Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 14 шілдедегі № А-7/1369 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 15 шілдеде № 23546 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 28-бабының 6-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Көкшетау қалалық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.

      2. Көкшетау қаласы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) "Үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай беру туралы" Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 18 қыркүйектегі № А-9/3497 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6108 болып тіркелген);

      2) "Көкшетау қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 18 қыркүйектегі № А-9/3497 "Үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай беру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 23 қазандағы № А-10/1538 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8091 болып тіркелген).

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Б.Ғайса

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Көкшетау қалалық аумақтық сайлау
комиссиясымен

  2021 жылғы 14 шілдедегі
№ А-7/1369 қаулысына
қосымша

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 29.12.2022 № А-12/2604 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

1

Көкшетау қаласы

"Юбилейный" шағын ауданы, "Бакалея" дүкені ғимаратының оң жағында

Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, "Тігін фабрикасы" аялдамасының сол жағында

Мұхтар Әуезов көшесі, "Базар" аялдамасының сол жағында

"Васильковский" шағын ауданы, "Сырымбет" дүкенінің ғимаратына қарама-қарсы

Кенесары Қасымұлы көшесі, "Достық" дүкені ғимаратының сол жағында

Төлеу Сүлейменов көшесі, "Жібек Жолы" базары ғимаратының сол жағында

Осипенко көшесі, "РИО" сауда ойын-сауық орталығы ғимаратының сол жағында

Рақымбек Сабатаев көшесі, "Ақмола облыстық ауруханасы" аялдамасының сол жағында

Станиславский көшесі, "Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 14 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы

Абай көшесі, "Истоки Кокшетау" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратына қарама-қарсы

Талғат Бигельдинов көшесі, "Бурабай спорт кешені" аялдамасының сол жағында

Оразбек Қуанышев көшесі, "Ауыл шаруашылығы институты" аялдамасының оң жағында

2

Красный Яр ауылы

Достық көшесі, "Темирлан" дүкені ғимаратының сол жағында

Желтоқсан көшесі, "Наурыз" дүкені ғимаратының сол жағында

3

Станционный кенті

Юбилейная көшесі, "Синегорье" дүкені ғимаратының оң жағында

Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов

Постановление акимата города Кокшетау Акмолинской области от 14 июля 2021 года № А-7/1369. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 15 июля 2021 года № 23546.

      В соответствии с пунктом 6 статьи 28 Конституционного закона Республики Казахстан "О выборах в Республике Казахстан", пунктом 2 статьи 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", акимат города Кокшетау ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Определить совместно с Кокшетауской городской территориальной избирательной комиссией места для размещения агитационных печатных материалов, согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Признать утратившими силу следующие постановления акимата города Кокшетау:

      1) постановление акимата города Кокшетау Акмолинской области "Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставлении кандидатам помещений для встреч с избирателями" от 18 сентября 2017 года № А-9/3497 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6108);

      2) постановление акимата города Кокшетау Акмолинской области "О внесении изменений в постановление акимата города Кокшетау от 18 сентября 2017 года № А-9/3497 "Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставлении кандидатам помещений для встреч с избирателями" от 23 октября 2020 года № А-10/1538 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 8091).

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      аким города Б.Ғайса

      "СОГЛАСОВАНО"

      Кокшетауской городской
территориальной избирательной комиссией

  Приложение
к постановлению
от 14 июля 2021 года
№ А-7/1369

Места для размещения агитационных печатных материалов

      Сноска. Приложение - в редакции постановления акимата города Кокшетау Акмолинской области от 29.12.2022 № А-12/2604 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).