Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес және Атбасар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 26 қазандағы № 01-28-366 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Атбасар ауданы Полтавка ауылдық округінің Полтавка ауылы аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Атбасар ауданы Полтавка ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 2 шілдедегі № 3 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7939 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Полтавка ауылдық округінің әкімі | Л.Кожахметова |