Ақмола облыстық мәслихатының 2021 жылғы 21 желтоқсандағы № 7С-13-3 "Ақмола облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облыстық мәслихатының 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 8С-7-6 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 14 желтоқсанда № 8669-03 болып тіркелді

      Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақмола облыстық мәслихатының "Ақмола облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" 2021 жылғы 21 желтоқсандағы № 7С-13-3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25904 болып тіркелді) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Әлеуметтiк қолдау мынадай бір жолғы төлемнен тұрады:

      1) Ақмола облысының облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген қызметкерлерге 2 500 000 (екі миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде;

      2) Ақмола облысының аудандық маңызы бар қалаларына, ауылдық жеріне және кенттеріне жұмысқа жіберілген қызметкерлерге 5 000 000 (бес миллион) теңге мөлшерінде.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Б.Жусупов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады