ЗҚАИ-дың ескертпесі!
Осы қаулы 01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 - бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9, 27 баптарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы", нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14010 тіркелген бұйрығына сәйкес, Ырғыз ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2021 жылға Ырғыз ауданы бойынша ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота:
елуден жүз адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;
жүз бірден екі жүз елу адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;
екі жүз елу бірден артық адам – жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде ұйымдар бөлінісінде қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Ырғыз ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) Ырғыз ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 4 мамырдағы № 57 "Ырғыз ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5498 тіркелген, 2017 жылғы 24 мамырда аудандық "Ырғыз" газетінде жарияланған) қаулысы;
2) Ырғыз ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 65 "Ырғыз ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 04 мамырдағы № 57 "Ырғыз ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6115 тіркелген, 2019 жылғы 07 мамырда аудандық "Халық ақпарат" газетінде жарияланған) қаулысы.
3. "Ырғыз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ырғыз ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Ырғыз ауданының әкімі | А. Ауелбаев |
Ырғыз ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 85 қаулысына қосымша |
2021 жылға Ырғыз ауданы бойынша ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарының квотасы
№ | Ұйымдардың атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квота мөлшері (жұмыс-керлердің тізімдік санынан %) | Жұмыс орындары-ның саны (бірлік) |
1 | "Наурыз-СИМ" жауапкершілігі шектеулі серіктестік | 70 | 2 | 1 |
2 | "Ақтөбе облысының білім басқармасы Ырғыз ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 135 | 3 | 4 |
3 | "Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Ырғыз балалар - жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 56 | 2 | 1 |
4 | "Ырғыз ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі | 50 | 2 | 1 |
5 | Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты" республикалық мемлекеттік мекемесі | 99 | 2 | 2 |
6 | "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ырғыз аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны | 288 | 4 | 12 |