Ескерту. Күші жойылды - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 28.04.2021 № 01-1491 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына, "Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 450 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тізілімінде № 13856 болып тіркелген) сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 06-2420 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тізілімінде № 1001 болып тіркелген, 2016 жылғы 11 ақпандағы № 16 (3368) "Астана ақшамы", 2016 жылғы 11 ақпандағы № 16 (3386) "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
1-бөлімнің 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
"Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Астана қаласы "Алматы" ауданы әкімінің аппараты", "Астана қаласы "Есіл" ауданы әкімінің аппараты", "Астана қаласы "Сарыарқа" ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) "Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 450 бұйрығымен бекітілген "Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тізілімінде № 13856 болып тіркелген) (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетеді.
6-тармақтың 3-тармақшасының екінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:
"туылған күннен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін бала тууды тіркеген жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызмет күнтізбелік 13 (он үш) күн ішінде көрсетіледі;".
2. "Астана қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының сақталуын бақылау жөніндегі бөлімнің басшысына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары М.Е. Бектұроваға жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласының әкімі | Ә. Исекешев |