Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Степногорск қаласы әкімдігінің "Степногорск қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың тарифтері туралы" 2015 жылғы 21 қаңтардағы № а-1/26 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4651 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Қала маңындағы қатынаста жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифі бір километр үшін 10 (он) теңге мөлшерінде бекітілсін.".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Степногорск қаласының әкімі | А.Каиржанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Степногорск қалалық мәслихаты |