Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 20.10.2021 № 111 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 3) тармақшасына сәйкес, Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шалқар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 157 "Шалқар ауданы бойынша сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5760 тіркелген, 2017 жылғы 29 желтоқсанда аудандық "Шалқар" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Шалқар ауданы бойынша сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидаларында:
6 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 "Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi" қаулысымен бекітілген жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларына сәйкес атқарылады.".
2. "Шалқар аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Шалқар аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шалқар аудандық мәслихатының сессия төрағасы |
Ж. Шамбалаев |
Шалқар аудандық мәслихатының хатшысы |
С. Бигеев |