Көкшетау қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 18 қыркүйектегі № А-9/3497 "Үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай беру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 23 қазандағы № А-10/1538 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 26 қазанда № 8091 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 14 шілдедегі № А-7/1369 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 14.07.2021 № А-7/1369 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңына сәйкес, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Көкшетау қаласы әкімдігінің "Үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай беру туралы" 2017 жылғы 18 қыркүйектегі № А-9/3497 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6108 тіркелген, 2017 жылғы 19 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      қазақ тіліндегі қаулының тақырыбында және 1 тармақта "Үгіт" сөзі "Үгiттiк" сөзімен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;

      көрсетілген қаулының 1, 2 қосымшалары осы қаулының 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

      2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі А.Смаилов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Көкшетау қалалық
аумақтық сайлау
комиссиясының төрайымы
М.М.Қалиева

      2020 жылғы "23" қазандағы

 
  Көкшетау қаласы әкімдігінің
2020 жылғы 23 қазандағы
№ А-10/1538 қаулысына
1 қосымша
  Көкшетау қаласы әкімдігінің
2017 жылғы 18 қыркүйектегі
№ А-9/3497 қаулысына
1 қосымша

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін объектінің атауы

Ақпараттық тумбалар

1.

Көкшетау қаласы

"Юбилейный" шағын ауданы, 39, "Бакалея" дүкенінің ауданы

тумба – витрина

2.

Көкшетау қаласы

Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 60, "Тігін фабрикасы" аялдамасының ауданы

тумба – витрина

3.

Көкшетау қаласы

М.Әуезов көшесі, 173, "Базар" аялдамасының ауданы

тумба – витрина

4.

Көкшетау қаласы, Красный Яр селосы

Достық көшесі, 22, "Темирлан" дүкенінің ауданы

тумба – витрина

5.

Көкшетау қаласы, Красный Яр селосы

Желтоқсан көшесі, 1, "Наурыз" дүкенінің ауданы

тумба – витрина

6.

Көкшетау қаласы, Станционный кенті

Юбилейная көшесі, 18, "Синегорье" дүкенінің ауданы

тумба – витрина

7.

Көкшетау қаласы

Васильковский шағын ауданы, 34, "Сырымбет" дүкенінің ауданы

тумба – витрина

8.

Көкшетау қаласы

Кенесары Қасымұлы көшесі, 191, "Достық" дүкенінің ауданы

тумба – витрина

9.

Көкшетау қаласы

Т.Сүлейменов көшесі, 2 А, "Жібек Жолы" базарының ауданы

тумба – витрина

10.

Көкшетау қаласы

Осипенко көшесі, 1, "РИО" сауда ойын-сауық кешенінің ауданы

тумба – витрина

11.

Көкшетау қаласы

Рақымбек Сабатаев көшесі, 1, "Ақмола облыстық ауруханасы" аялдамасының ауданы

тумба – витрина

12.

Көкшетау қаласы

Станиславский көшесі, 35, № 14 орта мектептің ауданы

тумба – витрина

13.

Көкшетау қаласы

Абай көшесі, 124, "Истоки" мәдениет сарайының ауданы

тумба – витрина

14.

Көкшетау қаласы

Буденный көшесі, 83, "Бурабай спорт кешені" аялдамасының ауданы

тумба – витрина

15.

Көкшетау қаласы

О.Қуанышев көшесі, 170, "Ауыл шаруашылығы институты" аялдамасының ауданы

тумба – витрина

 
  Көкшетау қаласы әкімдігінің
2020 жылғы 23 қазандағы
№ А-10/1538 қаулысына
2 қосымша
  Көкшетау қаласы әкімдігінің
2017 жылғы 18 қыркүйектегі
№ А-9/3497 қаулысына
2 қосымша

Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар

Елді мекеннің атауы

Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар

1.

Көкшетау қаласы

Т.Сүлейменов көшесі, 10, Көкшетау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы "Достар" мәдениет сарайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының мәжіліс залы

2.

Көкшетау қаласы

Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 2/5, Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының жанындағы "Қоғамдық келісім" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залы

3.

Көкшетау қаласы

Ақан сері көшесі, 90, Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының жанындағы "Көкшетау" мәдениет сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының көрермендер залы

4.

Көкшетау қаласы

М.Әуезов көшесі, 216, Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының жанындағы "Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театры" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының көрермендер залы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады