Темір аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 130 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 22 желтоқсанда № 25915 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Темір аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Мәслихаттың келесі шешімдерінің:

      1) Темір аудандық мәслихатының "Темір ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы" 2018 жылғы 15 наурыздағы № 202 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-10-182 болып тіркелген);

      2) Темір аудандық мәслихатының "Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 15 наурыздағы № 202 "Темір ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 399 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6520 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Темір аудандық
мәслихатының хатшысы
Б. Шаимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады