Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 21.12.2021 № 7С-13-3 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 12 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақмола облыстық мәслихатының 26.04.2021 № 7С-3-5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен Ақмола облысының ауылдық жеріне жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшері айқындалсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облыстық мәслихаты сессиясының төрағасы |
Ғ.Бекмағамбетов |
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы |
А.Баймағамбетов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі |
"Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі |
Ақмола облыстық мәслихатының 2019 жылғы 25 қазандағы № 6С-38-6 шешіміне қосымша |
Бюджет қаражаты есебінен Ақмола облысының ауылдық жеріне жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшері
1. Жалпы ереже
1. Осы тәртіп Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексіне сәйкес әзірленді және бюджет қаражаты есебінен Ақмола облысының ауылдық жерлеріне жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындайды.
2. Ауылдық жерге жұмыс істеуге жіберілген медицина қызметкері (бұдан әрі – қызметкер) – жұмыс берушімен шарт жасасқан, 2019 жылы және келесі жылдары оқу бітірген түлектер, ауылдық жерге жұмыс істеуге жолданған, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім алған, маманның тиісті сертификаты бар жеке тұлға.
3. Ауылдық жерге жұмыс істеуге жіберілген фармацевтика қызметкері (бұдан әрі - қызметкер) – жұмыс берушімен шарт жасасқан, 2019 жылы және келесі жылдары оқу бітірген түлектер, ауылдық жерге жұмыс істеуге жолданған, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі фармацевтикалық білім алған, маманның тиісті сертификаты бар жеке тұлға.
4. Әлеуметтік қолдау көрсету бойынша уәкілетті орган - "Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган).
5. Жұмыс беруші – медицина және фармацевтика қызметкерімен еңбек шартын жасасқан, тиісті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік медициналық ұйым.
2. Медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшері
5. Қызметкер әлеуметтік қолдау алу үшін уәкілетті органға:
1) еркін нысандағы жазбаша өтініш;
2) жеке куәліктің көшірмесін;
3) жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық немесе фармацевтикалық білімі туралы дипломның көшірмесін;
4) еңбек кітапшасының көшірмесін;
5) мемлекеттік медициналық ұйымға жұмысқа қабылданғаны туралы бұйрықтың көшірмесін;
6) 3х4 фото (2 дана);
7) еңбек шартының көшірмесін;
8) банкте шот ашқаны туралы анықтаманы ұсынады.
6. Әлеуметтік қолдау облыстық бюджет қаражатының есебінен 1 000 000 (бір миллион) теңге көлеміндегі біржолғы төлемнен тұрады.
7. Біржолғы төлем қызметкер мен медициналық ұйым арасында еңбек шарты жасалғаннан кейін, екінші деңгейлі банкте ашылған қызметкердің есепшотына аудару арқылы төленеді.
8. Жұмыскермен еңбек шарты бұзылған жағдайда жұмыс беруші ол туралы уәкілетті органды 10 жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар ету қажет.