Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы Ақкөл ауылдық округі әкімінің 15.04.2022 № 3 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Зеренді ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 1 қазандағы № 407 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Ақмола облысы Зеренді ауданы Ақкөл ауылдық округі Ақкөл ауылының аумағында ірі қара малдың туберкулез ауруы пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақкөл ауылдық округінің әкімі | М.Шаменов |