"Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы алқаптарында карантиндік режим енгізе отырып, карантиндік аймақ белгілеу туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 963 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Мерзімі біткен

Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 185 қаулысы. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2021 жылғы 19 наурызда № 159 болып тіркелді. Мерзiмi өткендiктен қолданыс тоқтатылды

      "Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңының 9-1 бабының 2) және 3) тармақшаларына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясының 2021 жылғы 21 қаңтардағы № 02-01-04/41 ұсынысы негізінде, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы алқаптарында карантиндік режим енгізе отырып, карантиндік аймақ белгілеу туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 963 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 75 болып тіркелген, нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылы 19 желтоқсанда электрондық түрде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А.Сәттібаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласының әкімі М. Айтенов

  Шымкент қаласы әкімдігінің
2021 жылғы "19" наурыздағы
№ 185 қаулысына қосымша

Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы алқаптарында карантиндік режим енгізілетін аймақ

Карантиндік объект атауы

Аудан атауы

2020 жылғы көлемі (гектар)

2021 жылғы көлемі (гектар)

Жалпы көлемі (гектар)

1

Арам сояу

Абай

3,4

0

3,4

2

Әл-Фараби

1,0

0,003

1,03

3

Еңбекші

0,03

4,6

4,63

4

Қаратау

0,57

0,55

1,12

Барлығы


5,0

5,153

10,18

1

Жатаған у кекіре

Абай

2,0

1,0

3,0

2

Әл-Фараби

0,2

0

0,2

3

Еңбекші

0,02

0,5

0,52

4

Қаратау

30,4

3,1

33,5

Барлығы


32,62

4,6

37,22

1

Шығыстың жеміс жемірі

Абай

0

0

0

2

Әл-Фараби

0,03

0

0,3

3

Еңбекші

0

0

0

4

Қаратау

0

0

0

Барлығы


0,03

0

0,03

1

Қызанақ күйесі

Абай

0

0

0

2

Әл-Фараби

0

0

0,3

3

Еңбекші

0

0

0

4

Қаратау

0

1,0

1,0

Барлығы


0

1,0

1,3

1

Жұпсыз жібек көбелегі

Абай

0

1,0

1,0

2

Әл-Фараби

0

0

0,3

3

Еңбекші

0

0

0

4

Қаратау

0

0

0

Барлығы


0

1,0

1,3

Жалпы


37,65

11,753

50,03

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады