Нұр-Сұлтан қаласының аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақтарды белгілеу туралы

Жаңартылған

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 4 тамыздағы № 505-2632 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 4 тамызда № 23868 болып тіркелді.

      "Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің 2021 жылғы 9 маусымдағы № 02-02/632 ұсынымына сәйкес Нұр-Cұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Нұр-Сұлтан қаласының аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақтар қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. "Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Нұр-Сұлтан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;

      3) осы қаулы оның ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Н.Қ. Солтамбековке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім А. Кульгинов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Ауыл

      шаруашылығы министрлігі

      Агроөнеркәсіптік кешендегі

      мемлекеттік инспекция комитетінің

      Нұр-Сұлтан қаласы бойынша

      аумақтық инспекциясы"

      мемлекеттік мекемесі

  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
2021 жылғы 4 тамыздағы
№ 505-2632 қаулысына
қосымша

Нұр-Сұлтан қаласының аумағында карантиндік режим енгізілген карантиндік аймақтар

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 06.04.2022 № 505-1014 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Карантиндік аймақтардың орналасқан жері

Зақымданған алқап, гектар

Жатаған у кекіре


1.

Теміржолдар (Нұр-Сұлтан қаласының теміржол вокзалы), М212 белгісі, 10-аудан

0,002

2.

Теміржолдар (Железнодорожный тұрғын алабы), 5-пикет, 2-жұп жолдың 501 километрі

0,003

Жатаған у кекіре бойынша барлығы

0,005

Арам сояулар


3.

Жазушылар шағынгүлбағы ("Ақсу" қонақ үйі ауданы)

0,0014

4.

Қазақстан халқы Ассамблеясының бейбітшілік және келісім саяжолы

0,001

5.

Теміржолдар (Өндіріс тұрғын алабы), 8-пикет, 39-разъезге қарай 887-888 километр

0,005

6.

Теміржолдар (Нұр-Сұлтан қаласының теміржол вокзалы), 9-вагон депосы

0,5

7.

Райымбек батыр және Қ. Бекхожин көшелерінің қиылысы

0,001

8.

Теміржолдар ("Сороковая" бекеті, "Азия Ойл" жанар май құю станциясына жақын)

0,001

Арам сояулар бойынша барлығы

0,5094


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады