"Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңының 9-1 бабының 2) және 3) тармақшаларына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясының 2021 жылғы 21 қаңтардағы № 02-01-04/41 ұсынысы негізінде, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы алқаптарында карантиндік режим енгізе отырып, карантиндік аймақ белгілеу туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 963 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 75 болып тіркелген, нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылы 19 желтоқсанда электрондық түрде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А.Сәттібаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласының әкімі | М. Айтенов |
Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы "19" наурыздағы № 185 қаулысына қосымша |
Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы алқаптарында карантиндік режим енгізілетін аймақ
№ | Карантиндік объект атауы | Аудан атауы | 2020 жылғы көлемі (гектар) | 2021 жылғы көлемі (гектар) | Жалпы көлемі (гектар) |
1 | Арам сояу | Абай | 3,4 | 0 | 3,4 |
2 | Әл-Фараби | 1,0 | 0,003 | 1,03 | |
3 | Еңбекші | 0,03 | 4,6 | 4,63 | |
4 | Қаратау | 0,57 | 0,55 | 1,12 | |
Барлығы | 5,0 | 5,153 | 10,18 | ||
1 | Жатаған у кекіре | Абай | 2,0 | 1,0 | 3,0 |
2 | Әл-Фараби | 0,2 | 0 | 0,2 | |
3 | Еңбекші | 0,02 | 0,5 | 0,52 | |
4 | Қаратау | 30,4 | 3,1 | 33,5 | |
Барлығы | 32,62 | 4,6 | 37,22 | ||
1 | Шығыстың жеміс жемірі | Абай | 0 | 0 | 0 |
2 | Әл-Фараби | 0,03 | 0 | 0,3 | |
3 | Еңбекші | 0 | 0 | 0 | |
4 | Қаратау | 0 | 0 | 0 | |
Барлығы | 0,03 | 0 | 0,03 | ||
1 | Қызанақ күйесі | Абай | 0 | 0 | 0 |
2 | Әл-Фараби | 0 | 0 | 0,3 | |
3 | Еңбекші | 0 | 0 | 0 | |
4 | Қаратау | 0 | 1,0 | 1,0 | |
Барлығы | 0 | 1,0 | 1,3 | ||
1 | Жұпсыз жібек көбелегі | Абай | 0 | 1,0 | 1,0 |
2 | Әл-Фараби | 0 | 0 | 0,3 | |
3 | Еңбекші | 0 | 0 | 0 | |
4 | Қаратау | 0 | 0 | 0 | |
Барлығы | 0 | 1,0 | 1,3 | ||
Жалпы | 37,65 | 11,753 | 50,03 |