"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидасынын 50-1-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 тіркелген) сәйкес, Егіндікөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Егіндікөл ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысының Егіндікөл ауданы әкімінің орынбасары Қ.А. Шынтеміровке жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Егіндікөл ауданның әкімі | Е.Мухамедин |
Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 24 қарашадағы № а-11/167 қаулысына қосымша |
Егіндікөл ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
№ | Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары | Қызмет саласы | Алатын алаңы | Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі | Жақын орналасқан инфрақұрылым |
1. |
Егіндікөл ауданы, Егіндікөл ауылы, Победа көшесі 1, | Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар | 12 шаршы метрден 1 орын | 5 жыл |
Ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері |
2. | Егіндікөл ауданы, Қоржынкөл ауылы, Школьная көшесі 5, №5 үйдің жанында | Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар | 12 шаршы метрден 1 орын | 5 жыл |
Ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері |
3. |
Егіндікөл ауданы, Спиридоновка ауылы, Мира көшесі 16, | Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар | 12 шаршы метрден 1 орын | 5 жыл |
Ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері |
4. | Егіндікөл ауданы, Бауман ауылы, Бауман көшесі 11 А, мәдениет үйінің жанында | Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар | 12 шаршы метрден 1 орын | 5 жыл |
Ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері |