Темір ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2018 жылғы 15 наурыздағы № 202 шешімі. Ақтөбе облысы Темір аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 6 сәуірде № 3-10-182 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 130 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 13.12.2021 № 130 шешімімен (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің атауы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 03.12.2019 № 399 шешімімен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 509 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес Темір аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 03.12.2019 № 399 шешімімен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      1. Темір ауданында Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.

      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 03.12.2019 № 399 шешімімен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. Темір аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 14 "Темір ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4901 тіркелген, 2016 жылғы 27 мамырда "Темір" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Темір аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Темір аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы шешімді Темір аудандық мәслихатының интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Темір аудандық
мәслихатының сессия төрағасы
Темір аудандық
мәслихатының хатшысы
Б. АБДЫҒАЛИБ. ІЗБАСОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады