"Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің 2021 жылғы 9 маусымдағы № 02-02/632 ұсынымына сәйкес Нұр-Cұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Нұр-Сұлтан қаласының аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақтар қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. "Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Нұр-Сұлтан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;
3) осы қаулы оның ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Н.Қ. Солтамбековке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | А. Кульгинов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі
Агроөнеркәсіптік кешендегі
мемлекеттік инспекция комитетінің
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша
аумақтық инспекциясы"
мемлекеттік мекемесі
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 4 тамыздағы № 505-2632 қаулысына қосымша |
Нұр-Сұлтан қаласының аумағында карантиндік режим енгізілген карантиндік аймақтар
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 06.04.2022 № 505-1014 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
№ | Карантиндік аймақтардың орналасқан жері | Зақымданған алқап, гектар |
Жатаған у кекіре | ||
1. | Теміржолдар (Нұр-Сұлтан қаласының теміржол вокзалы), М212 белгісі, 10-аудан | 0,002 |
2. | Теміржолдар (Железнодорожный тұрғын алабы), 5-пикет, 2-жұп жолдың 501 километрі | 0,003 |
Жатаған у кекіре бойынша барлығы | 0,005 | |
Арам сояулар | ||
3. | Жазушылар шағынгүлбағы ("Ақсу" қонақ үйі ауданы) | 0,0014 |
4. | Қазақстан халқы Ассамблеясының бейбітшілік және келісім саяжолы | 0,001 |
5. | Теміржолдар (Өндіріс тұрғын алабы), 8-пикет, 39-разъезге қарай 887-888 километр | 0,005 |
6. | Теміржолдар (Нұр-Сұлтан қаласының теміржол вокзалы), 9-вагон депосы | 0,5 |
7. | Райымбек батыр және Қ. Бекхожин көшелерінің қиылысы | 0,001 |
8. | Теміржолдар ("Сороковая" бекеті, "Азия Ойл" жанар май құю станциясына жақын) | 0,001 |
Арам сояулар бойынша барлығы | 0,5094 |