Үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай беру туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 18 қыркүйектегі № А-9/3497 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 9 қазанда № 6108 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 14 шілдедегі № А-7/1369 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 14.07.2021 № А-7/1369 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Қаулының тақырыбына қазақ тілінде өзгеріс енгізілді, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 23.10.2020 № А-10/1538 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28-бабының 4 және 6-тармақтарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес барлық кандидаттар үшін үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармаққа қазақ тілінде өзгеріс енгізілді, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 23.10.2020 № А-10/1538 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жай берілсін.

      3. Осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес Көкшетау қаласы әкімдігі қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары А.Б.Әміреноваға жүктелсін.

      5. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Е.Маржықпаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Көкшетау қалалық аймақтық
сайлау комиссиясының
төрайымы
М.М.Қалиева

      2017 жыл 18 "09"

  Көкшетау қаласы әкімдігінің
2017 жылғы 18 қыркүйектегі
№ А-9/3497 қаулысына
1 қосымша

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 23.10.2020 № А-10/1538 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін объектінің атауы

Ақпараттық тумбалар

1.

Көкшетау қаласы

"Юбилейный" шағын ауданы, 39, "Бакалея" дүкенінің ауданы

тумба – витрина

2.

Көкшетау қаласы

Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 60, "Тігін фабрикасы" аялдамасының ауданы

тумба – витрина

3.

Көкшетау қаласы

М.Әуезов көшесі, 173, "Базар" аялдамасының ауданы

тумба – витрина

4.

Көкшетау қаласы, Красный Яр селосы

Достық көшесі, 22, "Темирлан" дүкенінің ауданы

тумба – витрина

5.

Көкшетау қаласы, Красный Яр селосы

Желтоқсан көшесі, 1, "Наурыз" дүкенінің ауданы

тумба – витрина

6.

Көкшетау қаласы, Станционный кенті

Юбилейная көшесі, 18, "Синегорье" дүкенінің ауданы

тумба – витрина

7.

Көкшетау қаласы

Васильковский шағын ауданы, 34, "Сырымбет" дүкенінің ауданы

тумба – витрина

8.

Көкшетау қаласы

Кенесары Қасымұлы көшесі, 191, "Достық" дүкенінің ауданы

тумба – витрина

9.

Көкшетау қаласы

Т.Сүлейменов көшесі, 2 А, "Жібек Жолы" базарының ауданы

тумба – витрина

10.

Көкшетау қаласы

Осипенко көшесі, 1, "РИО" сауда ойын-сауық кешенінің ауданы

тумба – витрина

11.

Көкшетау қаласы

Рақымбек Сабатаев көшесі, 1, "Ақмола облыстық ауруханасы" аялдамасының ауданы

тумба – витрина

12.

Көкшетау қаласы

Станиславский көшесі, 35, № 14 орта мектептің ауданы

тумба – витрина

13.

Көкшетау қаласы

Абай көшесі, 124, "Истоки" мәдениет сарайының ауданы

тумба – витрина

14.

Көкшетау қаласы

Буденный көшесі, 83, "Бурабай спорт кешені" аялдамасының ауданы

тумба – витрина

15.

Көкшетау қаласы

О.Қуанышев көшесі, 170, "Ауыл шаруашылығы институты" аялдамасының ауданы

тумба – витрина


  Көкшетау қаласы әкімдігінің
2017 жылғы 18 қыркүйектегі
№ А-9/3497 қаулысына
2 қосымша

Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 23.10.2020 № А-10/1538 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Елді мекеннің атауы

Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар

1.

Көкшетау қаласы

Т.Сүлейменов көшесі, 10, Көкшетау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы "Достар" мәдениет сарайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының мәжіліс залы

2.

Көкшетау қаласы

Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 2/5, Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының жанындағы "Қоғамдық келісім" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залы

3.

Көкшетау қаласы

Ақан сері көшесі, 90, Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының жанындағы "Көкшетау" мәдениет сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының көрермендер залы

4.

Көкшетау қаласы

М.Әуезов көшесі, 216, Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының жанындағы "Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театры" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының көрермендер залы


  Көкшетау қаласы әкімдігінің
2017 жылғы 18.09.
№ А-9/3497 қаулысына
3 қосымша

Көкшетау қаласының әкімдігінің күші жойылды деп танылған қаулыларының тізбесі

      1. "Үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай беру туралы" Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 25 ақпандағы № А-2/386 қаулысы. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-1-138 болып тіркелген, "Степной маяк" және "Көкшетау" газеттерінде 2011 жылғы 2 наурызда жарияланған).

      2. "Көкшетау қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 25 ақпандағы № А-2/386 "Үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай беру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 9 қазандағы № А-10/1972 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3830).

      3. "Көкшетау қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 25 ақпандағы № А-2/386 "Үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай беру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № А-2/220 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4660, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 17 наурызда жарияланған).

      4. "Көкшетау қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 25 ақпандағы № А-2/386 "Үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай беру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № А-3/397 қаулысы. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4717, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 7 сәуірде жарияланған).

      5. "Көкшетау қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 25 ақпандағы № А-2/386 "Үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай беру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № А-12/2081 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5184, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 28 қаңтарда жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады