Ырғыз ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 04 мамырдағы № 57 "Ырғыз ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 65 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 23 сәуірде № 6115 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 85 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімдігінің 05.04.2021 № 85 қаулысымен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26 бабына сәйкес, Ырғыз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ырғыз ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 04 мамырдағы № 57 "Ырғыз ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5498 тіркелген, 2017 жылғы 24 мамырда аудандық "Ырғыз" газетінде жарияланған) қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:

      орыс тіліндегі қаулының 1 тармағындағы "в размере трех процентов списочной численности рабочих мест" сөзі "в размере трех процентов списочной численности работников" сөзімен ауыстырылсын.

      2. "Ырғыз ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулыны Ырғыз ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары А. Шахинге жүктелсiн.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М. Елеусізов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады