Әкімдіктің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 01-1491 қаулысы. Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаментінде 2021 жылғы 6 мамырда № 1322 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 37-бабының 1-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңы 1-бабы 31-тармағының 16) тармақшасына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес әкімдіктің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Нұр-Сұлтан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде әділет органдарына осы тармақтың 2), 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау "Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы Р.Е. Исақұловқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім А. Кульгинов

  Әкім
2021 жылғы 28 сәуірдегі
№ 01-1491 қаулысына
қосымша

Әкімдіктің күшін жойған кейбір қаулылардың тізбесі

      1. "Азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" әкімдіктің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 06-2420 қаулысы (Астана қаласының Әділет департаментінде № 1001 болып тіркелген, 2016 жылғы 10 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 11 ақпандағы № 16 (3368) "Астана ақшамы", № 16 (3386) "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).

      2. "Азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" әкімдіктің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 06-2420 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 06-669 қаулысы (Астана қаласының Әділет департаментінде № 1014 болып тіркелген, 2016 жылғы 16 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 14 мамырдағы № 54 (3406) "Астана ақшамы", № 54 (3424) "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).

      3. "Азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" әкімдіктің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 06-2420 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 15 тамыздағы № 08-1458 қаулысы (Астана қаласының Әділет департаментінде № 1049 болып тіркелген, 2016 жылғы 27 тамыздағы № 99 (3451) "Астана ақшамы", № 99 (3469) "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).

      4. "Азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" әкімдіктің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 06-2420 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 08-2576 қаулысы (Астана қаласының Әділет департаментінде № 1085 болып тіркелген, 2017 жылғы 7 қаңтардағы № 2 (3507) "Астана ақшамы", № 2 (3525) "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).

      5. "2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі біліктілік санаттарын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" әкімдіктің 2016 жылғы 22 тамыздағы № 112-1470 қаулысы (Астана қаласының Әділет департаментінде № 1058 болып тіркелген, 2016 жылғы 23 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде; 2016 жылғы 17 қыркүйектегі № 108 (3460) "Астана ақшамы", № 108 (3478) "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).

О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата

Постановление акимата города Нур-Султана от 28 апреля 2021 года № 01-1491. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Нур-Султана 6 мая 2021 года № 1322

      В соответствии с пунктом 1 статьи 37 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 4) пункта 2 статьи 46 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах", подпунктом 16) пункта 31 статьи 1 Закона Республики Казахстан от 25 ноября 2019 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам оказания государственных услуг", акимат города Нур-Султан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Признать утратившими силу некоторые постановления акимата согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Руководителю государственно-правового отдела Государственного учреждения "Аппарат акима города Нур-Султан" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в органах юстиции;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего постановления направление его копии для официального опубликования в периодических печатных изданиях, распространяемых на территории города Нур-Султан;

      3) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата города Нур-Султан после его официального опубликования;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего постановления представление в органы юстиции сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 2), 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя Государственного учреждения "Аппарат акима города Нур-Султан" Исакулова Р.Е.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким А. Кульгинов

  Приложение
к постановлению Аким
от 28 апреля 2021 года
№ 01-1491

Перечень утративших силу некоторых постановлений акимата

      1. Постановление акимата от 31 декабря 2015 года № 06-2420 "Об утверждении регламентов государственных услуг по вопросам регистрации актов гражданского состояния" (зарегистрировано в Департаменте юстиции города Астаны за № 1001, опубликовано в информационно-правовой системе "Әділет" от 10 февраля 2016 года, от 11 февраля 2016 года в газетах "Астана ақшамы" № 16 (3368), "Вечерняя Астана" № 16 (3386).

      2. Постановление акимата от 7 апреля 2016 года № 06-669 "О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Астаны от 31 декабря 2015 года № 06-2420 "Об утверждении регламентов государственных услуг по вопросам регистрации актов гражданского состояния" (зарегистрировано в Департаменте юстиции города Астаны за № 1014, опубликовано в информационно-правовой системе "Әділет" от 16 мая 2016 года, от 14 мая 2016 года в газетах "Астана ақшамы" № 54 (3406), "Вечерняя Астана" № 54 (3424).

      3. Постановление акимата от 15 августа 2016 года № 08-1458 "О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Астаны от 31 декабря 2015 года № 06-2420 "Об утверждении регламентов государственных услуг по вопросам регистрации актов гражданского состояния" (зарегистрировано в Департаменте юстиции города Астаны за № 1049, опубликовано от 27 августа 2016 года в газетах "Астана ақшамы" № 99 (3451), "Вечерняя Астана" № 99 (3469).

      4. Постановление акимата от 21 декабря 2016 года № 08-2576 "О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Астаны от 31 декабря 2015 года № 06-2420 "Об утверждении регламентов государственных услуг по вопросам регистрации актов гражданского состояния" (зарегистрировано в Департаменте юстиции города Астаны за № 1085, опубликовано от 7 января 2017 года в газетах "Астана ақшамы" № 2 (3507), "Вечерняя Астана" № 2 (3525).

      5. Постановление акимата от 22 августа 2016 года № 112-1470 "Об утверждении Регламента государственной услуги "Присвоение спортивных разрядов: спортсмен 2 разряда, спортсмен 3 разряда, спортсмен 1 юношеского разряда, спортсмен 2 юношеского разряда, спортсмен 3 юношеского разряда и квалификационных категорий: тренер высшего уровня квалификации второй категории, тренер среднего уровня квалификации второй категории, методист высшего уровня квалификации второй категории, методист среднего уровня квалификации второй категории, инструктор-спортсмен высшего уровня квалификации второй категории, спортивный судья" (зарегистрировано в Департаменте юстиции города Астаны за № 1058, опубликовано в информационно-правовой системе "Әділет" 23 сентября 2016 года, от 17 сентября 2016 года в газетах "Астана ақшамы" № 108 (3460), "Вечерняя Астана" № 108 (3478).