"Егіндікөл ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 24 қарашадағы № а-11/167 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 31 қазандағы № а-10/181 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 1 қарашада № 8849-03 болып тіркелді

      Егіндікөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Егіндікөл ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 24 қарашадағы № а-11/167 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25446 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      ""Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Егіндікөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Егіндікөл ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Егіндікөл ауданының әкімі Ю.Курушин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады