"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңы 19 бабының 2, 3 тармақтарына сәйкес, "Степногорск қаласындағы жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың тарифтерін келісу туралы" Степногорск қалалық мәслихатының 2015 жылғы 9 қаңтардағы № 5С-35/3 шешімінің негізінде Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Степногорск қаласында жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифі белгіленсін:
ересектерге - 60 (алпыс) теңге мөлшерінде;
7 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға 30 (отыз) теңге мөлшерінде.
2. Қала маңындағы қатынаста жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифі бір километр үшін 10 (он) теңге мөлшерінде бекітілсін.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 27.12.2021 № А-12/664 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкiмiнiң орынбасары Ә.Қ.Күмпекеевке жүктелсiн.
4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеу күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Степногорск қаласының әкімі | М.Тақамбаев |
КЕЛІСІЛДІ
Степногорск қалалық мәслихатының хатшысы |
Ғ.Көпеева |