Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Шалқар аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шалқар аудандық мәслихатының хатшысы |
С. Бигеев |
Шалқар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 20 қазандағы № 111 шешіміне қосымша |
Күші жойылды деп танылатын Шалқар аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің тізбесі
1) Шалқар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 30 қазандағы № 135 "Шалқар қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5688 болып тіркелген) шешімі;
2) Шалқар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 157 "Шалқар ауданы бойынша сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5760 болып тіркелген) шешімі;
3) Шалқар аудандық мәслихатының 2019 жылғы 6 мамырдағы № 335 "Шалқар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 30 қазандағы № 135 "Шалқар қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6137 болып тіркелген) шешімі;
4) Шалқар аудандық мәслихатының 2019 жылғы 17 қазандағы № 377 "Шалқар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 157 "Шалқар ауданы бойынша сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6429 болып тіркелген) шешімі;
5) Шалқар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 15 маусымдағы № 487 "Шалқар қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7184 болып тіркелген) шешімі.