Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Зеренді ауданы Ақкөл ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 19 қазандағы № 7 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 27 қазанда № 24917 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы Ақкөл ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы Ақкөл ауылдық округі әкімінің 15.04.2022 № 3 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Зеренді ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 1 қазандағы № 407 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Ақмола облысы Зеренді ауданы Ақкөл ауылдық округі Ақкөл ауылының аумағында ірі қара малдың туберкулез ауруы пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақкөл ауылдық округінің әкімі М.Шаменов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады