Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Темір аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың келесі шешімдерінің:
1) Темір аудандық мәслихатының "Темір ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы" 2018 жылғы 15 наурыздағы № 202 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-10-182 болып тіркелген);
2) Темір аудандық мәслихатының "Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 15 наурыздағы № 202 "Темір ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 399 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6520 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Темір аудандық мәслихатының хатшысы |
Б. Шаимов |