"Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің 2022 жылғы 29 наурыздағы № 02-12/134 ұсынымына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Нұр-Сұлтан қаласы аумағында карантиндік арамшөп арам сояулармен зақымданған алқаптар көлемінде келесі жер телімдерінде карантин режимінің күші жойылсын:
1) Қабанбай батыр даңғылы, № 9/2 ("Премьера – 3" тұрғын үй кешені);
2) теміржолдар (Железнодорожный тұрғын алабы), 22-жолдағы табельдік будка;
3) теміржолдар (Нұр-Сұлтан қаласының теміржол вокзалы), М212 белгісі, 10-аудан.
2. "Нұр-Сұлтан қаласының аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақтарды белгілеу туралы" Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 4 тамыздағы № 505-2632 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23868 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. "Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі | А. Кульгинов |
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 6 сәуірдегі № 505-1014 қаулысына қосымша Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 4 тамыздағы № 505-2632 қаулысына қосымша |
Нұр-Сұлтан қаласының аумағында карантиндік режим енгізілген карантиндік аймақтар
№ | Карантиндік аймақтардың орналасқан жері | Зақымданған алқап, гектар |
Жатаған у кекіре | ||
1. | Теміржолдар (Нұр-Сұлтан қаласының теміржол вокзалы), М212 белгісі, 10-аудан | 0,002 |
2. | Теміржолдар (Железнодорожный тұрғын алабы), 5-пикет, 2-жұп жолдың 501 километрі | 0,003 |
Жатаған у кекіре бойынша барлығы | 0,005 | |
Арам сояулар | ||
3. | Жазушылар шағынгүлбағы ("Ақсу" қонақ үйі ауданы) | 0,0014 |
4. | Қазақстан халқы Ассамблеясының бейбітшілік және келісім саяжолы | 0,001 |
5. | Теміржолдар (Өндіріс тұрғын алабы), 8-пикет, 39-разъезге қарай 887-888 километр | 0,005 |
6. | Теміржолдар (Нұр-Сұлтан қаласының теміржол вокзалы), 9-вагон депосы | 0,5 |
7. | Райымбек батыр және Қ. Бекхожин көшелерінің қиылысы | 0,001 |
8. | Теміржолдар ("Сороковая" бекеті, "Азия Ойл" жанар май құю станциясына жақын) | 0,001 |
Арам сояулар бойынша барлығы | 0,5094 |