"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, Зеренді ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 6 сәуірдегі № 143 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Ақмола облысы Зеренді ауданы Ақкөл ауылдық округінің Ақкөл ауылының аумағында орнатылған шектеу іс-шаралары ірі мүйізді қара малдың туберкулезін жою жөніндегі кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты тоқтатылсын.
2. Ақмола облысы Зеренді ауданы Ақкөл ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 19 қазандағы № 7 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24917 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақкөл ауылдық округінің әкімі |
М.Шаменов |