Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 15 наурыздағы № 202 "Темір ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 399 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 5 желтоқсанда № 6520 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 130 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 13.12.2021 № 130 шешімімен (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Темір аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Темір аудандық мәслихатының 2018 жылғы 15 наурыздағы № 202 "Темір ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-10-182 тіркелген, 2018 жылғы 16 сәуірде "Темір" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

      "Темір ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы";

      кіріспеде ", 704 бабының 3 тармағына" деген сөздер алып тасталсын;

      1 тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Темір ауданында Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.".

      2. "Темір аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.

      Темір аудандық мәслихатының сессия төрағасы Т. Оспанов
      Темір аудандық мәслихат хатшысының уақытша өкілеттігін атқарушы А. Нұржанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады