Ақмола облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы

Ақмола облыстық мәслихатының 2021 жылғы 21 желтоқсандағы № 7С-13-3 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 22 желтоқсанда № 25904 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 12-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес, Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ақмола облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшері айқындалсын.

      2. Ақмола облыстық мәслихатының келесі шешімінің және шешімнің құрылымдық элементінің күші жойылды деп танылсын:

      1) "Бюджет қаражаты есебінен Ақмола облысының ауылдық жеріне жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" Ақмола облыстық мәслихатының 2019 жылғы 25 қазандағы № 6С-38-6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7445 болып тіркелген) шешімі;

      2) "Ақмола облыстық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Ақмола облыстық мәслихатының 2021 жылғы 26 ақпандағы № 7С-3-5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8455 болып тіркелген) шешімінің 2 тармағы.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облыстық мәслихаты
хатшысының міндетін атқарушы
Ж.Амиржанов


  Ақмола облыстық мәслихатының
2021 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 7С-13-3 шешіміне
қосымша

Ақмола облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Тәртiп Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы" Кодексiнiң, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының негiзiнде әзiрлендi, Ақмола облысының ауылдық жерiне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiне (бұдан әрi - қызметкерлер) бюджет қаражаты есебiнен әлеуметтiк қолдау көрсету тәртiбi мен мөлшерiн айқындайды.

      2. Әлеуметтiк қолдау көрсету жөнiндегi уәкiлеттi орган – "Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - уәкiлеттi орган).

      3. Жұмыс берушi - тиiстi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымы.

      4. Медицина қызметкерi - жоғары кәсіптік медициналық бiлiмі бар және медициналық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға.

      5. Фармацевтика қызметкерi - жоғары фармацевтикалық бiлiмі бар және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға.

2. Медицина және фармацевтика қызметкерлерiне әлеуметтiк қолдау көрсету тәртiбi мен мөлшерi

      6. Әлеуметтiк қолдау мынадай бір жолғы төлемнен тұрады:

      1) Ақмола облысының облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген қызметкерлерге 2 500 000 (екі миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде;

      2) Ақмола облысының аудандық маңызы бар қалаларына, ауылдық жеріне және кенттеріне жұмысқа жіберілген қызметкерлерге 5 000 000 (бес миллион) теңге мөлшерінде.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облыстық мәслихатының 13.12.2023 № 8С-7-6 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      7. Қызметкерлер әлеуметтік қолдау алу үшін уәкілетті органға мына құжаттарды ұсынады:

      1) жеке куәлiгiнiң көшiрмесi;

      2) жоғары кәсіптік бiлiмі туралы дипломының көшiрмесi;

      3) еңбек еткенін растайтын құжатының көшiрмесi (Қазақстан Республикасы еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес);

      4) мемлекеттiк медицина ұйымына жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшiрмесi.

      8. Әлеуметтік қолдау көрсету туралы құжаттарды қарауды комиссия жүзеге асырады.

      Комиссия мүшелерінің саны кемінде бес адамды құрауы тиіс.

      Комиссия төрағасы лауазымы бойынша уәкілетті орган басшысының орынбасарынан төмен емес тұлға болып табылады.

      Хатшы комиссия мүшесі болып табылмайды.

      9. Комиссия мына функцияларды жүзеге асырады:

      1) қызметкерлер ұсынған құжаттарды қарайды;

      2) қызметкерлерге әлеуметтік қолдау ұсыну не ұсынудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      10. Комиссия қызметкерлер ұсынған осы Тәртіптің 7-тармағында көрсетілген құжаттарды қарайды және он бес жұмыс күні ішінде шешім қабылдайды.

      11. Бiржолғы төлем қызметкерлердің өтiнiшiнiң негiзiнде, екiншi деңгейлi банкте ашылған есептiк шотына аудару арқылы отыз күнтізбелік күн ішінде төленедi.

      Қызметкерлерге әлеуметтiк қолдау көрсету облыстық бюджеттiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

      Уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде қызметкерлерге комиссияның қабылдаған шешімі туралы хабарлайды.

      12. Қызметкерлермен еңбек шарты мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, жұмыс беруші үш жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға хабарлайды.

      13. Қызметкерлер төленген әлеуметтік қолдауды қайтаруды осы Тәртіптің 12-тармағында көзделген негіздер бойынша күнтізбелік отыз күн ішінде жұмыс істеген уақытына тепе-тең жүргізеді.

Об определении порядка и размера оказания социальной поддержки медицинским и фармацевтическим работникам, направленным для работы в сельскую местность и поселки, города районного и областного значения Акмолинской области за счет бюджетных средств

Решение Акмолинского областного маслихата от 21 декабря 2021 года № 7С-13-3. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 22 декабря 2021 года № 25904.

      В соответствии с подпунктом 1) пункта 1 статьи 12 Кодекса Республики Казахстан "О здоровье народа и системе здравоохранения", со статьей 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Акмолинский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить порядок и размер социальной поддержки медицинским и фармацевтическим работникам, направленным для работы в сельскую местность и поселки, города районного и областного значения Акмолинской области за счет бюджетных средств согласно приложению к настоящему решению.

      2. Признать утратившими силу следующие решение и структурный элемент решения Акмолинского областного маслихата:

      1) решение "Об определении порядка и размера оказания социальной поддержки медицинским и фармацевтическим работникам, направленным для работы в сельскую местность Акмолинской области за счет бюджетных средств" от 25 октября 2019 года № 6С-38-6 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 7445);

      2) пункт 2 приложения к решению Акмолинского областного маслихата "О внесении изменений в некоторые решения Акмолинского областного маслихата" от 26 апреля 2021 года № 7С-3-5 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 8455).

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности
секретаря Акмолинского
областного маслихата
Ж.Амиржанов


  Приложение к решению
Акмолинского областного
маслихата от 21 декабря
2021 года № 7С-13-3

Порядок и размер оказания социальной поддержки медицинским и фармацевтическим работникам, направленным для работы в сельскую местность и поселки, города районного и областного значения Акмолинской области за счет бюджетных средств

1. Общие положения.

      1. Настоящий Порядок разработан на основании Кодекса Республики Казахстан "О здоровье народа и системе здравоохранения", Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", определяет порядок и размер оказания социальной поддержки медицинским и фармацевтическим работникам, направленным для работы в сельскую местность и поселки, города районного и областного значения Акмолинской области за счет бюджетных средств (далее - работники).

      2. Уполномоченный орган по оказанию социальной поддержки - государственное учреждение "Управление здравоохранения Акмолинской области" (далее - уполномоченный орган).

      3. Работодатель - государственная организация здравоохранения, финансируемая из соответствующего бюджета.

      4. Медицинский работник - физическое лицо, имеющее высшее профессиональное медицинское образование и осуществляющее медицинскую деятельность.

      5. Фармацевтический работник - физическое лицо, имеющее высшее фармацевтическое образование и осуществляющее фармацевтическую деятельность.

2. Порядок и размер оказания социальной поддержки медицинским и фармацевтическим работникам

      6. Социальная поддержка состоит из единовременной выплаты:

      1) в размере 2 500 000 (два миллиона пятьсот тысяч) тенге работникам, направленным для работы в города областного значения Акмолинской области;

      2) в размере 5 000 000 (пять миллионов) тенге работникам, направленным для работы в города районного значения, сельскую местность и поселки Акмолинской области.

      Сноска. Пункт 6 - в редакции решения Акмолинского областного маслихата от 13.12.2023 № 8С-7-6 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7. Работники для получения социальной поддержки предоставляют в уполномоченный орган следующие документы:

      1) копию удостоверения личности;

      2) копию диплома о высшем профессиональном образовании;

      3) копию документа, подтверждающего трудовую деятельность (в соответствии со статьей 35 Трудового Кодекса Республики Казахстан);

      4) копию приказа о принятии на работу в государственную медицинскую организацию.

      8. Рассмотрение документов об оказании социальной поддержки осуществляет комиссия.

      Количество членов комиссии должно составлять не менее пяти человек.

      Председателем комиссии является лицо по должности не ниже заместителя руководителя уполномоченного органа.

      Секретарь не является членом комиссии.

      9. Комиссия осуществляет следующие функции:

      1) рассматривает предоставленные работниками документы;

      2) принимает решение об оказании или отказе в социальной поддержке работников.

      10. Комиссия рассматривает предоставленные работниками документы, указанные в пункте 7 настоящего Порядка, и принимает решение в течение пятнадцати рабочих дней.

      11. Единовременная выплата осуществляется в течение тридцати календарных дней путем перечисления на лицевой счет работников, открытый в банке второго уровня на основании заявления.

      Оказание социальной поддержки работников осуществляется за счет средств областного бюджета.

      Уполномоченный орган в течение трех рабочих дней уведомляет работников о принятом комиссией решении.

      12. В случае досрочного расторжения трудового договора с работниками работодатель извещает уполномоченный орган не позднее трех рабочих дней.

      13. Возврат выплаченной социальной поддержки, по основаниям предусмотренным пунктом 12 настоящего Порядка, производится работниками пропорционально отработанному времени в течение тридцати календарных дней.