағы заттай көріністегі отандық өндіріс көлемінің серпінін талдауды бағалау оның өсу кезеңдерінің саны бойынша жүргізіледі және өсу болған жылдар санының сомасымен айқындалады:

      4 жыл - 0,5 балл;

      3 жыл - 0,375 балл;

      2 жыл - 0,25 балл;

      1 жыл-0,125 балл;

      өсім жоқ-0 балл.

      23. Соңғы 5 жылдағы құндық мәндегі импортты талдауды бағалау мынадай түрде айқындалатын құндық мәндегі импорт көлемінің серпіні мен импорт көлемінің орташа мәнін талдау балдарын қосу жолымен жүргізіледі:

      1) импорт көлемінің серпінін талдау алдыңғы кезеңмен салыстырғанда импорттың он және одан да көп пайызға өсу кезеңдерінің саны бойынша жүргізіледі және өсу жүргізілген жылдар санының сомасымен айқындалады:

      4 жыл – 0,25 балл;

      3 жыл – 0,188 балл;

      2 жыл – 0,125 балл;

      1 жыл – 0,06 балл;

      өсім жоқ – 0 балл.

      2) құндық мәндегі импорт көлемінің орташа мәнін талдау тауар импорты көлемінің орташа мәнін айқындауды және оның осы тауар жататын өңдеу өнеркәсібінің саласы ішіндегі импорттың ең жоғары орташа мәніне арақатынасын білдіреді.

      Импорт көлемінің орташа мәнін талдау бойынша балдар мынадай түрде беріледі:

      0,25 балл – импорттың ең көп көлемі бар тауарлар ((Импом>

Импmax);

      0,125 балл – импорттың орташа көлемі бар тауарлар (

Импmax >Импом>

Импmax);

      0 балл – импорттың төмен көлемі бар тауарлар (Импом<

Импmax).

      онда:

      Импом – тауар импорты көлемінің орташа мәні;

      Импmax – сала ішіндегі импорт көлемінің ең жоғарғы орташа мәні.

  Басым тауарлар тізбесіне
қосу үшін тауарды өңдеп
жасау деңгейін бағалау
әдістемесіне
1-қосымша

Тауарды өңдеп жасау деңгейін бағалауға арналған өлшемшарттар

р/с №

Критерийлер

Жоғары балл

1.

Тауардың технологиялық күрделілігі

8,0

2.

Экспорттық әлеует

1,0

3.

Ішкі нарықтағы тұтыну әлеуеті

1,0

  Басым тауарлар тізбесіне
қосу үшін тауарды өңдеп
жасау деңгейін бағалау
әдістемесіне
2-қосымша

Өңдеу өнеркәсібі салаларын технологиялық күрделілігі бойынша жіктеу

р/с №

Қызмет түрі

Саланы технологиялық күрделілігі бойынша жіктеу

1.

Азық-түлік өнімдері өндірісі

төмен технологиялық

2.

Сусындар өндірісі

төмен технологиялық

3.

Темекі өнімдері өндірісі

төмен технологиялық

4.

Жеңіл өнеркәсіп

төмен технологиялық

5.

Жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдар өндірісі; сабаннан және өру материалдарынан жасалған бұйымдар өндірісі

төмен технологиялық

6.

Қағаз және қағаз өнімдері өндірісі

төмен технологиялық

7.

Полиграфиялық қызмет және жазылған ақпарат тасымалдауыштарды шығару

төмен технологиялық

8.

Химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі

жоғары технологиялық

9.

Негізгі фармацевтикалық өнімдер және фармацевтикалық препараттар өндірісі

жоғары технологиялық

10.

Резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісі

орта технологиялық

11.

Басқа да металл емес бұйымдар өндірісі

орта технологиялық

12.

Металлургия өндірісі

орта технологиялық

13.

Машиналар мен жабдықтан басқа, дайын металл бұйымдар өндірісі

орта технологиялық

14.

Машина жасау

жоғары технологиялық

15.

Жиһаз өндірісі

төмен технологиялық

16.

Басқа да дайын өнімдер өндірісі

орта технологиялық

  Басым тауарлар тізбесіне
қосу үшін тауарды өңдеп жасау
деңгейін бағалау
әдістемесіне 3-қосымша

2018 жылға PCI тауарының күрделілік индексінің мәніне байланысты сала ішінде тауарларды бөлу және бағалау

р/с №

сала

Төмен технологиялық күрделілік (0 балл)

Орташа технологиялық күрделілік (3,2 балл)

Жоғары технологиялық күрделілік (4 балл)

1.

Азық-түлік өнімдері өндірісі

Х<(-0,88)

Х> (-0,88)

-

2.

Сусын өндірісі

Х<(-0,50)

Х> (-0,50)

-

3.

Темекі өнімдерін өндіру

Х<(-0,75)

Х> (-0,75)

-

4.

Жеңіл өнеркәсіп

Х<(-0,66)

Х> (-0,66)

-

5.

Жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдар өндірісі; сабаннан және өру материалдарынан жасалған бұйымдар өндірісі

Х<(-1,07)

Х> (-1,07)

-

6.

Қағаз және қағаз өнімдері өндірісі

Х<0,3

Х>0,33

-

7.

Полиграфиялық қызмет және жазылған ақпарат тасымалдауыштарды шығару

-

Х<0,60

-

8.

Химия өнеркәсібінің өнімдері өндірісі

-

Х<0,31

Х>0,31

9.

Негізгі фармацевтикалық өнімдер және фармацевтикалық препараттар өндірісі

-

Х<0,47

Х>0,47

10.

Резеңке және пластмасса бұйымдар өндірісі

Х<(-0,79)

(-0,79)<Х<0,27

Х>0,27

11.

Басқа да металл емес бұйымдар өндірісі

Х<(-0,47)

(-0,47)<Х<0,59

Х>0,59

12.

Металлургия өндірісі

Х<(-0,61)

(-0,61)<Х<0,68

Х>0,68

13.

Машиналар мен жабдықтан басқа, дайын металл бұйымдар өндірісі

Х<0,0

0,0<Х<1,2

Х>1,2

14.

Машина жасау

-

Х<0,38

Х>0,38

15.

Жиһаз өндірісі

Х<0,02

Х>0,02

-

16.

Басқа да дайын өнімдер өндірісі

Х<(-0,95)

(-0,95)<Х<0,18

Х>0,18

      Х – PCI тауар күрделілігі индексінің

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады