2021 жылға Ырғыз ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 85 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 6 сәуірде № 8231 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      ЗҚАИ-дың ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 - бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9, 27 баптарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы", нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14010 тіркелген бұйрығына сәйкес, Ырғыз ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2021 жылға Ырғыз ауданы бойынша ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота:

      елуден жүз адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;

      жүз бірден екі жүз елу адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;

      екі жүз елу бірден артық адам – жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде ұйымдар бөлінісінде қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Ырғыз ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) Ырғыз ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 4 мамырдағы № 57 "Ырғыз ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5498 тіркелген, 2017 жылғы 24 мамырда аудандық "Ырғыз" газетінде жарияланған) қаулысы;

      2) Ырғыз ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 65 "Ырғыз ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 04 мамырдағы № 57 "Ырғыз ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6115 тіркелген, 2019 жылғы 07 мамырда аудандық "Халық ақпарат" газетінде жарияланған) қаулысы.

      3. "Ырғыз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ырғыз ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ырғыз ауданының әкімі А. Ауелбаев

  Ырғыз ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 85 қаулысына қосымша

2021 жылға Ырғыз ауданы бойынша ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарының квотасы

Ұйымдардың атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квота мөлшері (жұмыс-керлердің тізімдік санынан %)

Жұмыс орындары-ның саны (бірлік)

1

"Наурыз-СИМ" жауапкершілігі шектеулі серіктестік

70

2

1

2

"Ақтөбе облысының білім басқармасы Ырғыз ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

135

3

4

3

"Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Ырғыз балалар - жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

56

2

1

4

"Ырғыз ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

50

2

1

5

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты" республикалық мемлекеттік мекемесі

99

2

2

6

"Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ырғыз аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

288

4

12


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады