Егіндікөл ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Жаңа

Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 24 қарашадағы № а-11/167 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 29 қарашада № 25446 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидасынын 50-1-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 тіркелген) сәйкес, Егіндікөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Егіндікөл ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысының Егіндікөл ауданы әкімінің орынбасары Қ.А. Шынтеміровке жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Егіндікөл ауданның әкімі Е.Мухамедин

  Егіндікөл ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 24 қарашадағы
№ а-11/167 қаулысына
қосымша

Егіндікөл ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Қызмет саласы

Алатын алаңы

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі

Жақын орналасқан инфрақұрылым

1.

Егіндікөл ауданы, Егіндікөл ауылы, Победа көшесі 1,
"Казахтелеком" акционерлік қоғамының ғимаратына қарсы бағытта

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

12 шаршы метрден 1 орын

5 жыл

Ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері
жоқ

2.

Егіндікөл ауданы, Қоржынкөл ауылы, Школьная көшесі 5, №5 үйдің жанында

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

12 шаршы метрден 1 орын

5 жыл

Ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері
жоқ

3.

Егіндікөл ауданы, Спиридоновка ауылы, Мира көшесі 16,
№ 16 үйдің жанында

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

12 шаршы метрден 1 орын

5 жыл

Ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері
жоқ

4.

Егіндікөл ауданы, Бауман ауылы, Бауман көшесі 11 А, мәдениет үйінің жанында

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

12 шаршы метрден 1 орын

5 жыл

Ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері
жоқ


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады