Шалқар қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 15 маусымдағы № 487 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 18 маусымда № 7184 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 20 қазандағы № 111 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 20.10.2021 № 111 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнiң 2016 жылғы 1 қыркүйектегi № 404 "Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтi есептеу әдiстемесiн бекiту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14285 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шалқар қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтер осы шешiмнің қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.

      2. "Шалқар аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Шалқар аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешiм оны алғашқы ресми жариялаған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Шалқар аудандық
мәслихатының сессия төрағасы,
Шалқар аудандық
мәслихатының хатшысы
С. Бигеев

  Шалқар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 15 маусымындағы № 487 шешіміне қосымша

Шалқар қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтері

Атауы

1 м3 тариф (ҚҚС қоса) (теңге)

Жинау және әкету

Кәдеге жарату

Көму

Қайта өңдеу

Барлығы

Жеке тұлғаларға (1м3)

445,09‬

0

252,77

61,19‬

759,05

Заңды тұлғаларға (1м3)

445,09‬

0

329,53

61,19‬

835,81

Бір адамнан айына төленетін абонеттік төлем

Жайлы үйлер

105,00

Жайлы емес үйлер

123,98

      Ескерту:

      ҚҚС – қосылған құн салығы;

      м3 - текше метр.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады